Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Алматы облысы Іле ауданы Али ауылы Т.Катаев атындағы №22мектептің математика пәні мұғалімі : Канапьяев Жасұлан Ерланұлы Тапқырлар сайысы Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту,жетілдіру мақсатында, логикалық есептерді шешудегі белсенділіктерін арттыру мақсатында "Тапқырлар сайысын" өткізуге болады.Бұл сайысты бір сынып ішінде де сыныптар арасында да өткізуге болады.Оқушыларға алдын-ала хабарлап сайна жоспарымен таныстыру керек. Тапқырлар сайысы жоспары: 1.Топтардың сәлемдесуі 2.Цифрограмма шешу 3.Әзіл есептер 4."Құпиялы сандақшадағы"сұрақтарға жауап беру 5.Топ жетекшілерінің сайысы 6. сайыстан тыс. 7. Қортынды. Әділқазылар алқасн сайлап, ір жұмысты 5 балдық жүйемен бағалап отыру ұсынылады. 1. Топтардың сәлемдесуі "Заман" тобы: Гүлденіп жарасуға бүкіл әлем, Жаңарып бұл сайысқа мен де келем. Жастардың достық түні тіккен кеште "Заманнан" "Болашаққа" мың бір алғыс! "Болашақ" тобы: Кезек келіп, өжеттеніп,сөз алып. Танысалық ,ғажап ойын,Ғажап күн! Тегіміз бір- батырлық та бай да емес, Емеспіз бе, азаматы қазақтың! 2.Цифрограмма шешу Тақтада көрсетілген 81 санынан 63-ті алып,ал 86 санына 12-ні қосу керек.Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болды? 3.Әзіл есептер Қалада 15 қабатта тұратын бір кісі жұмысқа барар кезде таңертең лифтімен төмен түсіп, кешке жұмыстан келе жатып 12 қабатқа дейін көтеріліп,әрі қарай баспалдақпен шығады,неліктен? 4. Топ мүшелері "Сиқырлы сандықшадағы есептерді" шешеді. 1- есеп. Төрт қасқыр қойды төрт сағат жесе.Он қасқыр он қойды нешне сағат жейді? Шешуі: төрт сағат жейді 2- есеп. Қандай сағат дәл уақытты екі рет қана көрсетеді? Шешуі:тоқтап тұрған сағат 3-есеп. Үш ікесі мен алты ұлы серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды,әрқайсысына алты алмадане тиді.Бұл қалай болғаны? 4. 1,2 және 3 цифрлар арқылы жазып көрсетуге болатын барлық үш таңбалы сандардың қосындысын табыңдар. Жауабы: 123+231+213+131+312+321=1332 5. Топ жетекшілерінің сайысы. "Заман " тобының жетекшісіне: Кітаптің бағасы 62 теңге,плюс кітап бағасының жартысына тең кітап қанша тұрады? Жауабы:124 теңге "Болашақ" тобының жетекшісіне: Биіктігі 10м ағашқа ұлу күндіз 5м жоғары көтеріліп, түнде 4м төмен түседі.Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады? Жауабы:10 күнде 6. Жұмбақтар айту сайысы 1. Бес ін, бес іннің Аузында бір ін Қолғап 2.Айқасқан екі таяқ Тұрады жақты сұрап Икс 3.Егіз туған қос жүйрік, Жарыса шауып терлейді. Бірін-бірі көрмейді, Бір мәреге келмейді? Параллель түзулер 4. Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым. Екі дәптер,бір қарындаш Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? Алты 7. Қорытынды. Әділ қазылар қортындылап, жеңімпаздарды анықтап, құттықтау рәсімі өтеді. Алматы облысы Іле ауданы Али ауылы Т.Катаев атындағы №22мектептің математика пәні мұғалімі : Канапьяев Жасұлан Ерланұлы | |
Просмотров: 673 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|