Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы математика пәні мұғалімі Салкинова Амина Келкенқызы Сынып: 7 «А» Алгебра Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелер және амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және оның стандарт түрі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.1.2 Бірмүшенің анықтамасын білу, оның коэффиценті мен дәрежесін табу. 7.2.1.3 Бірмүшені стандарт түрде жазу. Сабақтың мақсаты: Бірмүшенің анықтамасын білу, оның коэффиценті мен дәрежесін анықтау Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану Бірмүшені стандарт түррде жазу Тілдік мақсаттар: Оқушылар - қандай өрнектің бірмүше болатынын түсіндіреді; - бірмүшені стандарт түрге қалай келтіруді түсіндіреді; - бірмүшелерді көбейту мен бірмүшені дәрежеге шығару жолын негіздейді; Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахлау туғызыу.Топқа бөлу (дөңгелектер үш түрлі). Оқушылардың назарын сабаққа аудару Сабақтың басы : Білу сабаққа қажетті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық. Анаграмма шешу: 1. ШЕБІМРҮ; 2. РЕЖӘДЕ; 3. ЦИФОНКЭФТЕ Миға шабуыл (сұрақтар қою арқылы) Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері? Санның стандарт түрі деп нені айтамыз? Теріс көрсеткішті дәреже анықтамасы? Түсіну: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырлған өрнекті бірмүше деп атайды. Мысалы: 5а; ab▪ba; 2х2(-3)а2сх2 2х2(-3)х2а2с= - 6а2х4с Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады. Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады. Бірмүшелерді көбейткенде, олардың коэффиценттері көбейтіледі. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалдырылады, сөйтіп шыққан нәтижелер бір біріне көбейтіледі. Бірмүшені дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтсе, жеткілікті. -4m2n4z ∙ 5m3n2z3= -20m5n6z4 (2a2y3z)4=24(a2)4(y3)4z4=16a8y12z4 Қолдану «Өз жұбыңды тап» ойыны «Өз жұбыңды тап» ойынын жүргізуге болады. Ойынға сыныптағы барлық оқушылар қатысады. Бірмүше мен оның дәрежесін көрсететін сандар жазылған үлестірмелерді таратамыз. Әрбір оқушы кездейсоқ жағдайда үлестірменің біреуін таңдайды. Бірмүше немесе оның дәрежесі жазылған үлсетірмелер бойынша оқушылар жылдам өз жұбын тауып алулары керек. Сабақтың ортасы: Талдау 1.Амалдарды орындаңдар 1 топ №156 (1,2) 2 топ №156 (3.4) Дескриптор 2. Дәрежеге шығарыңдар 1. (6a3)2 (21/2 ху2)2 2. (4a3)2 (2,5 m3 n3)2 Дескриптор Сабақтың соңы: Тапсырма Сәйкестендіру:: Жинақтау Бағалау Рефлексия Оқушыларды ортаға шығарып шеңберге тұрғызады, бір біріне доп лақтырып сабақта не үйренгенін айтады Қорытынды: «Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуға неғұр¬лым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар». Н.Ә. Назарбаев | |
Просмотров: 813 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|