Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1** натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10/11-20 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.1.1.2**- бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3**- бір таңбалы сандардың құрамын анықтау Сабақ мақсаттары 1. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. Натурал сандармен 0 санының құрылу жолын түсінеді. Бір таңбалы сандарды таниды және атайды және оқиды, жазады. 2 10 көлеміндегі сандарды салыстырады . 8 санының құрамын анықтайды, бір таңбалы сандарды салыстырады. 3 Бір таңбалы санның құрамын анықтайды, өрнек құрастырады, салыстырады. бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әр түрлі тәсілдермен белгілейді Бағалау критерийлері • 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды • Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды Бір таңбалы сандарды таниды және атайды 10 көлеміндегі сандарды салыстырады • 10 көлеміндегі сандардың құрамын көрсетеді Тілдік мақсаттар Өз пікірін және ұсынылған амал әдістерін айтуда математикалық білімді және математикалық терминологияны («натурал сан», «цифр», «тура және кері санау») қолдану; Тірек сөз:сегіз-восемь-еight Пәнге тән лексика және терменология : Сандық сәуле, натурал сандар қатары; Сандық сәуле-бұл нүктелер табиғи сандарды белгілейтін сәуле. Ұпайлардың арасындағы қашықтық шартты түрде берілген өлшем бірлігіне тең. Натурал сан қатары санынан басталады.Әрбір натурал саннан кейін одан да артық натурал сан бар: натурал сандар қатары шексіз. Талқылауға арналған сұрақтар: Бір санның құрамын қалай табамыз? Құндылықтарды дарыту Балалардың бойына ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық сияқты құндылықтарын бойына сіңіре отырып, жұптық, топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыстар Сауат ашу-сурет бойынша сәйкестендіру Музыка- сергіту сәтін қосылып орындайды. АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) Интербелсендітақта тақта- санау туралы сергіту сәті көрсетіледі. Бастапқы білім 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын біледі. 8-ге дейінгі сандардың құрамын біледі. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 3 мин 2 мин 2 мин Ұ)Ширату «Кезбе тілші» әдісі Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық? Олардың ішіндегі ең үлкен қай сан? Үстелдің үстіне 1-7 ке дейін кеспе қағаз орналастыру. Тақтаға бес оқушыны шығарып кез-келген бір санды таңдатып, оларды өсу ретімен тұрғызу, одан кейін кему реті бойынша тұрғызу. Сандарды айтып, нөл санының құрылу жолын түсіндіру. Дескриптор: 1-7 ге дейін тура және кері санай алады, өсу реті мен кему реті бойынша тұрады Топқа бөлу. Оқушыларды стакандағы таяқшамен түстер бойынша топқа бөлу: 1-топ: «Жұп сандар» тобы 2-топ: «Тақ сандар» тобы 3- топ: «Натурал сандар» тобы . ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы Жақсы! Отлично! Very good! Ұ.«Қар кесегі» әдісі арқылы жұмбақ шешу Менімен таныс емессің, Теңіз түбі қоңысым. Аяғым сегіз, басым бар Айтшы қане, мені сен. (Сегізаяқ) Сегізаяқ, сегізқол, Кестелейді тігеді. Жібектей әсем дөңгелек, Ол не? (Өрмекші) - бүгін біз сабақта не үйренеміз? -8 саны қай саннан кейін келеді? Неліктен? ҚБ: «Пантомима» әдісі Оқушылар орындарынан тұрып, сезімдерін ым-ишарамен білдіреді. Цифрлар, сандар қатары 1-7-ге дейінгі цифрлар бар кеспе қағаздар. Сабақтың ортасы 4 мин 5 мин 3 мин 5 мин 6 мин 1 мин 4 мин 1 мин МК : Ағаштың бұтағында 2 қарлығаш отыр, біреуі ұшып кетсе бұтақта неше қарылғаш қалды? 2-1=1 Қалған қарлығаш жан-жағына қарап ол да ұшып кетеді.Бұтақта неше қарлығаш қалды? 1-1 =0 Ештеңе қалған жоқ. Егер ештеңе қалмаса, 0 цифрымен белгілейміз. Қос дөңгелек шеңберден, Үлкен шеңбер үстіне, Кіші шеңбер жаңасқан. - Көзілдірік, екі тоқаш, т,б суреттері көрсетіледі - Балалар, бұл суреттер қай санға ұқсайды? - 8 санына - Ендеше 8 санын тура кері санайық, - 8 санының орнын анықтау - Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді? 8 цифрының жазылуын үйрету. Т: 1- топ: « Лезде тап!» ойыны Суретте қанша зат бар?Артық затты қорша . 2- топ:Жұмбақ есеп оқу Саянда болды 8 алма, Майданға берді 4 алма. Ойланып кәне көрейік Саянда қалды қанша алма? (4 алма) Сегіз қияр базардан, Сатып алды Сәлімжан. Бес қиярды алғанда, Қанша қалды дорбада? (3қияр) 3- топ: 8 санының құрамын табыңыз. Бағалау кретерийі - Суретте қанша зат бар екенің табады,?