Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
«Білім биржасы» Сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. Оқушылардың арасынан озық ойлы білім жүйрігін анықтау. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. Барысы: Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына, Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздердей өренді, Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі «» деп аталатын білім сайысына қош келдіңіздер! Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп, Мойындаған бар ғылым жер шарында Сол қағида тағы да дәленденбек Бүгінгі сайыс жоспарында. Жүргізуші: Сайыскер сіздерге сәттілік тілейміз, Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар. Кім өнерлі , кім тапқыр –шешу қиын. Қазылар алқасы болмаса нық сын алар – дегендей Әділ қазылар алқасымен таныстыру. Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер, интеллектуалды олимпиаданы бастауға рұқсат етіңіздер. Құрметті сайыскерлер сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 5 турдан тұрады. 2 турдан кейін аз ұпай жинаған 10 оқушы ойыннан шығарылады. 3 турдан кейін ең аз ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан шығарылады.4 турдан кейін ең аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығарылады.Ақтық турға екі оқушы қалады 1тур.Сен білесің бе? 2 тур спринт - олимпиада 3 тур ."Әріптер сөйлейді» 4 тур «Математикалық шытырмандар» 5 тур "Қызықты математика" 1тур.Сен білесің бе? Сайыскерлерге тестік тапсырмалар беріледі, жауап парағына дұрыс жауаптарды белгілеу керек.Дұрыс жауап 10 ұпай. 2 тур. Спринт – олимпиада. Сайыскерлерге алгебра,геометрия және математика тарихы бойынша сұрақтар беріледі.дұрыс жауап 100 ұпай Алгебра сұрақтары 1. Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап. (х) 2. Күшіне сенген бір мықты, жығып алып сегізді барайын қайда дегізді? (шексіздік) 3. 25 пайыз жай бөлшекпен,ондық бөлшекпен қалай аталады? ¼; 0,25; 4. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола) 5. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98) 6. Қай санның квадраты 256-ға тең. (16) 7. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді? 8. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт) 9. Кері сандардың көбейтіндісі (1) 10. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾) Математика тарихы 1.Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. (Әл-Фараби) 2.XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім? лейбниц 3.1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.Жауабы:Рене Декарт 4. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов 5.үнділер оны «сунья»,ал арабтар сифр деп атады,ал қазір біз оны қалай атаймыз. Ноль 6.Алгебраның атасы деп аталатын математик кім? Виет 7.Математикаға ең соңынан енгізілген цифр? 0 8. «Бастаманың» авторы Евклид 9. Геометриядан жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? /Пифагор/. Геометрия 1.Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/ 2.Аксиома дегеніміз не? 3.Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем /сүйем/ 4Алды артымыз шексіз де Жете алмайсың біздерге Сәуле менен кесінді, Шыққан еді біздерден. (Түзу) 5. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 6. Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық, Басы да жоқ аяғы. Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 7. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? 11 8.Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? 4 9.соs 60 = ? 10. –қа қарсы жатқан катет неге тең /гипотенузаның жартысына тең/ 3 тур ."Әріптер сөйлейді» Шарты: топтар берілген торкөздерден әріптер таңдайды. Жауап сол әріптен басталу керек.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. А.Математиканың бұл саласы 7 кластан басталып оқылады. Б.Ортақ төбесі бар екі сәуледен құралған фигура В.Бағытталған кесінді Г.Мұнымен бұрышты өлшейді Д.шенбердің центірінен өтетін хорда З. И. К.Әріптің алдында тұратын сан? М.тез есептеуге арналған құрал Н.Барлық сандарға қалдықсыз бөлінетін сан? О.ОУ осі қалай аталады? П.Екі қатынастың теңдігі Р.шеңбердің С.бір жағынан шектелген түзудің бөлігі Т.бұрышты өлшейтін құрал? У. Ф.атақты математик Ц.оны ағылшын лордтары басына киеді? Ш. 4 тур «математикалық шытырмандар» Сұраққа дұрыс жауап берсе ұяшықтағы ұпай беріледі,ал егер жауап бере алмаса ұпай шегеріледі.Дұрыс жауап берілмесе қарсыластар жауап беруіне болады. (берілген торкөздерден тапсырмалар таңдайды) «Көңілді сұрақтар» 1.бір отбасында екі әке,екі баласы бар.отбасында қанша адам бар? 2.бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады ,ал бес жұмыртқаны неше минут қайнатады? 3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Барлығы неше мысық /4 мысық/ 4. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) 5 «Қызықты геометрия» 1.Қай кесінді ұзын? 2.сағаттың бетін 6 бөлікке сондай етіп бөлу керек,әр бөліктегі сандардың қосындысы бірдей болатындай. 3.қыры 2 метрге тең текшеден құралған фигураның көлемін табыңдар 4. «Құпиялар» 1.Құпия фигуралар.Бос торкөздерді толтыру керек. 2.Екі шырпыны алып тастап , бес бірдей шаршыдан тұратын фигураны құрастыру керек 3.Сиқырлы шаршы.Кез келген бағандар,жолдар және екі үлкен диогональ бойындағы сандардың қосындысы бір ғана санға тең болады.Бос тор көздегі сандарды табу керек. 4.1+3+5+7+9+11+13+15+17+19 қосындысы қай санның квадратын береді? Жауабы 102 5.шаршыны тек екі сызық жүргізу арықылы 12 нүктені тең етіп бөлу керек. «Қатты жаңғақ» 1. Мына 1888 санына екі бөлікке бөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын. /1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/. 2.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой? 333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000) 3.Мына сандардың ішінен 21 19 30 25 3 12 9 15 6 27 қосындысы 50 тең болтын үш санда таңдап ал 4. π=3,14... келесі цифр неге тең? 2 5.қайсысы көп барлық цифрлардың қосындысы ма әлде көбейтіндісі ме? «сіріңкелер» 1. 3 сіріңкені қозғау арқылы 3 шаршы шығару керек «звезный час» 2.2 сіріңкені алып тастау арқылы 2 шаршы шығару керек. 3.қағаз қиқымы сыртта қалатындай етіп екі сіріңкені қозғаңыз 4. Екі шырпыны алып тастап , бес бірдей шаршыдан тұратын фигураны құрастыру керек 5 тур. Шарты: сайыскерлер ұпайды жасырын қояды, дұрыс жауап берілмесе, осы ұпай саны жалпы ұпай санынан алынып тасталады, ал дұрыс жауап берілсе қосылады. 1. 100 200 300 400 500 Ақсақал ұлдары қой 2 100 200 300 400 500 Жігіт ешкі көктем 1.Кубтың қыры , қабырғасы төбесі6 12 8 2.Түзулер кеңіістікте қиылыспайды 3.шаршының неше симметрия осі бар? 4 4.екі бұрышы тең үшбұрыш тең бүйірлі 5.мектептегі отбасы класс 6.тең сандарың көбейтіндісі квадрат 7.емтиханға дайындық консультация 8.Ең кіші натурал сан. 1 1.тэтраэдрде қыры қабырғасы төбесі 2.жазықтықтағы түзулер қиылысады, паралель 3.тең қабырғалы үшбұрышта симметрия осі 6 4.соs x қандай жұп 5.қанша үш таңбалы сан бар 900 6.сызықтық функцияның графигі түзу 7.фигураларды зерттейтін ғылым 8.ең кіші жай сан 2 Сайыстың қорытындысын шығару «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Енбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді. Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға алғыс айта отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгеніңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар! | |
Просмотров: 921 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|