Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Математикалық сайыс, 5 сынып
Сынып: 5

Пәні: математика
Математикалық сайыс
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Сайыстың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,
қызығушылығын арттыру.
Құралдары: «Дұрыс шешімін тап » көк түске, «Сұрақ-жауап» қызыл түске, «Ойлан да, тап» сары түске, «Құпия сырын аш» жасыл түске боялған 4 тор көзді слайд, ұпайлар жазылған көк, сары,қызыл, жасыл карточкалар, таза парақтар, слайдтағы тапсырмалар.
Ойынға қатысушылар: «Үшбұрыш»,«Шаршы»,«Дөңгелек» оқушылар тобтары және 2 жүргізуші.
Ойын шарты: 3 топ 3үстелді дөңгелектене отырады.
Ойын бойы топтар кезекпен бір түсті тор көзді таңдайды.
Көк тордағы тапсырма әр топқа жеке беріледі. Дұрыс жауабын тапса, 5ұпай беріледі, таппаса, онда дұрыс жауап тапқан топқа беріледі.
Сары тордан таңдаса 1 сұрақ жалпы қойылады. Әр топ есептің жауабын жазбаша түрде береді.Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпайдан беріледі.
«Құпия сырын аш» жасыл тордан таңдаса, 1сұрақтағы жасырынған зат жұмбақталып айтылады. Жұмбақталған заттың атын әр топ қағазға жазып береді. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 2 ұпайдан беріледі.
Қызыл тордан таңдаса, әр топқа жеке сұрақтар қойылады. Әр топ 1 минутта қанша сұраққа жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай алады.
Әр бөлімге берілетін ұпай саны:
Көк түс- 5ұпай.
Жасыл түс- 2 ұпай.
Сары түс- 3 ұпай.
Қызыл түс- қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай.
Ойын барысы:
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ауыздан-ауызға таратылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл есептер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды шығаруда негізінен адам ойының ұшқырлығы ескеріледі.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Математикаға қызығушылар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар!
5-Е оқушылардың сәті келді сыналар.
1-жүргізуші. Математика сырлары қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді.
2-жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі.
1-топ: топ- «Үшбұрыш»
Ұраны: Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
2-топ: топ- «Шаршы»
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
3-топ: топ- «Дөңгелек»
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
1-жүргізуші: Жеңеміз деп ойлаңдар, балалар,
Ақыл жастан деп айтқан ғой даналар.
Тапқыр болсаң –талас жоқ деп әкелер,
Жас талапқа әрқашан да жол берер.
Ойынның негізгі бөлімі.
Сары тордағы тапсырмалар:
№1 Екі таңбалы санның 1-ші цифрын сызып тастағанда алғашқы саннан 31
есе кіші сан шығады.Қандай санның қай цифрын сызып тастау керек?
Жауабы: 31 62 93
1 2 3
31, 62,немесе 93 санының бірінші цифрын сызып тастау керек.

№2. 5 алма бар. Келген бала алтау. Осы бес алманы 6 балаға тең етіп қалай бөліп беру керек? Бірақ ешбір алманы 6 бөлікке, не одан көп бөлікке бөлуге болмайды.
Жауабы: 3 алманы 2 бөлікке және 2 алманы 3 бөлікке бөлу керек.

№3.Ауылда 28 үй бар. Оның 15-нің түйесі, 8-нің сиыры, 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйдің малы жоқ?
Жауабы:15-6=9үйдің тек түйесі бар
8-6=2 үйдің тек сыйыры бар.
9+2=11 үйдің не сиыры, не түйесі бар.
11+6=17 үйдің малы бар.
28-17=11 үйдің малы жоқ.
Көк тордағы тапсырмалар:
№1. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере.

№2. Қорада тауықтар және қояндар бар.Олардың барлығы15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?
Жауабы:5тауық, 10 қоян бар.

№3. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?
Жауабы: 33 адам және 43 адам.

№4. Бір жанұяда 6 бала бар. Әр баланың жасы-жай сан. Бес баланың жасы ең кішісінің жасынан 2, 6, 8, 12 және 14-ке артық. Ең кіші бала неше жаста?
Жауабы:5,7,11,13, 17, 19.

