Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сынып: 5 а Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды азайту Сабақтың мақсаты: Аралас сандарды азайту туралы білімдерін тереңдету, білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінігін математикалық тілде жүйелеп жеткізе білуге баулу. Күтілетін нәтижелер: 1. Аралас саннан аралас санды, натурал санды, бөлшекті жәненатурал саннан аралас санды азайта алады. 2. Түсінгенін математикалық тілде жүйелеп жеткізе біледі. Сабақтың міндеттері: • Ойлау қабілетін дамыту • Ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу • Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырып дамыту • Топтық жұмысқа бейімдеу Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй жұмысын тексеру 3. Білімдерін тексеру 4. Мақсатын қою 5. Бекіту кезеңі А) поспермен жұмыс Ә) оқулықпен жұмыс Б) дәптермен жұмыс В) сергіту сәті 6. Қорытынды кезең А) сабақты қорытындылау Ә) оқушыларды бағалау Б) үйге тапсырма беру 1. Ұйымдастыру кезеңі: (3мин) А) Сәлеметсіздерме оқушылар! Көңіл-күйлерініз қалай Сабаққа дайынсыздар ма? Онда сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілек тілеп жіберейік! Мысалға: Дарын өмірде дарынды, талапты бол! 2. Мақсат қою: -Жарайды, олай болса бүгінгі сабағымызға мақсат қояйық. Сіздерге сұрақ- Қандай тақырыпты өтіп жатырмыз? Олай болса бүгін осы тақырып бойынша білімдерімізді тереңдете түсеміз, осы тақырыпқа байланысты есептер шығарамыз, ойымызды дамытамыз. Тағы да қандай мақсаттар қоя аламыз? 3. Үй жұмысын тексеру: Топбасшылары тексереді (есеп береді) (2 мин) 4. Білімдерін тексеру (карточка тарату арқылы)(әр оқушыға жеке-жеке карточка таратылады, берілген өрнектер бойынша ережелер айту) (10мин) 5. Бекіту кезеңі: (20мин) А) Постермен жұмыс (әр топқа 3 есептен беріледі есеп шығарып болғаннан нан кейін постер алмасып тапсырмаларды өзара тексереді) Ә) Оқулықпен (тақтаға 4 баламен) жұмыс № 694 есеп Б) Сипатама есеп шығару №698 есеп (дауыстап есеп шығару) Сергіту сәті (оқушылар билейді) 6. Қорытындылау кезеңі (7 мин) А) сабақты қорытындылау (конвертпен жұмыс) Үй тапсырмасын беру: №707 есепті шығару Бағалау: Оқушыларды қолдарындағы смайликтеріне қарай бағалаймыз. | |
Просмотров: 958 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|