Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы «Жанай орта мектебі» Математика пәнінің мұғалімі Серекбаева Камиля Капеновна Тақырыбы: «Қызықты логика» Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, математикалық есеп, мысал шығара отырып, қызығушылығын арттыру. Міндеті: Білімділік Оқушылардың логикалық қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту. Дамытушылық Шапшаңдыққа, алғырлыққа, білімділікке және оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Тәрбиелік Оқушыларды сауаттылық, ұжымдасып жұмыс істеуге, ұлттық салт-сананы қалыптастыра отырып, патриот болуға, ұлттық дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : аралас және жарыс сабақ Көрнекіліктер: слайд, сөзжұмбақ, мақал-жұмбақтар, ребус, алмалар, текшелер, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу рәсімі) Әр топ өз ұранын айту. 1. «Тапқырлар» тобы Ұраны: «Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы». 2. «Білгірлер» тобы Ұраны: «Білімдіге дүние жарық Білімсіздің күні кәріп». 3. «Алғырлар» тобы Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ». 4. «Ойшылдар» тобы. Ұраны: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез». - Ойларың өте жақсы. Бүгін, балалар сендердің осындай білімдеріңді, алғырлық, шапшаң, терең ойлы екендеріңді тексеріп көрейік. (Ребус көрсету) - Қазына дегеніміз не деп ойлайсыңдар? - Қазына сөзін математикада қай санмен байланыстырамыз? (7) Кіріспе. Қазына дегеніміз – мол байлық. Біз бүгін сабақта тек қана осы қазына түрлерімен танысып қоймай ұлттық санамызды да қалыптастырамыз. І қазына – «Алғыр тазы». Тазы – иттің бір тұқымы. Ол өте алғыр, әрі сақ, ит қасқыр, түлкі ұстаған. Ит адамды , сонымен бірге үй, мал күзетеді. - Ендеше, біз де шапшаң, жылдамдығымызды көрсете отырып «Кім жылдам?» ойыны арқылы математикалық жұмбақтар шығарайық. Бір ағаштың он екі бұтағы бар, Әр бұтағында отыздан жапырағы бар. Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен түн). Алпыс төрт бөлмеде Отыз екі тұрғын бар. Ақ, қара қып бөлгенде Бірін-бірі қуғандар Жаны үшін де, саны үшін де Бермейді олар намысын. (шахмат). Бір көлден он екіден қаз ойнайды, Алсам деп бірін бірі наз ойлайды. Келгенде жақындасып қолтықтасып, Бір бүгін алмасына еш қоймайды. (дойбы) ІІ қазына – «Жүйрік ат». «Ер қанаты - ат» деген сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған, жылқының етін жеп, сүтінен қымыз ішіп, терісін пайдаланған. Тұтқиылдан жау шапса бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген. Біз де бүгін өз жүйріктілігімізді көрсетейік. «Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап» күтейік. - Алдарыңа жатқан суретті құрастыра отырып, соған байланысты жұмбақ құрастырайық. 1. Суда өлмейді, Сыртқа шықса өледі. (балық) 2. Мойны сұрақ белгісі, Аппақ, сұлу көл құсы. (аққу) 3. Қызыл күрең түрі бар, Онда емнің бәрі бар. (итмұрын) 4. Гүлдің нәзік жинайды, Адамға бал сыйлайды. (ара) ІІІ қазына – «Берен мылтық». Ертеде ата-бабаларымыз әр үйінде найза, қылыш, айбалта, мылтық болған. Мылтықты аң аулауға пайдаланған жаугершілік заманда дұшпандарын мылтықпен жайратқан. Сендер де айбарлы, әрі қырағылық танытып, өз тапқырлықтарыңды байқап көріңдер. «Ойлан тап». Амалды орындай отырып, жасырын сөзді тап. СУ + Е – У + МАЕ – А + Й = МЕЙ – КУ + ЕТЕ – Й –УЕ +П = ҚА + ЛО + АТ – АТ + МУ + СА +П= КАІ – АТА +П = ІV қазына – «Ер жігіт». «Ер – ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Мына кең байтақ жерімізді, өзен-көл, орман-тоғай жерімізді, көгілдір аспанымыздың ашық болуы үшін өз жанын аямаған қаншама ерлеріміз бар десеңші! Сендер де сол бабаларымыздың ұрпақтарысыңдар. Болашақта Отанын сүйер Қазақстанымыздың көркеюіне өз үлестеріңді қосатын, үлгілі іс жалғастырушы сендер. Ендеше мына есепті шығарайық: 1. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше кг картоп болуы тиіс? (48 және 52 кг) 2. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды? Немересі нешеге толды? (немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста) V қазына – «Сұлу әйел». Әйел ана, әйел жар, апа, қарындас. Ағаларымыз “сұлу әйел” дегенде көркі ғана емес, ажарына ақыл-парасатына сай, мінезге бай ананы айтады. Әрбір ана отбасының ұйытқысы, ырыс берекесі. Біз де өз анамыз сияқты, ақылды, парасаттылықты көрсетіп, келесіде неше үшбұрыш бар екенін анықтайық. 1. Есеп. Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 30 есе көбейтсе 2700ге тең болады. Данияр қандай сан ойлады? (90) 2. Жылқы 3 шелек су ішті, бұл түйе ішкен суға қарағанда 2 шелекке аз. Түйе қанша шелек су ішті? Есептің өрнегін көрсетіңіз. VІ қазына – «Қыран бүркіт». Ана шеті мен мына шетіне көз жеткісіз кең дала, көгілдір тауларды мекен еткен қазақ халқының ішінде қыран бүркіт ұстаған саяткерлер де мол болған. Қыран бүркітті балапан кезінен баулып, қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, тұлкінің терісінен тымақ, ішік жасап киген. Сендер де өз қырағылықтарыңды көрсетіп, сызбадан жеміс-жидек аттарын тізбектейік. А Л А А Б А Қ Қ Ұ Л П Ы А М С Қ Ш Қ А Қ А Й А Н К А Р Е И А Т А Р О Р А А С Т Қ А Р А Ө Р І К М Л Ә О Г Қ Л Ш Б Н Қ А Ж М Б І З И Ы З А А Ж Р А Ұ Р Т Р Я Қ Ы К Л А Р П VІІ қазына – «Ілім-білім». Қорытынды. Адам баласы әрқашан ілім-білімге ұмтылып келеді. Тек білім, оқудың арқасында ғана осы жетістіктерге келіп отырмыз. Сендер де ілім-білімді, ғылымды игерсеңдер ешқашан қор болмайсыңдар. Қазір біз «Алма теру» ойыны арқылы тақырыптың атын ашайық. Бағалау. Үйге: Жеті қазынаға байланысты 7 санын байланыстырып математикалық жұмбақ құрастырып келейік. | |
Просмотров: 4959 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|