Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақ: №4 Мектеп: Семей қаласы, №23 ЖББОМ КММ Күні: 02.10.2015 Мұғалімнің есімі: Шакенова Г. О. Сынып: 8 Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны: 0 Сабақ тақырыбы Төртұрыштар тарауын қорытындылау Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Төртбұрыштардың қасиеттерін айыра білу арқылы негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Тарауды қорытындылауда негізгі идеяларды саралап, есеп шығаруда басымдылықты анықтай отырып мәлімдеу. Аталған фигуралар туралы білімдерін тәжірибеде қолдана алу, өзіндік пікір,мысал, қорытынды жасау Табыс критерийлері Барлық оқушылар: Фигуралардың негізгі басты қасиеттерін таба біледі, тарау бойынша берілген сұраққа жауап бере алады, негізгі теорема мен анықтаманы жеке оқушылар өздігінен тұжырымдайды. Оқушылардың басым бөлігі: Тараудың негізгі идеясын нақты тұжырымдайды. Тапсырмалардағы есептерді талқылай отырып, өз ойын кеңейтіп мәлімдейді. Кейбір оқушылар: Функционалдық сауаттылық арқылы тапсырма бойынша мысалдар келтіре отырып, өзіндік пікір қалыптастырады, қорытынды жасайды. Тілдік мақсат Оқушылар: Талқылау мен қорытынды жасауда математикалық тілде сойлей алады. Сұрақтарға нақты дәлелдемелер арқылы, толық жауап бере алады. Негізгі сөздер мен тіркестер: Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат, диагональ, бұрыш, перпендикуляр Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Төртбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба? Төртбұрыш параллелограммның, квадрат ромбының дербес түрі Жазылым бойынша ұсыныстар: АВСD ромб, ▲ Алдыңғы оқу Параллелограмм қасиеттері, теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері Жоспар Сабақ кезеңдері Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті 1-кезең: Қызығушылықты ояту(15 минут): - ұйымдастыру - үй тапсырмасын тексеру; -қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; - белсенді әрекетке жұмылдырылады; - ойлау жұмысына ынталандырылады Сергіту сәті: «Бұл менің қолымнан келеді» сенімділікті арттырады,ынтымақтастық ахуалын қалыптастырады. Топқа бөлу: Сыныпты үй жасау әдісі арқылы топқа бөлу. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығару, табыс критерийлерін жасайды. Әр кезең бойынша бағалау критерийлерімен таныстырады. Ұжымдық, ытымақтастық ахуал орнатады, сенімділік ұялайды. Оқушылар төртбұрыштар тарауына дайындап келген презентацияларын қорғайды. Төрт адамнан тұратын үй жасау арқылы топтарға бөлінеді. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді. Фигуралар, бағалау парағы Оқулық, дәптер 2-кезең: Мағынаны ажырату(15 мин): - оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; - жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады «Конверт-сұрақ» әдісі бойынша өткен тақырыптарға шолу жасайды, теориялық білімді бекітеді. -Параллелограмм туралы не білесің, -Ромб туралы не білесің? -Тіктөртбұрыш туралы не білесің? -Квадрат туралы не білесің? Атаған фигуралардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алуы үшін «Семантикалық карта» (графикалық органайзер) қолданады. Сергіту сәті Топтағы әр оқушы конверттегі сұрақтарға жауап береді, атын жазады. Конверт келесі оқушыға беріліп, осылайша бұл сұрақтарға барлық оқушылар жауап бергенше жүреді. Топтар бір-бірінің жауаптарын толықтырады, қол шапалақтау арқылы бағалайды. Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы параллелограмм мен тіктөртбұрыштың, параллелограмм мен ромбының, ромб мен квадраттың және тіктөртбұрыш пен квадраттың жеке және ортақ қасиеттерін анықтайды. Топтар «бас бармақ» бойынша бір-біріне баға береді. Австралия жаңбыры Интербелсенді тақта Түрлі-түсті қағаздар, Маркерлер , шырпылар 3-кезең: Ой-толғаныс(10 минут): - анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді; - синтез, бір-бірімен ой бөліседі - сабақ қорытындысы Топтарға ортақ тапсырма (есеп) береді. «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша өзіндік пікір айтуға және қорытынды жасауға бағыт-бағдар береді. Топтар күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттан фигуралар туралы білімдерін қолдану арқылы шығуға тырысады, тапсырманы бірігіп орындайды. Тапсырмаға байланысты өзіндік пікір, мысал, дәлел, қорытынды жасайды. Түрлі-түсті қағаздар, Маркерлер, смайликтер Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы) «Өзіңді тексер!» оқулық бойынша тарау соңындағы тест тапсырмасы Қосымша ақпарат Саралау Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде дайындау. Топтағы оқушыларға көмек көрсетуде мұғалімнің топ басшысына немесе қабілетті оқушыға кеңес немесе қосымша құрал,ресурстар беруі . Бағалау Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай бағалайсыз? Қол шапалақ Бас бармақ Жұлдызша Екі жұлдыз, бір тілек Бағалау парағы арқылы (топ басшысы) 1.Тың идея қосты 2.Көмек көрсетті 3.Тапсырманы дұрыс орындауы «Жарық жұлдыз» (кері байланыс) Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс. Информатика. Қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Техникалық құралдарды пайдалана алады.Тапсырманың қоршаған ортамен, өмірмен байланыс болуы. Оқушылар ынтыматастық, достық қарым-қарым қатынаста болады. Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі Барлық тапсырмаларда орындау барысында теориялық білімнің меңгерілгендігі көрінді. Оқушылар тараудың негізгі идеясын айқын тұжырымдай отырып, жекелеме орындалған тапсырманы топ мүшелеріне түсіндіру арқылы бір- біріне көмек көрсете білді, тапсырмалардағы есептерді талқылай отырып өз ойын кеңейтіп, мәлімдей алды Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі Фигуралардың негізгі басты қасиеттерін таба білді, тарау бойынша берілген сұраққа қысқаша жауап бере алды, негізгі теорема мен анықтаманы жеке оқушылар өздігінен тұжырымдай алды. Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен? Өтілген тақырыпты өмірде кездесетін жағдайлармен салыстыра отырып, өз ойларын білдіріп топ мүшелерінің сыни баға беру және ойларын дәлелді қорытындыау сабақтың басты мақсаты ретінде алынды. Қабілетті оқушының өз деңгейіне сәйкес тапсырманы орындауы, топтың басқа мүшелеріне көмек көрсетуі өте тиімді болды. Тапсырманың өмірмен байланысты болуы әр оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түсті. Уақыт тиімді пайдаланылды. Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.»Конверттегі сұрақ» арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау нәтижелі болды. 2. «Төрт сөйлем» бойынша өзіндік пікір, мысал келтіру, қорытынды жасай алуға зор ықпал етті Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. «Көркем бейнелеу» арқылы төртбұрыштар туралы оқушылардың дайындап әкелген таныстырылымдары өте қызықты әрі сапалы болды. 2. Сергіту сәтінде «Австралия жаңбыры» арқылы түрлі қимылдарды біркелкі орындау бой сергітуге жақсы әсер берді. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім? Источник: http://Төртұрыштар тарауын қорытындылау | |
Просмотров: 1158 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|