Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Жай бөлшектер А. Махметова, №30 жалпы орта білім беретін мектептің математика пән мұғалімі Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың мақсаты: өткен материалды жүйелеу, жалпылау, қайталау; алған білімдеріне бақылау жасау. Сабақтың міндеттері: –білімділік: өткен материалды жалпылау және қайталау –дамытушылық: оқушылардың логикалық және кеңістікте ойлау қасиеттерін дамыту, есте сақтау, топпен жұмыс істеу, анализ жасау қасиеттерін, ақпаратты көзбен және тактикалық жолдар арқылы қабылдау дағдыларын қалыптастыру –тәрбиелік: эстетикалық тәрибе, жауапкершілікке, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Жұмыс формалары: жекелей, топтық. Оқыту әдістері: ауызша, көрнекі, тәжірибелік, проблемалы. Жабдықтар: мультимедиалық проектор, түрлі-түсті қарандаштар, таратпа материалдары. Оқу-әдістемелік жабдығы: Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика. 5 сынып. –Алматы: Атамұра, 2005. -336 бет. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі; Сабақтың мақсаты мен міндеттері; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; ІІІ. “Математикалық шолу” викториналық сұрақтар; IV. Білімді бекіту. 1. Әр түрлі тапсырмалары; 2. “Кім жылдам?” ойыны; 3. Оқулықпен жұмыс. V. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау; VI. Үй тапсырмасын беру. І. Оқушыларды түгендеп, аудиторияның дайындығына назар аудару. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Көрсетілген үлестерді, фигураларға бояп салыңдар ЖАУАБЫ: ІІІ. “Математикалық шолу” викториналық сұрақтар: Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді? Қандай бөлшектерді бірлік бөлшектер деп атайды? Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту деген не? Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек дейміз? Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? Аралас сан дегеніміз не? IV. Білімді бекіту. 1. Әр түрлі тапсырмалары; 2. “Кім жылдам?” ойыны; 3. Оқулықпен жұмыс. №426. Ертіс өзенінің ұзындығы 4250 км. Оның бөлігіне тең ұзындығы біздің еліміз – Қазақстанның территориясы арқылы өтеді. Ертіс өзенінің Қазақстан территориясы арқылы неше км өтеді? Жауабы: 1700 км. №434. Лиза, Лаура және Мадина мерекелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті. Оның Лиза -ін, Лаура -ін даярлады. Қалғанын Мадина дайындады. Мадина неше тоқаш даярлады? Жауабы: 4 тоқаш. V. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау; VI. Үй тапсырмасын беру. №432, №435. | |
Просмотров: 2500 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|