Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Уйсенова Лаура Байгалиевна, Семей қаласы, «№ 33 Қайрат Рысқұлбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» , математика пәнінің мұғалімі «Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық ой-өрістерін дамыту» Мемлекеттік білім беру саясатының бағытында қазіргі таңдағы мектеп баланың әсерлі дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қажеттілігі мен қабілеттерін ескере отырып оның бір қалыпта қалыптасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Осыған мектепті білім берудің заман талабына сай етуі бағытталған. Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады. Математикалық есептерді шешу – теоремаларды дәлелдеу, оқушылардың ойын оятып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады, батыл қимылдар жасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді. Ендеше оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру – қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі. Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық ой-өрістерін дамыту мақсатында әр саты бойынша даярланған оқу бағдарламаларында математикадан берілетін білім мазмұны мына ұстанымдар негізінде құрастырылған: 1) Тақырыптық ұстаным – бұл жерде матемаиканы практикалық бағытта оқыту көзделеді. Барлық тақырыптық формулалар, модельдер арқылы диалогтық, көзбен көру түрінде меңгеріледі. 2) Жүйелік ұстаным – дидактикалық ұстаным бойынша тіңлдік материалдар жүйелілілк ұстанымға негізделе құрылып, жеңілден ауырға қарай бағдарланады 3) Оқушының математика-ғылымдар патшасы екенін негізге алуы. Бұл ұстанымда ғылымның сан қилы қызықты құпияларын ашуға бағыттау. 4) Функционалдық ұстаным – бұл ұстаным бойынша математиканы функционалдық дәрежеде меңгеруде қандай формаларды меңгеруге болады деген мәселе ескеріледі. Оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалану, мұғалімнің ізденісін, шығармашылықпен жұмыс істеу нәтижесін көрсетеді. | |
Просмотров: 965 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|