Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақ жоспары Сынып:6 Пән аты: Математика Күні: 27.01.2017жыл Өткізген мұғалімдер: I санатты математика пәнінің мұғалімі Аринова С.Ш. II санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кусаинова Н.Е. Сабақтың тақырыбы: «Білім шыңына саяхат» қайталау сабағы Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін оқушы санасына бекіту, әртүрлі есептерді шығара білу, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың білімін жүйелеу, жалпылау Дамытушылық мақсаты: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, топпен, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ағылшын тілінде сөйлеу, тілдік құзыреттілікті дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушының міндеті мен құқықтарын түсіндіру, өзара қарым-қатынас сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: кіріктірілген саяхат-сабақ Пәнаралық байланыс: ағылшын, информатика Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайд-шоу, үлестірмелі карточкалар, сәйкестік тесті, фото-суреттер, тақта. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, сәйкестік тестік жұмыс, өзбетіндік жұмыс, оқулық, тақта, дәптермен жұмыс, топтық және жұппен жұмыс. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бүгін ерекше күн болғалы тұр, себебі математика сабағын ағылшын тілімен бірігіп өткізгелі тұрмыз. Сабақта екі тілде сөйлейміз, қазақша және ағылшын тілінде. Бүгінгі заман талабы бізден осыны күтеді. Енді сабағымыз көңілді өту үшін шаттық шеңберіне жиналайық. Today we have an interesting lesson. Math lesson with the English language. On the lesson we will speak in two languages on kazakh and in English. Now come here children. Stand in a circle and you must say to each other kind wishes. I wish you good luck…Thank you… We are starting our journey around Astana. Today we shall see interesting places Оны ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Назым Елюкановна өткізеді. /2 минут/ 2. Бүгінгі сабағымыз Астананың әдемі-әдемі жерлеріне саяхат жасаудан басталады. Пойызға отыру үшін менен билет алуларың керек. / мен 5 билетті балаларға беремін. 20; 30; 40; -10;-50/ Сұрақ: - Қолдарыңдағы билеттерге қараңдаршы. Не жазылған? - Сандар. - Қандай сандар? - Осы сандар бойынша топтасайық. Осы сандар қандай сандар деп аталады? - Рационал сандар. - Жақсы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болу керек деп ойлайсыңдар? - Рационал сандарға амалдар қолдану, теңдеулерді шешу және ұқсас қосылғыштарды біріктіруге арналған есептерді шығару, өз білімімізді көрсету. - Жақсы. Енді біз оң және теріс сандар бойынша топтасып, орнымызға отырайық. 1 – топта: Досымжан, Мират 2 - топта: Сабина, Әділет, Данияр / 2 минут/ - Сабақтың мақсатын айқындап алдық, енді сабақ жоспарымен таныстырып өтейін. /СЛАЙДТАН көрсату/. 3. Сабақ жоспары: • «Миға шабуыл» - тұжырымдарды жалғастыр; • Астанаға саяхат; • «Хан Шатырына» саяхат: / Ауызша есептер шығару/; • «Бәйтерекке» саяхат: /Сәйкестік тестін орындау/, • «Думанға» саяхат: /Ұқсас қосылғыштарды біріктіруге арналған есептер- карточкамен жұмыс/; • Үйге тапсырма. • Сабақты қорытындылау. – /Шығармашылыққа арналған жұмыс/ • Бағалау. This is an evaluation paper. You must choose group leader. Group leader fills these evaluation paper. - Бағалау парағын үлестіріп беру керек. Оны топ жетекшілері толтырады. I. «Миға шабуыл» Тапсырма: Тұжырымдарды жалғастыр... 1) Таңбалары әртүрлі екі санды қосу үшін ... 2) Екі теріс санның көбейтіндісі ... 3) Екі теріс санның қосындысы ... 4) Қарама-қарсы сандардың қосындысы ... 5) Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі ... 6) Таңбалары әртүрлі екі санның бөліндісі ... 7) Екі теріс сандардың бөліндісі... 8) Егер екі көбейткіштің біреуі нөлге тең болса, онда ... 9) Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін .... 10) Ұқсас қосылғыштарды біріктіру дегеніміз.../6 минут/ Бәрін білеміз, дайынбыз. Билетіміз дайын. Пойызбен Астанаға да келіп қалдық. Саяхатымызды бастайық. Іске сәт, балалар. - Welcome to Astana. Oo what do you know about Astana? - Astana is the capital of Kazakhstan. It is the central part of the country on the river Esil . It has a population of over seven hundred thousand people. Астанамен таныстыру / 1 минут/ II. Хан шатырына келдік. Кіру үшін бізге ауызша есептер шығару керек. Дайын есептер бізге көрініп тұр. Тек соны шығарып, жауабын ағылшынша айту қажет болып тұр. / 10 есеп. / 1-топпың есептері: -2,75 +(-0,25)=-3 222 : (-2) = -111 18 + ( - 10) = 8 100 + (-100) = 