Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия және оның п-ші мүшесінің формуласы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: геометриялық прогрессия, геометриялық прогрессияның еселігі, геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын және оның қасиеттерін қолдану арқылы есептер шығару ; 2. Дамытушылық: әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру; 3. Тәрбиелік: есептердің шешімін табуда алдын-ала болжай білуге, ойлауға үйрету, бір-бірінің қателерін табу арқылы өздеріне сын көзбен қарауға жағдай жасау. Сабақтың түрі: бекіту сабағы Сабақтың көрнекілігі: иньерактивті тақта, плакат. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, Оқушыларды топтарға бөлу. Оқушыларды 4 топқа бөлемін. 1 топ Аналитикалық, 2 топ Рекуренттік, 3 топ Графиктік. (Оқушылардың қолдарына карточкалар таратылады. Карточкада жазылған тізбектердің берілу тәсілдеріне қарай әр кім өз тобына орналасады). 1. Қайталау сұрақтары: Кестені толтырыңдар. Сандар тізбегі Берілу тәсілдері: Түрлері: 1. Баяндау 1. Шекті, Шексіз 2. Аналитикалық 2. Өспелі, Кемімелі 3.Рекуренттік 3. Тұрақты 4. Графиктік 4. Монотонды Геометриялық прогрессия n-ші мүшесінің Қасиетінің алғашқы n мүшесінің формуласы формуласы формуласы қосындысы 2. Үй тапсырмасын тексеру: Геометриялық прогрессия дегеніміз не? Геометриялық прогрессияның анықтамасының формуласы қандай? Геометриялық прогрессияның еселігін қалай табамыз? Геометриялық прогрессияның қасиетін айтыңдар. №204 1. 1;3;9;27;.... болады 2. 1;8;27;64;... болмайды 3. 1; болады 1; болмайды 3.Сабақты бекіту.Тақырыпты меңгере отырып жаттығу жұмыстарын орындау арқылы, үйренген формулаларын қолданады. №1 карточка 3, 12,... геометриялық прогрессияның еселігін және ті тап. IІ топ: ә) №2 карточка 18,6,... геометриялық прогрессияның еселігін және ті тап. №208 ІІІ топ: а) №3 карточка 8,-16,... геометриялық прогрессияның еселігін және ті тап. ІҮ топ: ә) №4 карточка -32,-16,... геометриялық прогрессияның еселігін және ті тап. Анықтама: Екінші мүшесінен бастап есептегендегі кез келген мүшесі алдыңғы мүшесін, нөлден өзге қандай да бір тұрақты санға көбейткенде шығатын сандар тізбегін геометриялық прогрессия деп атайды. Келесі мүшесін алу үшін алдыңғы мүшесіне көбейтілетін сан геометриялық прогрессияның еселігі деп аталады және q әрпімен белгіленеді. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы Геометриялық прогрессияның қасиеті: Мүшелері оң b1, b2, b3, .....bn геометриялық прогрессияның екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі көршілес мүшелердің геометриялық ортасына тең болады. Қандай геометриялық прогрессиялар болады? Жауабы: Егер геометриялық прогрессияның еселігі q >0,b1 >0 онда прогрессия бірсарынды. Егер геометриялық прогрессияның еселігі 0< q <1, онда прогрессия кемімелі. Егер геометриялық прогрессияның еселігі q >1, онда прогрессия өспелі. 5. Оқулықпен жұмыс 3, 12,... геометриялық прогрессияның еселігін және в5 ті тап І анатиликалық №207 а) q=5 b7=62500 b5=? ІІ топ рекурренттік №207 ә) ІІІ топ графиктік №208 а) 6. Топпен жұмыс 1 топ тапсырмасы Венн диаграммасы Арифметикалық және геометриялық прогрессияның арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар? 2 топ тапсырмасы Кестені толтырыңдар: № b1 q n bn 1 1 3 10 19683 2 2 3 7 1458 3 256 0.5 8 2 4 2 -3 6 -486 5 96 0,5 6 3 3 топ тапсырмасы Сәйкесін тап 1) b1 = 5, q = 3,b5 - ? 3 2) b4 = -8, q = - 2, b1-? 1 3) b6 = 96, q = 2 b1 - ? 405 4) b1 = 2, b2 = 6, b7 - ? 7 5) b1 = 4, b4 = 448, q -? 1458 8. Кім жылдам. Ауызша есептеу Қай сандар тізбегі геометриялық прогрессия болып табылады? 3, 9, 27, 81,….. 5, 12, 18, 24, 30,…. 7, 14, 28, 35, 49,…. 5, 50, 500, 5000,…. 1000, 1000, 1000, 1000,…. 1, 2, 4, 7, 9, 11….. 5, -5, 5, -5, 5, -5, … . 9. Геометриялық прогрессия құраңдар: 1. Әр күні тұмау ауруымен ауыратын адам айналасындағы 4 адамға тұмау ауруын жұқтырады. 1; 4; 16; 64;… 2. Әсел қонырауда асханадан тоқаш алып жеді. Жеп жатқанда ішекке 30 вирустық таяқшаларын жұқтырды. Әрбір 20 минуттан вирус таяқшалары екі есеге көбейеді. 30; 60; 120; 240;… 3. Әр бір шылым шегуші тәулігіне орташа есептен 8 темекі тартады екен. Темекі тартқаннан кейін өкпеге темекі құрамындағы 0,0002 грамм никотин мен темекі түтіні барады . Әрбір темекіден кейін бұл мөлшер екі есеге ұлғаяды. 0,0002; 0,0004; 0,0008;… 10. Сабақты қорытындылау. 1) Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. 2) Геометриялық прогрессияның еселігі дегеніміз не? 11. Үйге тапсырма № 206 бағалау. | |
Просмотров: 866 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|