| Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
| 7 сынып, алгебра Сабақтың тақырыбы: Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Сабақтың мақсаты: Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын меңгеру Сабақтың міндеттері: -дәреженің қасиеттерін деңгейлік тапсырмалао орындауға қолдану дағдысын қалыптастыру; -стандартты емес жаттығуларды терең талдай отырып, орындауға үйрену; Сабақтың типі: жаңа білім игеру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау ІІІ. жаңа білім игеруге даярлық: ауызша теориялық сұрақ-жауап: 1) Дәреже туралы не білеміз? 2) Квадраттың ауданын, кубтың көлемін есептеуде қолданылатын негізгі формулалар жазылуы? 3) 2^3 және 2∙3 амалдарын орындауды негіздеп түсіндір. 4) 3 санының өзіне-өзініңкөбейтіндісін он рет қалай жазу тиімді? 5) Көбейтіндіні дәреже түрінде жазудың қажеттілігі және тиімділігі неде? ІV. Жаңа білім игеру: А)а∙а∙а…∙а=а^n (оқушылар тірек білімі негізінде ойларын түйіндеп, дәреже анықтамасын тұжырымдайды) В)Дәрежені есептеуге ауызша жаттығулар орындау: 2^5; (1/3)^3; 〖0,8〗^2 т. с. с. С)Натурал көрсеткішті дәреженің негізгі қасиеттерін қорытып шығару (оқушылар өз бетінше жұмыс арқылы дәреженің әр қасиетін тұжырымдап жазады, мысалдар келтіреді.) Д) бүтін көрсеткішті дәреженің аныұтамасын негіздеп, тұжырымдау, мысал келтіру V. Жаңа білімді бекіту: деңгейлі жаттығулар орындау А – деңгейі: ауызша орындап әр жауапты толық негізде: 〖0,3〗^3; 〖-5〗^4; (-5)^4; (1/7)^2; (1,3)^2; 1^70; 〖-1〗^7; 〖2+4〗^3; 〖1:10〗^2. В – деңгейі:жазбаша ((х^100 )^2∙(х^3 )^70)/(х^9 )^5 = өрнегінің мәні х=-2 болғанда есепте. С – деңгейі:жазбаша 1)Ықшамда: (-1)^2n: (-1)^3 2)k-ның кез келген натурал мәнінде 3^4k саны 1 ге аяқталатынын дәлелде 3)k-ның кез келген натурал мәнінде 〖10〗^k - 1 саны 3 ке еселік болатынын дәлелде VІ .Үйге тапсырма: 3А+2В+С деңгейлік тапсырмаларын орындау [дидактикалық материалдар жинағынан 15бет,53 бет.] VІІ. Сабақты қорыту. | |
| Просмотров: 7006 | | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|