Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті- ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау. Пифагор- арифметика, геометрия, астраномия, музыка ғылымдарына үлес қосқан ғалым. . Пифагордың есімін есімізге сала беретін оны тарихта қалдырған ғылым геометрия болып табылады. Пифагор теоремасы арқылы көптеген теоремалар мен формулалар дәлелденеді. Пифагор теоремасы математика саласының дамуына қажет болғандықтан , бұл теореманы тереңірек ұғып түсіну кепек.Мектеп математика курсының мазмұнында қарастырылып отырған теорема не үшін керек екендігін оқушыларға барлық кездескен жағдайларда түсінікті болатындай етіп ашу. Cабақтың тақырыбы : § 9 Пифагор теоремасы Білімділік мақсаты : Пифагор теоремасының мәнін түсіндіру. Пифагор теоремасын пайдаланып үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табуды үйрету. Дамытушылық мақсаты : Есептер шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Математикалық тілде өз ойын дұрыс қорыта отырып , әдеби тілде жеткізе білуге тәрбиелеу. Көрнектілігі: Интерактивті тақта , слайдтар Пән аралық байланыс: математика, информатика, география, тарих, бейнелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы : І .Ұйымдастыру (сыныпта келмеген оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру ) ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ.Қайталау сұрақтары ІV. Жаңа сабақ V. Есептер шығарту VІ. Бағалау VІІ.Үй тапсырмасын беру VІІІ .Тарихи мәліметтер ІІІ.Өткен сабақты қайталау «Жалғасын тап» ойыны Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғаны ............ дейді. Сүйір бұрыштың косинусы деп ............. Сүйір бұрыштың синусы деп ........... Сүйір бұрыштың тангенсі деп ...................... Сүйір бұрыштың котангенсі деп .................... ІІ. Жаңа сабақ Теорема: Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең. Дәлелдеу: Стөбесі тік, катеттері а, в және гипотенузасы с болатын АВС тікбұрышты үшбұрышы берілсін. Белгілеулерді пайдаланып , ( 1 ) болатынын дәлелдейміз. Берілген үшбұрыштың тік бұрышының С төбесінен АВ гипотенузасына СД перпендикулярын түсірсек , екі АСД және ВСД тікбұрышты үшбұрыш пайда болады. АСД және ВСД тікбұрышты үшбұрышының α сүйір бұрышының косинусын табамыз: Бұдан (2) аламыз. Енді АBC және ВСD тікбұрышты үшбұрыштарынан сүйыр бұрышының косинустарын жазамыз: cos = Осыдан (3) Аламыз. (2) және (3) теңдіктерді мүшелеп қоссақ, шығады. AD + DB = AB = c екенін ескерсек, (1) теңдік түріне ие болады.Теорема дәлелденді. (Пифагор теоремасына кері теорема). Үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысына тең болса, онда үшбұрыш тік бұрышты болады. V. Сыныпта №126 (1), №126, №129, №130. №126 №126 (1) Бер: АBC-тік бұрышты үшбұрыш а=6, b=5 т/к: c=? №126 Бер:ABC-тік бұрышты үшбұрыш а= 3 с= 5 т/к: b=? VІІ.Үйге тапсырма: № 126 (2,3), №128. VІІІ .Тарихи мәліметтер .Теореманың тарихы ежелгі Қытайдан бастау алады.Ондағы негізгі назар аударатын математикалық кітап Че- пей. Бұл шығармада қабырғалары 3, 4, 5 –ке тең пифагор үшбұрышы туралы айтылады. «Егер тік бұрышты құрайтын 3-ке тең қабырға мен 4-ке тең биіктіктің ұштарын қоссақ пайда болған түзу 5-ке тең болады» Гректің ұлы математигі, әрі философы Пифагор Самоский осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген.Пифагор Шығыс елдерінде, Египетте және Вавилонда көп саяхат жасаған.Оңтүстік Италиядның грек колонияларының бірінде ежелгі Грецияның ғылыми және саяси өмірінде үлкен роль атқарған белгілі «Пифагор мектебінің» негізін салған.Кейбіреулер оны шалбардың суреті сияқты деп есептеген. Орта ғасырлардағы мектептерде Пифагор теоремасын жыл бойы жаттайтын болған. Сонда жаттай – жаттай жалыққан шәкірттер былай деп әндетіп те қояды екен: Пифагордың шалбары, Ышқыры кең,ауы тік , Соңымыздан қалмады. Бір балағы тар – дағы. Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің математика пәні мұғалімі Мұқатаева Айгүл Қазтайқызы | |
Просмотров: 4250 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|