Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Тақырыбы: «Математика әлемінде» Өткізілген күні: 7.12.2015ж Сыныбы: 6 «Б» Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Логикалық ой өрісін дамыту. Көрнекілік: 1. Алма ағашы және себеттердің суреттері 2. Есептер жазылған алмалардың суреттері 3. Тауға шығу тапсырмасы 4. Интербелсенді тақта 5. Доп, ленталар 6. Кері байланыс таратпа беттері Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз Кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы Математика жайында Кешімізді бастаймыз, Жас достарым! Мұны жақсы ұғайық Математика - құрметтеуге лайық. Дүниедегі құбылыстың мәніне Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де Мүмкін емес есептерсіз түсіну Есебіңіз дүние кілті әлі де. Ал, енді екі топ арасындағы сайысымызды бастаймыз. І сайыс: Әр топтың сәлемдесуі «Дөңгелек» тобы: Мені көр де – жерді көр, қозғалыстың көкесі Айналыстан туады. Мені көр де – күнді көр, тіршіліктің көкесі Таң атқанда туады. Ай да басын білдіріп, дөңгеленіп туады Планеталар бір-бірін Шыр айнала қуады. «Нүкте» тобы: Мен нүктемін, нүктемін. Білдіремін әр уақытта Сөз бен істің біткенін. Жерден күнді қарасаң Нүкте болып көрінер. Күннен жерді қарасаң Нүкте болып көрінер Қатар, қатар тізілген Түзу болып шығамын. ІІ сайыс: Үй тапсырмасы а) Математика жайында газет шығару. б) в) г) т і к т ө р т б ұ р ы ш 3 сайыс: Алма ағашы Дидактикалық мақсаты: Көп таңбалы сандарды, таңбалары әр түрлі сандарды, ондық бөлшектерді қосу және азайту. Балалар ойнай отырып, ауызша немесе жазбаша есептеп жаттығады. Керекті құралдар: Алма ағашының суреті, магнит тақтасы, бірнеше алма, алма салатын себеттер, бор, сүрткіш, тақта. 295 + 457 – 705 = 47 357 + 280 – 732 = - 95 14,5 – 85 – 55,5 = - 126 -21,23 + 7,81 – 28,77 = -42,19 (1000 – 375) :25 = 25 282 : 6 + 403 = 450 73 * 12 + 31,4 = 907,4 255 – 114 + 19 = 160 221 + 227 + 373 = 821 218 – 424 + 113 = -93 3,2 – 60 + 0,8 = -56 0,75 – 5,7 – 4,3 = -9,25 (93 + 321) : 18 = 23 312 – 124 + 12 = 200 ІV сайыс: «Жаңылыспаймын» ойыны V сайыс: Викторина 1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (ноль саны) 2. Тақтада 86 саны жазылып тұр. Ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыру керек. Қалай? («98» төңкереміз) 3. Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? (Бірдей) 4. 1 жұмыртқа 10 минутта пысады. 5 жұмыртқа неше минутта пысады? (10 минутта) 5. 6 стакан тұр, 3-уінде су бар, 3-уінде су жоқ. Тапсырма: Суы бар стакан мен суы жоқ стакан кезектесіп тұру үшін не істеу керек? Тек бір ғана стаканды орнынан қозғау керек. 6. Қай санның цифры қанша болса, жазылуындағы әріптер саны сонша болады? (10, 100) VІ сайыс: «Сымсыз телефон» Дидактикалық мақсаты: Балалардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру. VІІ сайыс: Волейбол VІІІ сайыс: Капитандар сайысы (Логикалық есеп) ІХ сайыс: Тауға шығу Қорытындылау, кері байланыс жасау, жеңген топты хабарлау, марапаттау. | |
Просмотров: 737 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|