ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ ТАТЫХАНОВ САЙРАН ТУСУПКАНОВИЧ ШҚО, Семей қаласы, Ақбұлақ орта мектебі, математика пәні мұғалімі Пәні: алгебра Сыныбы: 9 сынып Тақырыбы: ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Геометриялық прогрессия туралы түсінік. Георметриялық прогрессияның п-ші мүшесін табу формуласы, геометриялық прогрессияның анықтамасы. Мақсаты: Геометриялық прогрессияның анықтамасын білу, п-ші мушесін табатын формуланы білу. Көрнекіліктер: плакат, шахмат тақтасы, бидай дәні. Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ. І. Ұйымдастыру: 1) оқушыларды түгендеу, сынынтың сабаққа дайындығына назар аудару. ІІ. Өткен тақырыпты қайталау а) арифметикалық прогрессия дегеніміз не? ә) арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын кім жазады б) арифметикалық прогрессияның алғашқы п-ші мүшесінің қосындысының формуласын жаз. в) арифметикалық прогрессиясына арифметикалықортасы дегеніміз не? ІІІ. Жаңа тақырып Бүгін санды тізбектің тағы бір түрі «Геометриялық прогрессияны» қарастырамыз. Аңыз – әнгіме айтып беру. Ертеректе Үндістанда шахмат ойыны шығыпты. Үндістанның шахы бұл ойынды ойнап, ойын өзіне қатты ұнайды. Сондықтан шахматты ойлап табушы адамға үлкен- сыйлық бермекші болыпты. Ойлаушы адамға «қазынасынан не алсаңда қолыңды тартпаймын, барын ала бер» - дейді.Бірақ ол адам алтын сыйлықтан бас тартады да, төмендегі ұсынысты айтады: Маған шахмат тақтасынан әр клеткасына бидай бер, шарты төмендей: «1 клеткаға бір бидай, 2 – клеткаға 2 бидай, 3 клеткаға 4 бидай, 4 клеткаға 8 бидай т.с.с. 64 клеткаға осынша бидай беру керек» Шах шахмат ойлаушының ұсынысына ренжіп, уәзірлеріне «Мына ақамақ шалға беріңдерші, сұраған бидайын»- дейді. Шахмат ойлаушы ішінен мырс етіп күліп, шығып кетеді. Сондағы бидай саны: 18446744073709551615 – болады 18 квинтиллон 446 квадрилион 744 триллион073 миллярд 709 миллион 551 мың 615 болады. 2^64-1 1; 2; 4; 8; 16; 32; ..........
|