Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Ақтөбе қаласы Благодар орта мектебі Бастауыш класс мұғалімі: Ермаканова Айгүл Бартайқызы. Математика 1 класс Тақырыбы: 10 санының құрамы Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 10 санының құрамымен таныстыру, есеп шығаруға арналған дайындық жұмысын ұйымдастыру. Оқушыларды ауызша есептеуге дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қызығушылықтарын ояту. Шығармашылыққа баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: деңгейлік тапсырма, логикалық есептер, жанама есеп, кері есеп. Көрнекілік: ауызша есептер, суреттер, тапсырмалар, Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру бөлімі. 1.Сабақтың мақсатын хабарлау. Психологиялық қалып. 2. Ауызша есептеу «Баспалдақ ойыны» кім шап шаң? 2+1= 8+2= 9+1= 1+3= 4+2= 6-2= 8-3= 9-3= 7+2= ІІ. 10 санының құрамын анықтау «Менің үйім ең биік» ойыны Оқулықпен жұмыс 2 – тапсырма. Есеп шығаруға дайындық. Амалдарды таңдауды нақтылап, сурет бойынша өрнек құрастыру. Шарты: Себетте 10 жіп Мысық ойнады – 4 жіппен Себетте қалды - ? Шешуі: 10-4=6 (жіп) Дәптермен жұмыс 3- тапсырма. Деңгейлік тапсырма 1-1 9-2 9-3+1 7+2 10-7 10-5+3 8+2 8-8 6+4-2 ІІІ. Өлең-есеп. «Торғай нешеу?» Талдан ұшты көп торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында оның қостаушы. Және тағы қарасақ, Қайта оны санасақ, Соңында біреу қап келді, Алдында төртеу,топ келді, Үшеуі қатар жарысқан, Түзіліп үшеу қалыспан. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу,есепкер (5 торғай) ІV. Сергіту сәті а) «Санамақ құрастыра білеміз бе?» (Ұйқасын табу) 1 дегенім білім, ... 2 дегенім еңбек, ... 3 дегенім үміт, ... 4 дегенім талап, ... 5 дегенім бірлік, ... 1 дегенім білім, білім жарық күнің. 2 дегенім еңбек, еңбек бәрін жеңбек. 3 дегенім үміт, үмітсіз жоқ жігіт. 4 дегенім талап, талмайтын қанат. 5 дегенім бірлік, бірліксіз жоқ тірлік. V. Есепті басқаша құрастыр: (кері есеп, немесе жанама есеп құрастыру) а) - Автобуста 30 жолаушы келе жатты. Аялдамадан 10 жолаушы түсті. Автобуста неше жолаушы қалды? ә) - Автобуста 30 жолаушы келе жатты. V. Логикалық есептер шығару. 1) Бір қыз бала қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 2) Көлден ұшты 7 үйрек, қайтып қонды екі үйрек Қонбады оның нешеуі, қане кім шешеді? VІ. Қорытындылау | |
Просмотров: 3745 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|