Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Калмакпаева Бейбитгуль Сапатаевна «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия»КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы:Жай сандар және құрама сандар Сабақтың мақсаты:Жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру оларды ажырата білуге үйрету.Ережелерді пайдалана отырып, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу топта жұмыс істеу және өзіндік бағалау дағдыларын дамыту. Сабақтың көрнекілігі:Слайд,семантикалық карта,жапсырма қағаздар,тестер,бағалау парағы. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: а)сыныпты топқа бөлу; ә)бағалау парағы таратылады. 2.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» сұрақ –жауап: I-топ: 1)Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды? 2)Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз? 3)Қандай сандар 2 ге бөлінеді? II-топ: 1.Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп атайды ? 2.Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз? 3.Қандай сандар 5 ке бөлінеді ? III-топ: 1.20 санының бөлгіштерін ата 2.Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді? 3. Қандай сандар 10 ға бөлінеді? IV-топ: 1)11 санының еселіктерін ата 2) Жұп және тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз? 3) Қандай сандар 3 ке және 9 ға бөлінеді ? Семантикалық картаны таратып, әр топ тапсырмаларды орындайды. Семантикалық карта дұрыс толтырылса, жаңа тақырыптың аты шығады. Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады. 4 топқа сандар жазылған таратпа қағаздарды үлестіріп, тапсырма орындатамын.Сол сандардың бөлгіштерін көрсетіп санын айтады. Интерактивті тақтаға сызылған кесте бойынша тақырыпты түсіндіріп, ережелерді айтамын. Кестедегі 41 және 11 саны жай сандар, себебі бөлгіштері 1 немесе өзі болады 35,26,18 құрама сандар бөлгіштері 2 ден көп. Оқулықпен жұмыс: №656 117=3х39 бөлгіштері:1,3,39,117 122=61х2 бөлгіштері:1,2,61,122 205=41х5 бөлгіштері:1,5,41,205 219219х73бөлгіштері:1,3,73,219 393=3х131 бөлгіштері:1,3,131,393 422=2х211 бөлгіштері:1,2,211,422 535=5х107 Бөлгіштері:1,5,107,535 927=3х309 бөлгіштері:1,3,309,927 №657 10=7+3 18=7+11 30=23+7 68=61+7 12=7+5 24=19+5 42=37+5 22=11х2 77=7х11 69=31х3 35=5х7 65=13х5 95=9х19 №658 Ұзындығы 13 см, ені 7 см,биіктігі 5 см көлемін тап V= ахвхсV=13х7х5=455 (см 3) 455-құрама сан бөлгіштері 1,5,7,13,35,65,91,455 Әр топқа деңгейлік тапсырмалар таратылады. 1-ші орындаған топ жауабын айтады. Деңгейлік тапсырмалар: 1.1;3;4;9;16;23;48 сандарынан 1)Бір ғана бөлгіші бар сандарды 2)Екі бөлгіші бар сандарды 3)екіден көп бөлгіштері бар сандарды теріп жаз 2.1;3:5:7 цифрларының әр қайсысын пайдаланып 1 рет қана екі таңбалы сандарды жаз.Осы сандардың қайсысы жай сан қайсысы құрама сан 3.Екі жай санының қосындысы түрінде жаз (42 санын) 4.Бөліндіні тап:28 xу:7 5.Жазылуында 0;5 және 6 цифрларын 1 рет қана пайдаланып2 ге бөлінетін үш таңбалы сандарды жаз. Сыныптағы қабілетті оқушыларға жекелей тапсырма беріп,олар тақтаға шығып есептерін көрсетеді. Тест таратылады:Оны топ басшылары тексереді интерактивті тақтаға жауаптары көрсетіледі. Топ басшылары бағалап бағаларын қояды. Үй тапсырмасы:№648,№649,№650,№651. Рефлексия Оқушылардың сабақтан қандай әсер алғандарын жазып ағаштың суреті салынған постерге жапсырады. ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы | |
Просмотров: 1220 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|