Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формуласын өрнектерді түрлендіруде қолдана білу бейімділігін қалыптастыру; 2. Дамытушылық: Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге көрсетілген формулаларды кері тәртіпте қолдана білу қабілетін қалыптастыру, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету; 3. Тәрбиелік: Есеп шешімін іздей отырып, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Ақпараттық-комуникациялық техниканы пайдалану Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеп, сабақ мақсатымен таныстыру. 2. Үй жұмысын тексеру. Интерактивті тақтада үйге берілген есептің шешуі көрсетіледі. Оқушылар өздері тексереді. Қателерін түзетеді. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. а3+в3 =(а+в)(а2-ав+в2) (6) а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2) (7) Осы формулаларды дәлелдейік. Ол үшін теңдіктің оң жағына көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз. Сонда, (а+в)(а2-ав+в2) =а3-а2в+ав2+а2в-ав2+в3=а3+в3 а2+ав+в2 өрнегі екі өрнектің қосындысының толымсыз квадраты деп аталады, ал а2-ав+в2 өрнегі екі өрнектің айырмасының толымсыз квадраты деп атайды. (6) формуланың тұжырымдамасы былай айтылады: екі өрнектің кубтарының қосындысы осы екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толымсыз квадратына көбейткенге тең болады. (7) формуланы осы жолмен оқушылар өздері дәлелдейді. (7) формуланың тұжырымдамасы былай айтылады: екі өрнектің кубтарының айырмасы осы екі өрнектің айырмасын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең болады. 1-мысал 27х3+у3=(3х)3+у3=(3х+у)(9х2-3ху+у2) 2-мысал (m-2)(m2+2m+4)-m3 өрнегін ықшамдайық. (m-2)(m2+2m+4)-m3= m3-8- m3=-8 4. Жаңа тақырыпты бекіту Интерактивті тақтада көрсетілген есептің дұрыс жауабын стрелкамен сәйкестендіреді. Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазыңдар: 1.(а+2в)(а2-2ав+4в2) 2.(3а-2в)(9а2+6ав+4в2) 3.(2а-в)(4а2+2ав+в2) 4.(3в+2а)(9в2-6ав+4а2) а3+8в3; 27а3-8в3; 8а3-в3; 27в3+8а3 Төмендегі тапсырма интерактивті тақтадан көрсетіледі, бұл есептің шешімі жасырылып тұрады, оқушылар дәптерлеріне шығарып жауабын тақтамен салыстырады. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңдер: 1. 27-а3=(3-а)(9+3а+а2) 2. в3+125=(в+5)(в2-5в+25) 3.64m3-1=(4m-1)(16m2+4m+1) 4.8p3 +q3=(2p+q)(4p2-2pq+q2) 5. Есептер шығару Оқулықтағы №216, 221 есептер тақтада орындалады. №216 1.(а-1)(а2+а+1)-а2(а-8)=а3-1-а3+8а2=8а2-1=-49/81 2. (в+2)(в2-2в+4)-в(в2-1) =в3+8-в3+в=8+в=22/3 3. 2х3+7(х2-х+1)(х+1) =2х3+7х3+1=9х3+1=55/64 4. у3-(у-3)(у2+3у+9) =у3-у3+27=27 №221 1. (х+2)(х2+2х+4)-х(х-3)(х+3) =26 3. (2х-1)(4х2+2х+1) =23+4х(2х2-3) х3+8-х3+9х=26 8х3-1=23+8х3-12х 9х=18 12х=24 х=2 х=2 2. (х-3)(х2+3х+9)-х(х2-16) =21 4. 16х(4х2-5)+17=(4х+1)(16х2-4х+1) х3-27-х3+16х=21 64х3-80х+17=64х3+1 16х=48 -80х=-16 х=3 х=1/5 6. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау. 7.Үйге тапсырма беру. №213(5-8), №214(1-4) | |
Просмотров: 5240 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|