Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың мақсаты: Сан және цифр туралы түсінік беру. 1.Білімділік: 7саны және цифрымен таныстыру. 7санының құрамы, сандар қатарындағы орыны жөнінде түсінік беру. 7 саны көлемінде қосу, азайту амалдарын орындауға үйрету. Киелі сан екенін меңгерту. 2.Түзету – дамытушылық: Алған білімдерін саралау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, логикалық ой - өрісін дамыту. 3. Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, суреттер т. б Сабақтың тегі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: А)Амандасу. Ә)Психологиялық дайындық: Еркебұлан, күн сәулесі шуағының бізге түскенін сезін. Күн нұрының шапағатымен көзімізді ашайық. Атқан таңға өз қуанышымызды білдіріп, бүгінгі сабағымызды сәтті өткізейік. Б)Саусақ жаттығуларын орындау. В)Ауызша санау. ІІ.Негізгі бөлім: 1. Үй жұмысын тексеру: 1. Азайғыш 6, азайтқыш 3. Айырманы тап.(3) 2. Бірінші қосылғыш 1, екінші қосылғыш 5. Қосындының мәні?(6) 3. Мен бір сан ойладым, оған 2 –ні қостым, сонда 5 саны шықты. Ойлаған саным қандай?(3) 4. Төрт қосу бір нешеге тең?(5). 5. Атасы немересіне 6 кәмпит берді, немересі бір кәмпитті жеп қойды. Немересінде неше кәмпит қалды?(6) 2. Жаңа сабақты түсіндіру: -Суретте не көріп тұрмыз? –Ақшақар. -Ақшақар сөзінде қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыстар бар? -3 дауысты. 4 дауыссыз дыбыс бар. - 4 + 3, оларды қосқанда қандай сан шығады? -7. - Олай болса, 7 саны туралы не білеміз? - Аптада неше күн бар? - Адамдар неше атасын білу керек? - Мына суреттегі не? -Сонымен, Еркебұлан, бүгінгі өтетін санымыз 7 саны мен цифры. 3. 7 цифрымен таныстыру. 7 - цифры неге ұқсайды? -Шалғыға. А)7 цифрын ауада жазу. Ә) Сұқ саусақты сулап алып, тақтаға жазу. Б)Сулы үшберектен қалған ізді бастыру арқылы жазу. 4.Дәптермен жұмыс: А) Таза минуты. Ә)7 цифрын жол бойына әдемілеп жазу. ІІІ.Бекіту: 5. Оқулықпен жұмыс: 1. Есепшоттың тастарын санау. 2. Суретте тізілген үшбұрыштың нешеуі боялған және қандай түсте? 3. Берілген есептерді шығару. 6.Ойын «Кім жылдам?» 1. 1 табақта 3 алма, ал қолымда 1 алма. Барлығын қосқанда болады екен неше алма? 2. Тарелкада 4 қияр бар, оған қосамыз 2 қияр. Барлығы неше қияр болады? ІҮ. Қорытынды бөлім: -Бүгін сабақта не істедік? -Қандай санмен және цифрмен таныстық? - 7 саның құрамы қандай? Ү.Сабақты аяқтау: Баланы мадақтау. Бағалау. | |
Просмотров: 1190 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|