Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Пән : Математика Сынып : 5 «ә» Тақырыбы: Жай бөлшекті ондық бөлшекке,ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.Есеп шығару сабағы Сабақтың типі: Дамыту сабағы Сабақтың мақсаты: - оқушылардың жай бөлшекті ондық бөлшекке,ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыра алу дағдысын қалыптастыру Дамытушылық мақсаты: -жай бөлшек және ондық бөлшек туралы білімдерін кеңейту Тәрбиелік мақсаты: - өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік - интерактивті тақта; - топтың аттары жазылған қағаздар; - дидактикалық материалдар - бағалау парағы. Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Өткен тақырыпты қайталауға дайындық ( миға шабуыл) ІV. Есептер шығару V. Сабақты қорытындылау кезеңі VI.Бағалау VII. Үйге тапсырма Барысы: Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушынын іс-әрекеті І. Ұйымдастыру кезеңі - білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру - сабаққа дайындығын тексеру; - сабақтың мақсатымен таныстыру. -Сабаққа толық қатысу; -Оқулық, дәптер, қаламдарын дайындау Сабақтың тақырыбына сәйкес мақсат қоюға араласу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №1227, №1242 ІІІ.Өткен тақырыпты қайталауға дайындық – «Миға шабуыл» 1.Жай бөлшек дегеніміз? 2.Жай бөлшектін түрлері? 3.Жай бөлшектерді косу? 4. Жай бөлшектерді азайту? 5.Жай бөлшектерді көбейту? 6.Жай бөлшектерді бөлу? 7.Қандай бөлшектер ондық бөлшек деп аталады? 8.Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады? Не үшін? 9.Ондық бөлшек қалай оқылады? 10.Қандай қысқартылмайтын жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады? Ережені тұжырымдайды ІV. Есеп шығару Деңгейлік тапсырмалар № 1223- 1(Д),2(Б),3(О), №1238,№1245 Есептің шарты бойынша жұмыс жасайды V.Сабақты қорытындылау кезеңі Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін не істейміз? Ондық бөлшекте үтір неге қолданады? Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болама? Венн Диаграммасын қолданып жай бөлшек және ондық бөлшектін ұқсастығымен және айырмашылығын ажырату. VI. Бағалау Бағалау парағына бағаларын қояды VI.Үйге тапсырма №1232,№1247 Рефлексия Бүгінгі сабақ қызықты болды, неге? | |
Просмотров: 4251 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|