Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы. Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы туралы алған білімін есептер шығаруға қолдану дағдысын қалыптастыру. 1.Білімділік: Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, формулаларын жүйелі меңгерте отырып, есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, есте сақтау, елестету қабілеттерін, танымын дамыту. 3. Тәрбиелілік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу және топттық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: бекіту сабағы Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. ІІ.Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап. (слайд) Өтілген материалдарды бекіту, пысықтау сұрақтары 1.Сан тізбегі дегеніміз не? 2.Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер? 3.Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды? 4.Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды атайды? 5.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын атаңдар? Сәйкестендіру кестесі Арифметикалық прогрессияның анықтамасы Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы 1).Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формуласын тап? 2).Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын тап? Оқулықпен жұмыс: І.1) 19,15,11,... арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар. а1=19 a2=15 d= a2- a1=15-19=-4 a5=a1+4d=19+4*(-4)=3 Жауабы . 3 2) -1;3; 7; .... а1-? d=3+1=4 a5=a1+4d=-1+4*4=15 Жауабы: 15 ІІ.Арифметикалық прогрессиясының алғашқы төрт мүшесін жазыңдар: а1=10, d=4; 2) a1=1.7, d=-0.2; 3) a1=-3.5, d=0.6; 4) a1=, d=; Жауабы: 1) 10, 14,18, 22. 2)1,7; 1,5; 1,3; 1,1. 3) -3,5; -2,9; -2,3; -1,7 IV. а1=-3 aп= а1+(n-1)d d=0.7 a11=-3 +(11-1)0.7=-3+7=4 a11=? Жауабы: 4 V. а1=18 an= а1 +(n-1)d . d=-0,5 a20=18 +(20-1)*(-0,5)=18- 9,5=8,5 а20=? Жауабы: 8,5 VII. 103; 101; ... арифметикалық прогрессияның алғашқы а) сегіз мүшесінің; ә) жүз үш мүшесінің қосындысын табыңдар. Жауабы: - 101; 103. ІV. Тарихи деректер. Оқушылар ізденісі. Топ басшылары сөйлейді . Прогрессия- (латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды. . Егер арифметикалық прогрессия туралы айтсақ, неміс математигі К.Гаусс (1777-1855) бастауыш класс оқып жүргенінде мұғалім есептің шартын оқып болмай жатып-ақ 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын тапқан. .Фибоначчи есебі: V.Оқушыларға сергіту мақсатында ауызша сұрақтар берілді. Ауызша сұрақтарды беру арқылы сабағымды халықтық педагогиканы қолданып, қазақ әдебиетімен байланыстыру. Берілген тізбектер қандай тізбектер? 1)7;7:7;7;.... 2)3;3;3;3;.... 3)5;5;5;5;.... (жеті жұрт,үш тәтті,бес өсиет...) V. Өмірмен байланысты есептерді арифметикалық прогрессияның формулаларын тиімді падалана отырып шығару. Есеп №1. Сиқырлы ағаштың алғашында ұзындығы 1 метр болды. Күн сайын ағаш 2 есе өсіп, 36 күнде айға жетеді. Егер оның алғашқы ұзындығы 8 метр болса, ол айға неше күнде жетеді? Есеп № 2. Жаңаөзеннен Шымкентке мұнайы бар поезд бағытталды. 1-ші цистернада 4 тонна мұнай,2-ші цистернада 9 тонна,3-ші де 14 тонна....п-ші цистернада 304 тонна мұнай ба. Цистернаның реттік нөмірін анықтаңыз. Есеп № 3. Cамат досының туған күніне ұялы телефон сатып алып бермекші болды.Ол үшін бірінші айда6300 теңге,ал келесі айларда қосымша 500 теңгеден қосып төлеп отыруы қажет. Егер Самат ұялы телефонды жалға 6 айға алған болса,әр айда қанша теңге төлеуі қажет? VI. Сабақты қорытындылау. Бағалау. Топ жетекшілерінің өз тобындағы білімін бағалауын тындау.Оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма беру. Кері байланыс Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Оқушылар кері байланыс парағын толтырады. Білемін Білгім келеді Үйрендім Солтүстік Қазақсан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосы «№2 Новоишим орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Бекиш Галия Орынбаевна | |
Просмотров: 1293 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|