Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
«МИФ» атты апталығы аясында өткізілген «Математика – және біз» тапқырлар сайысы Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Типі: сайыс түрінде Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Олай болса, осы аптада МИФ апталық өтіп жатыр. Апталықтың - 4 ші күнін тамашалауға қош келіпсіздер! Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты да, әрі сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер! Ендеше, «Ақыл – ойды тәртәпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деп Ломоносов айтқандай, «Математика және біз» атты тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!Ал бүгінгі сайысымызды бастайық: Ендеше, топтарға әділ баға берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар: 1) – математика пәнінің мұғалімі 2) 3) І – ші тур «Таныстыру» деп аталады. Топтар өздерін таныстырады (ұраны, эмблемасы) ІІ – ші тур «Кім жылдам?» Мұнда топтар кезекпен тез – тез сұраққа жауап береді Сұрақтар І топ 1. 12 – ні 10 есе арттыр (120) 2. Квадраттың ауданының формуласы 3. Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10) 4. Ең кіші үш таңбалы сан? (100) 5. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар) 6. «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс) 7. 7 құрама санба, жай сан ба? (жай сан) 8. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд) 9. 11-ге кері сан? 1/11 10. Екі нүктенің арасындағы түзу ( кесінді) ІІ топ 1. Жарты түзудің басқаша атауы (сәуле) 2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99) 3. Квадраттың периметрінің формуласы --4а 4. 52 – 5 неге тең? (20) 5. 25% - санның қандай бөлігі? (1/4) 6. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель) 7. 1 – қандай сандардың көбейтіндісі (кері сандардың) 8. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл – Фараби) 9. 360 санын 10 есес кеміт (36) 10. 9 нөлі бар сан. - миллиард ІІІ топ 1. (процент) 2. -қа тең бұрыш? (жазыңқы) 3. Ең алғашқы әйел математик (С.В.Ковалевская) 4. 9-ға кері сан? 1/9 5. Миллионда неше ноль бар? (6) 6. Ең кіші жай сан? (2) 7. 62 – 6 неге тең? (130) 8 Екі қатынастың теңдігі? (пропорция) 9. 13-тің квадраты? (169) 10 . Кері сандардың көбейтіндісі (1) ІІІ тур Капитандар сайысы Адасқан әріптерден сөз құрау. Сан,куб, түзу, бұрыш, функция, циркуль, параллель, сәуле, квадрат,теңдеу 4 тур Топ мүшелерге «Криптограмма» Н Ш Е Е Ң Д Ү К Ң Т Ө Е Р Т Б Е Р У А Е Ұ Ш Т Б Д И Р Ы М Е С У А Л О С А Н Т У Д А Нүкте, Шеңбер, Радиус, Төрт,Тең,Бұрыш, Алу, Алым, Сан, Теңдеу, Бес Ал, балалар, балалар Мақал –мәтел айтайық. Қиындыққа қайыспай Асулардан өтейік 5 тур «Мақал- мәтелдер сайысы» • Цифрларды байланыстырып мақал – мәтел айту 1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас 2. 5 бармақ жиналса, жұдырық болады 3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды 4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді 5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл 6. Ат баспаймын деген жерін 3 басады 7. 5 саусақ бірдей емес 8. 1 тал кессең, 10 тал ек 9. 1000 – ның қамын бір ойлар, Біреудің қамын 1000 ойлар т.б. 6 ТУР ПАНТОМИМА математикалық ұғымдарын іс-қимылмен көрсету/ /циркуль, процент ? ұғымдарын іс-қимылмен көрсету Жанкүйерлер сайысы Жұмбақтарды шешу «Білім азбайды, ақыл тозбайды» «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды әркез есте ұстай жүріп бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі.(марапаттайды) Осымен көңілді тапқырлардың ойыны аяқталды. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар! 4 тур Топ мүшелерге «Криптограмма» Н Ш Е Е Ң Д Ү К Ң Т Ө Е Р Т Б Е Р У А Е Ұ Ш Т Б Д И Р Ы М Е С У А Л О С А Н Т У Д А | |
Просмотров: 848 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|