Артық затты қоршайды. - Жұмбақтың шешуін тауып, есептейді. - 8 санының құрамын табады. Дескриптор: - Суретте қанша зат бар екенін тауып, артық затты қоршайды. . -жұмбақтың жауабын тауып айтады, қай санмен байланысып тұрғанын ажыратады. -санның құрамын табады. ҚБ:«Отшашу» арқылы бағалау Ө.) Дәптермен жұмыс Оқушыларға алдарында тұрған жұмыс дәптерінен 8 саны және цифрына берілген тапсырманы орындатамын. 8 цифрын жазуды үйретемін. - 8 цифрын ауада жазу - 8 цифрын элементтерін жазу Дескриптор: - үлгі бойынша сегіз цифрын жазып үйренеді. ҚБ: Өзіндік бағалау. «Бағдаршам» әдісі Сергіту сәті орындалады. «Санау» әнін интербелсенді тақтадан көрсетемін. Ж. Саралау тапсырмалары «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі А: суреттерді санайды,түрлерін атайды. В: суреттерді санайды,түрлерін атайды, сәйкестендіреді. С: суреттерді санайды,түрлерін атайды,сәйкестендіреді, мысал құрастырып оның мәнін табу. ҚБ: Өзіндік бағалау. «Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қошемет көрсету. 3-шапалақ- өз ойын толық, тұжырымдап айтады. 2-шапалақ-өз ойын 1-2 сөйлемнен айтады. 1-шапалақ-өз ойын толық жеткізе алмайды. Дескриптор: - суреттерді санайды,түрлерін атайды - суреттерді санайды,түрлерін атайды, сәйкестендіреді. - суреттерді санайды,түрлерін атайды , сәйкестендіреді, мысал құрастырып оның мәнін табады.. Сабақты бекіту Бағалау критерийі Натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді. Бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстырады. Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды. (Ө) ҚБ тапсырмасы. 1-тапсырма Сандық сәулеге белгілеңіз. • 2 санының оң жағындағы санды; • 5 санының сол жағындағы санды; • 8 бен 10 сандарының арасындағы санды. Дескриптор: - сандық сәулеге 2 санының оң жағындағы санды белгілейді және жазады; - сандық сәулеге 5 санының сол жағындағы санды белгілейді және жазады; - сандық сәулеге 8 бен 10 сандарының арасындағы санды белгілейді және жазады ҚБ Өзіндік бағалау. «Жапондық бағалау» әдісі 0 цифрын көрсету Жұмыс дәптері 28 бет Торғай-ТВ https://youtu.be/hsGs1mEms4I Сабақтың соңы 4 мин Рефлексия. «8 саны» әдісі Бәрі түсінгендері-8 толық көрсетеді Жартылай түсінгендері- 8 – дің жартысын 4 санын көрсетеді. Түсінбеген, сұрағым бар дегендер -0 көрсетеді. «8 саны» әдісі Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? 8 снының әдісімен «өзің-өзі бағалауға» байланысты жұмыс өткіземін. 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санай алады, натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін біледі. 8 санының құрамын ажыратады. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 1.Тапсырма: Өзіндік, топтық жұмысын жүргізу барысында сұрақтарды саралап құрастыру арқылы оқытудың тапсырма тәсілін қолдануды жүзеге асыруды жоспарладым. 2.Диалог және қолдау көрсету: жұмыста кейбір түсінбеген оқушыларға қателерін түзетуге, жауапты толықтыруға ұсыныс беремін, қастарына жақындап қолдау көрсетемін. 3.Ресурстар: оқушыларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынамын. 4.Бағалау: Сабақтағы әрбір тапсырмадан оқушылар қалыптастырушы бағалаудың түрлері арқылы топтық, өзара, өзіндік бағаланып отырады. Қате кеткен оқушыға түзету жүргізіледі. ҚБ: мұғалімнің қолпаштауы Жақсы! Отлично! Very good! ҚБ: «Пантомима» әдісі Оқушылар орындарынан тұрып, сезімдерін ым-ишарамен білдіреді. ҚБ:«Отшашу» арқылы бағалау ҚБ: Өзара бағалау. «Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қошемет көрсету. 3-шапалақ- өз ойын толық, тұжырымдап айтады. 2-шапалақ-өз ойын 1-2 сөйлемнен айтады. 1-шапалақ-өз ойын толық жеткізе алмайды. ҚБ Өзіндік бағалау. «Жапондық бағалау» әдісі ҚБ. Оқушылармен 8 санына байланысты өзін-өзі бағалауға жұмыс өткіземін. Бәрі түсінгендері-8 толық көрсетеді Жартылай түсінгендері- 8 – дің жартысын көрсетеді Түсінбеген, сұрағым бар дегендер 8 санының бір 0 көрсетеді АКТ-мен жұмыс барысында қауіпсізқдік ережесін еске түсіру (АКТ-ны 5 мин пайдаланғаннан кейін электр тогынан ажырату) Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |
Просмотров: 1026 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|