0 2-топтың есептері: 0 : (-100) = 0 -84 : 4 = -21 2,5 *(-2) = -5 -0,75 * 1 = -0,75 -5 * (-5) : 5 = 5 -100 + 99 = -1 /9 минут/ 1-оқушы ағылшын тілінде Хан шатырының тарихы туралы айтып өтеді. / 1 минут/ - Welcome to Khan-Shatyr. What do you know about Khan-Shatyr in Astana? The Khan-Shatyr is a cultural centre in Astana. There are 6 storeys in the building. On the basement floor there are shops, banks, shoe repair services, a post office, a photo studio, a Green supermarket, a car wash and a parking for 430 cars. The first and second floors have clothers shops. There are 180 shops in the Khan Shatyr III. «Бәйтерекке» кіру үшін бізге сәйкестік тестті орындауға арналған тапсырмалар берілді. If you will go to Baiterek you need to do matching test - Сәйкестік тестін жұппен орындаймыз. Жалғыз қалған Данияр ағылшын тілінде сәйкестік тестін орындайды. - Мират пен Досымжан - Сабина мен Әділет - Данияр мен мұғалім / 7 минут/ 2x + 5 = 8 -72 -x * 4 = -100 56 3 * (-x) = -27 25 C – 40 = 16 1,5 12 – a = 40 9 у : 9 = - 8 -28 2х+5=8, х=1,5 -х*4 = 100, х=25 3*(-х) = -27, х = 9 С – 40 = 16, х = 56 12 – а = 40, а = -28 У:9 = -8, у = -72 Сәйкестік тестін жақсы орындап шықтық, оның нәтижесін өздерің тексеріп шығарсыңдар. Үлестеріңді қосқандарыңа көп-көп рахмет. Енді бізге Астанадағы «Байтерек» туралы өзімізгі қажетті мағлұматтар аламыз деген ойдамын. Менің де естігім келіп тұр, тыңдайық. -Check your answers. Put points. How many points do you have? Count points and write down. We have come to the Baiterek. What do you know about Baiterek? Oh, dear friends look here. Who wants to tell us about Baiterek? (Baiterek is a symbol of the capital. The monument is a symbol of free Kazakh according to the legend, Baiterek is the sacred bird Samruk. Monument Baiterek was opened in 2002) \1мин\ -Сергіту сәті Let’s just take a break. Come here. Let’s play a game “I have found” Stand in a circle. If you find the number which divide on 5, you say I have found. Let’s start 1,2,3,4, I have found, 6, 7 … /1 мин\ I V . Келесі саяхатымыз қайда болуы мүмкін... Әрине «Думанға» -оның ішінде океанариум – ол біздің мақтанышымыз. Әрине оған кіру үшін біз есептер шығаруымыз қажет. Дәптерімізді алып, есептерді жазуымыз керек. Ол қандай есептер дейсің ғой. Ол өрнектерді ықшамдауға, яғни ұқсас қосылғыштарды біріктіруге арналған есептер: -(12а + b) + (4,5b -7a) = -12a – b + 4,5b -7a = -19a + 3,5b; 4,2x – y + (4,7x + 3y) = 4,2x – y + 4,7x + 3y = 8,9x + 2y; 5x – ( 6y – 4x) = 5x – 6y + 4x = 9x – 6y; 12y – ( 4y + 7x) = 12y – 4y - 7x = 8y – 7x; (6,7x – 4, 5y) – ( 3,2 + 1 ,3y) = 6,7x – 4,5y – 3,2 – 1,3y = 6,7x – 5,8y – 3,2; / карточкалар беріледі/ / 7 минут/ Тақтада – Сабина, Интерактивті тақтада – Досымжан Орнындарында: Данияр, Мират, Әділет. Тапсырмалар орындалды. Енді бізге океанариум туралы таныстырып өтуге болады деп ойлаймын. Таныстыру. / 1 минут/ - Oh, dear friends look here. We have come to the Aquarium of the Entertainment center Duman. What do you know about Aquarium of the Entertainment center Duman?Welcome to AECD. Who wants to tell us about it? (Aquarium of the Entertainment center Duman is the first and the only in Kazakhstan, which is located over 3000 km. away from the ocean. The volume of water in our aquarium is 3 million liters and we needed 12 tons of special sea salt to produce this water. More than 2000 of sea inhabitants of 100 species of sea fauna from different parts of the world live there. Сабақты қорытындылау. / 5 минут/ Үйге тапсырма: Өткенді қайталау, үлестірмелі карточкалардағы есептерді шығарып келу. Бағалау. Жұмыстары бойынша бағалау, өз пікірлерін айту. Барлық есептер бір баллмен есептелінеді. 0 - 3 балл – «3» баға 4 – 7 балл – «4» баға 8 – 11 балл – «5» баға Оқушы аты «Миға шабуыл» Тұжырымдаманы жалғастыр «Ауызша есептер» Топпен жұмыс «Сәйкестік тесті» Жұппен жұмыс Өрнектерді ықшамдау Өз бетімен жұмыс Қорытынды Досымжан Мират Данияр Сабина Әділет Шығармашылық тапсырма: Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкенде ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында қандай жалпыұлттық патриоттық идеясының атауы шығады -5 + 9 10*25 -11+0 -5+(-3) 2х+3х 2,5у-у Х:(-3)= -3 12-y=-8 12x-9x+5x у*(-6)=30 М Ә Ң Г І Л І К Е Л М. 4 Г. -8 І. 5х К. 20 Ң. -11 Ә. -250 Л. -5 Л. 1,5у І. 9 Е. 8х Осы сөзжұмбақты шешкенде, Мәңгілік ел деген сөз шығады. Барлығымыз да өз Отанымыздың патриоты болуымыз керек. Қорытынды. «Екі жұлдыз, бір тілек». | |
Просмотров: 493 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|