Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 4 орта мектебі»мм Математика пәнінің мұғалімі Бисенбаева Гулсана Сансызбаевна Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табуға есептер шығару Күні: 07. 12. 2015 жыл. Сыныбы: 9 Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білулері, тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау; формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту. Міндеті: 1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білулері, теориялық білімдерін қорытындылау; 2. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету; 3. Оқушылардың болашақта білімді болуға жақсы маман иесі болуға шақыру, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, намысын қорғауға баулу; сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу. Оқу нәтижесі: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласымен танысып, есеп шығаруда қолдана білуді үйренеді. Мұғалім сабақ барысында берген білімді, оқушы өзі жетістікке жететіндей бағыт алады. Сабақ типі: білік, дағды, іскерлікті қалыптастыру Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, ойын, жеке жұмыс, есептеу Көрнекілігі: слайдтар, кеспеқағаз, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тест Сілтеме: А. Әбілқасымова, В.Корчевский «Алгебра» 9 - сынып. Алматы, «Мектеп» 2013ж. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. психологиялық ахуал туғызу «Жақсы тілек» тренинг. Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Елбасы Н.Назарбаевтың 30-қараша күнгі кезекті Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуал: өсу, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауында: Қазақстанның жас азаматтары! Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», - делінген, яғни сіздердің болашақта жақсы маман иесі болып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңызға тілектеспін! Үш қол шапалақ. II. Үй тапсырмасын сұрау. (слайд арқылы есептің шығарылу жолы көрсетіледі) Өзін өзі тексереді. III. Актуалдау: Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап Тұрақты тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? Егер а1, .а2 мүшелері белгілі болса онда d қалай табылады? Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды? Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды атайды? Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын айтыңыз? Ауызша есептеу: І. Тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады, неге? 3; 6; 9; 12; … -1; -1; -1; … 0; 13; 1; 14; … = 3п – 2; = 25 + ; -3; -1; 1; 3; … ІІ. (хn) тізбегіндегі: 9; 7; 5; 3; 1; - 1; -3; … бірінші,төртінші,алтыншы және жетінші мүшелерді атаңдар. ІІІ. (аn) тізбегі төмендегі формуламен берілген аn = 2n - 3. a1 , а2 , a5 , а15 , а50 мүшелерін табыңдар. ІV. а1 = 1, d = 3 екені Осы прогрессияның алғашқы 6 мүшесін табыңдар. 1; 4; 7; 11; 15; 19 ; … ІV. Бейнебаян көрсету: «Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің қосындысы» V. Оқулықпен жұмыс: № 187, №190, №191 VІ. Деңгейлік тапсырма: 1 - деңгей 1. а1=5, а3=15, а2=? d=? Ж: а2=10, d=5 2. а1=160, а3=220, а2=? d=? Ж: а2=190, d=30 3. а1=360, а3=120, а2=? d=? Ж: а2=240, d=120 4. а1=14, d=2, а2 , а3 , а4 =? Ж: а2=16,а3=18,а4=20 2 - деңгей Жаңаөзеннен Шымкентке мұнайы бар поезд бағытталды. 1-ші цистернада 4 тонна мұнай,2-ші цистернада 9 тонна,3-ші де 14 тонна....п-ші цистернада 304 тонна мұнай бар. Цистернаның реттік нөмірін анықтаңыз. 3 - деңгей Еркіннің ата-анасы туған күніне баласына ұялы телефонды жаңартып сатып беруге ұйғарды. Ол үшін олар бірінші айда 650 теңге, ал келесі айларда алдынғы айдан 50 теңгеге артық ақша жинап отырды.Еркіннің ата-анасы 10 айдан кейін қанша ақша жинайды? VІІ. Дамыту: 3,13,23,33...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛАДЫ -15, -5, 5, 15, ...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛАДЫ 3, 33, 333, 3333...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛМАЙДЫ 4/2, 4/5, 4/7, 4/9...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛМАЙДЫ VІІІ. Бекіту: Тест тапсырмалары: ІХ. Қорытындылау Қымбатты Қазақстандықтар! Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға, Қазақстан! Х. Үйге тапсырма: № 193, №194 ХІ. Бағалау: Өзін өзі бағалайды. | |
Просмотров: 1416 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|