№5 Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
Жауабы: кеседегі шәй құрғақ болған.

№6 Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарапотыр.Олар біріне –бірі:«Достым, мен сені көріп отырмын,»- дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?
Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр.

№7. Бірінші әке баласына 150 қой, екінші әке баласына 100 қой бөліп берді.Сонда екі баланың өз әкелерінен алған барлық қойларының саны-150. Бұл қалай болғаны.
Жауабы: енші беру ата, бала, немере арасында өткен.
Қызыл тордағы тапсырмалар:
1)3 кесіндіден құралған фигура.
2)7 жай сан ба, құрама сан ба?
3)10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі.
4)Ең кіші натурал сан.
5)Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
6)Параллелепипедтің үш өлшемі.
7)Тәуліктің төрттен бір бөлігі.
8)Ең үлкен екі таңбалы сан.
9)Бір центнерде неше кг?
10)Жарты алманың жартысы неге тең?
11)Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
12)24-тің барлық бөлгіштері.
13) Барлық цифрлардың саны.
14) Бір таңбалы сандар ішінде неше жай сан бар?
15) Екі қолда 10 саусақ. 10 қолда неше саусақ?
16) Бір айда 5 жексенбі күні болу мүмкін бе?
17) Екі жұп сан өзара жәй болу мумкун бе?
18) Белгісіз санды 5-ке бөлгенде қалдығы 4 шықты. Белгісіз сан қай цифрмен аяқталу мүмкін?
Жасыл тордағы тапсырмалар:
Бұл сектор-« Құпия сырын аш» деп аталады.
Балалар, алдымызда біздің мемлекетіміз үшін қандай үлкен мереке?
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл.Оны қалай түсінесіңдер?
Міне, осы 20жыл ішінде біздің еліміз тәуелсіз болып, рухани және экономикалық биікке көтеріліп,еңселі мемлекеттер қатарына қосылды .Халықты жасайтын тарих, тарихты жасайтын жеке тұлғалар. 20 жыл ішінде Астана қаласы да өсіп, көркейе береді. Сонымен, бұл «Құпия сырын аш» сектордағы сұрақтар бойынша жасырынған Астананың көркем кешендерін танып, қағазға жазасыңдар.
1. Оның биіктігі 91 м.Ол Астананың 10 жылдық тойына 06. 06. 2008ж ашылған. Оның жоғарғы жағында самұрық құсы бейнеленген.Ал іргесінде төрт жеке мүсіндік барельеф салынған: Президент және Қазақстан халқы; Қаһармандық; Жасампаздық және Болашақ. Бұл монумент қалай аталады?
Жауабы: Қазақ Елі.
2)Оның биіктігі 97м. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшкен жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді.Ол өзінің сыпайы сұлулығымен, сәулеттік сымбатымен адамды тарта түседі. Ол металдан, әйнектен және темірбетоннан жасалған. Оның үстінде жерден 77м биіктікте үстінгі ауданы 1553 шаршы метрге тең Алтын шар орналасқан. Бұл не?
Жауабы: Астана –Бәйтерек кешенін жобалаған талантты сәулетші Ақмырза Рүстембеков басқарған тобы-сәулетшілер с. Базарбаев пен Ж Айтбалаев, инженер –конструктор М. Вайнштейн, дизайнер А. Оспанов.

3) Оны жасау идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтікі, ал авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер.Оның ішінде 8қабат бар.Ол Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Ол не?
Жауабы: Пирамида - Бейбітшілік пен келісім сарайы.

1) Оның биіктігі 150м. Авторы-Норман Фостер.Ғимараттың іші бірнеше табиғи ландшафтпен безендірілген. Ішінде аквапарк, бассейн, сауда ойын -сауық орталары бар. Бұл не?
Жауабы: Хан-шатыр .
Ойынның қорытындысы:
Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды марапатталады.
«Тапқыр болсаң – талас жоқ», деп текке айтылмаған. Әр адам өзінің ой ұшқырлығымен, тапқырлығымен, шеберлігімен елінің көркеюіне үлес қоса алады.
Категория: Математика | Добавил: ugulnar1956 (2012-02-26) | Автор: Уразбекова Гульнар Каменовна E
Просмотров: 14190 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.4/10
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2026-03-15, 6:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [872]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru