Пригород жалпы орта білім беретін мектебі Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Қызықты математика». (математика) Өткізген: Жүрсімбаева Г. Семей қаласы Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын арттыру, қабілеттілігін, белсенділігін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: тақырып жазылған плакат топ аттары, мысалдардың шешуі, геометриялық фигуралар, мақал-мәтелдер. Сабақтың әдісі: сайыс сабақ Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастырушылық кезеңі. 2. Психологиялық дайындық. 3. Негізгі бөлім: «Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас.» 4. Білгенге маржан. 5. Өнерлі өрге жүзер. 6. Ой жұмбақтар елінде. 7. Сөзжұмбақ сыры. Сабақтың барысы: 1-оқушы: Көңілді тапқыштар, білгіштер Бар өнерін ортаға салады Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпаз болады. 2-оқушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп, Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау, Дүниенің бар тұтқасы есеп десек. Есептен сайысады екі топ та, Алға озар ең мықтысы осы жолда. Сынып екі топқа бөлінеді: 1-топ- «Білгіштер» 2-топ- «Тапқыштар» Топ жетекшілері: Хисмутдинова К. Абылкасымова Ж. Әділқазылар алқасы сайланады. Әр топ таныстырады. 1-топ: Өнер қуған математик жастармыз, Есебіңді, мысалыңды лезде шешіп тастармыз. 2-топ: Сегіз қырлы, өнері тасып туғандар. Тобымызда өңкей тапқыр қырандар. 1-тур: (Дайындық кезеңі. Психологиялық дайындық) «Қағып ал да, айтып сал» (Көбейту кестесіне байланысты). 2-тур «Білгенге маржан» (орындарында отырып шешу). 1-топ: 1. Тіл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті. 2. 6н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні. 3. Еңб2-адамның 2нші анасы. 4. Ерінш2тің ертеңі біт5. 2-топ: 1. Әкесіз 7м – жарты 7м, Шешесіз 7м, анық 7м. 2. Оқу мен еңб2 8. 3. 2үйге 1 көсеу. 4. Саусағы >биші болар, Құлағы > күйші болар. 3-тур: Экологиялық тәрбие. «Құстарға қамқорлық» (жарыс ретінде орындау, бөлу амалына) 4-тур: «Ой жұмбақтар елінде» (логикалық есептер) 1-топ:Бір бала түс көрген екен. Арты биік жар, алды-теңіз. Оң жағында жолбарыс келіп қалыпты, сол жағында лаулаған өрт. Осы қоршаудан бала қалай құтылған деп ойлайсыңдар? 2-топ: 4 ағайынды көшелерді аралайды. Біреуі біреуінен қалыспайды. Бұл не? 2-топ: Шырылдауық ала жаздай ән салып, 1 тәуліктің жартысын ұйықтап, үштен бірінде ән салды, алтыдан бірінде би биледі. Қалған уақытында қысқа дайындық жасаймын деді. Қысқа дайындыққа қанша уақыт кетті? 1-топ: Егер ең үлкен екі таңбалы саннан екі сегізбен жазылған санды алсақ, шыққан санға ең кіші екі таңбалы санды қоссақ, сонда біздің сыныптағы қыздар саны шығады. Сыныпта қыз бала нешеу еді? 5-тур: «Топпен жұмыс» 1-топ 2-топ N*N=49 N*Z=32 M*N=56 Z*F=32 E-M=2 Z*F=8 N+M+E=25 F*F=4 6-тур: Топ жетекшілеріне тапсырма Қалған оқушылармен геометриялық фигурамен жұмыс. 7-тур: «Жұмбақ есептер» 2-топ: Маймылдың үш баласы, Дүкен жаққа сабылды. Әрқайсысына оқитын 5 кітаптан алынды Тек ақымақ маймылдар Дұрыс санай алмады. Неше кітап көмектес, Маймылдардың алғаны. 1-топ: Көбелектер далада, Гүл күлтесін санаған Әрбір гүлде 5 күлте Алты гүл бар жиыны Күлте нешеу санашы Бар ма осының қиыны? 8-тур: «Мөлдір бұлақ». 1.Бес парыздың бірі. 2. Жүк артқан керуен. 3. Баланың ісі. 4. Құрметтеу, марапаттау. 5. Үлкен сөзінің антонимі. 6. Қатар. 7. Кісі есімі. 8. Көгершін, қарлығаш. 9. Біржан. 10. Еркін. 11. Таса шығатын шөп. Қорытынды. Әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңген топ марапатталады. Өте белсенді қатысқан оқушыларға сыйлық беріледі.
|