Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Көңілді Тапқырлар Клубы «Математика әлемінде» Б. Қ. Шарипова №26 жалпы орта білім беретін мектеп Мақсаты: 1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру 2.Оқушыларды ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу 3.Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Жүру барысы: КТК «Математика әлемінде» ойнына қатысушыларды байқап, бағалап баға беруші әділ-қазылар алқасын қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырамыз. I-ші жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Білім іздеп, инемен қудық қазғандар, Қушақ жая қарсы аламыз сіздерді. Би билеп, ән де бүгін шырқалар- дегендей, Қош келіпсіздер бүгінгі ойнымызға. II-ші жүргізуші Өмір деген көк мұхиттың толқыны, Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып, Бір-бірімен жатқан тулап арбасып, О, толқындар арпаласып алға шық, Өмір деген мәнгі гүлдеп жататын, Құштарлықтың толғағы мен көктемі- деп Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс,ендеше ортаға қатысушыларды шақырамыз. I-ші жүргізуші Сонымен ойынға қатысатын сыныптар: Архимед тобы, Пифагор тобы, Алғырлар тобы, Тапқырлар тобы Осы топтарға қол соғып, кошемет көрсетіп қояйық. Алдымен өтетін ойының таныстырайық, ойын 4 бөлімнен тұрады: 1.Таныстыру(4б), эмблема(2б) 2.«Білімді мықты жығады» 3.«Талаптыға нұр жауар» а) пантомимо б) өлең в) сурет. 4. Үй тапсырмасы «Өнерлі өрге жүзер» а) математика мақал-мәтілде б) өнер көрсету. II-ші жүргізуші Енді әр топ реттік нөмерін анықтап алуы тиіс. Сондықтан топ басшыларын ортаға шақырамыз, жереби тартып, реттік нөмері анықталды. Ал, оқушы, ұстаздар! Ортаға назар салайық. Таныстыру кезеніне Тамашалап қарайық. Әрбір топ өздерін таныстырады. І-ші жүргізуші Біреуінің жүрегінің түгі бар Біреуінің арқалаған қоғамдық жүгі бар Біреуінің күмбірлеген күйі бар Енді біреуінің қатты істейтін миы бар деп, ІІ бөлімді бастаймыз. Әр топтарға есептер беріледі: 1. х(х+1)(х+10)=22 (жауабы:1) 2. Берілген суретте неше төртбұрыш көріп тұрсындар? (жауабы: 8 3. Бөлшектерді салыстырыңдар:373737 /777777 және 37/77. (жауабы: тең) 4. Берілген тізбекті жалғастыр: 3;1;4;1;5;...... (жауабы: 1;6.) І-ші жүргізуші ІІІ бөлімде топтарға мынандай тапсырмалар беріледі. а)Геометрияда ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем-аксиома.Оны тек ойда сақтау қажет, бірақ оның өзі қиын, ендеше мүмкін оларды қимылдармен көрсету онай болатын шығар: 1.Түзуге тиісті емес нүкте арқылы тек бір ғана параллель түзу жүргізуге болады. 2.Түзу қандай болса да оған тиісті және тиісті емес нүктелер бар балады. 3.Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады. 4. Түзудегі үш нүктенің біреуі және тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады. ә) Атақты математик С.Ковалевская былай деген екен:«Ақын жанды болмаған адам, математик те бола алмайды». Ендеше келесе тапсырмамыз: берілген сөздермен байланысты өлең жазу.(тең бүйірлі үшбұрыштағы медиана, биссектриса, биіктік, бұрыштар). в) Грек халқы былай депті:« Санды құдай жаратты, ал қалған барлығын -адам». Мысалы: 4- денсаулық, 12- бақыт,..Ал сендер енді 5,7,2,3 деген сандарды сурет арқылы көрсетіндер. ІІ-ші жүргізуші Үй тапсырмасына көшеміз.а) Математика мақал-мәтелдерде. Бұл сайыста қайсы топ ең көп мақал-мәтелдер айтады және олар қайталанбау керек, сол топ женеді. ә) « Өнерлі өрге жүзер». Әр топ өз өнерлерін ортаға салады. Қорытынды. Жарыс заңы ежелден Жеңіспазды анықтау Женімпаз болу шарты сол Еңбектеніп, жалықпау. Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. Семей қаласы
| |
Просмотров: 4057 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|