| Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Турсунбаева Зулфия Исақызы Астана қаласындағы № 14 мектеп-гимназиясының І санатты математика пәні мұғалімі Мұғалімнің ұстанымы: «Жинақтаған өз білімімді, жас ұрпаққа жеткізе білу».. 8 сынып. Алгебра Сабақтың тақырыбы: у =ах^2+ n және у=а〖(х-m)〗^2 функциялары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды "квадраттық функция” ұғымымен таныстыру, белгілі графиктердің көмегімен квадраттық у =ах^2+n және у=а〖(х-m)〗^2 фунцияларының графиктерін салуды үйрету, өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету. Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, филипчарттар, плакаттар, тесттер, кеспе қағаздар. Сабақтың түрі: Жарыс түрінде жаңа тақырыпты меңгерту сабағы. Сабақта қолданылатын әдістер: Рейтингілік жүйемен білімдерін байқау әдісі. Деңгейлеп оқыту технология элементтерін қолдану. Пәнаралық байланыс: Физика және геометрия пәнімен байланысты Сабақтың барысы:I .Ұйымдастыру кезені II.Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру III.Теориялық материалды үйрету IV. Ауызша есептер шығару V. Деңгейлік тапсырмаларды орындау VI.Топ жетекшілеріне тапсырма VII. Тест тапсырмасын орындау VIII.Сабақты қорытындылау IX.Оқушыларды бағалау X.Үйге деңгейлік тапсырма беру I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу, жетекшілерін таныстыру. Оқушыларды бағалау кестесімен таныстыру. II.Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру: Оқушылар өздері жасаған флипчарттарды интерактивті тақтада қорғайды. Сыныптағы 4 оқушыға алдыңғы сыныптардағы математика курсынан мына у=ах+в,у =ах^2,у =ах^3 ,у= к/х функцияларға флипчарттар жасау тапсырылған. Берілген функциялардың қасиеттері және осы функциялардың графиктерін салу. Дұрыс орындаған оқушыға 4 балл беріледі, бағалау кестесіне белгіленеді. III.Теориялық материалды үйрету: Оқушыларға интерактивті тақтада теориялық материалды үйретемін 1. Квадраттық функция. Анықтама: у = ах2+bх+с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайды. Мұндағы а, b, c – нақты сандар, а≠0, х – тәуелсіз айнымалы. Мысалы. у=7х2+5х-3, у=-12х2-3х , у=8х2-5, у=16х2 2. y=ax2, y= ax2+n , y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті •а коэффициентінің таңбасы параболаның тармақтарының бағытын көрсетеді: а>0 болса, параболаның тармақтары жөғары бағытталған, а<0 болса параболаның тармақтары төмен бағытталған болады. •а коэффициентінің мәні: y= а х2, y=ах2+n, y= а(х-m)2 функциялардың графигі а>1 болғанда, y= х2 функциясының графигінен ордината осі бойымен а есе созу 0<а<1 болғанда, абсцисса осіне қарай 1/а есе сығу арқылы шығады 3. y= ax2+n функциясының графигін салу: Мысал: y= x2+2 функциясының графигін салайық .Осы мысал арқылы n-нің мәніне байланысты y= ax2+n функциясының орналасуы қандай болатыны туралы қорытынды жасауға болады. x -2 -1 0 1 2 y 6 3 2 3 6 Қорытынды: y= ax2+n функциясының графигі, y=ax2 функциясының графигін ордината осі бойымен n>0 болғанда жоғары немесе n<0 болғанда төмен |n| бірлікке жылжыту арқылы алынған парабола. 4. y= a(x-m)2 функциясының графигін салу: Мысал.y= (x-3)2 функциясының графигін салалайық. Осы мысал арқылы m -нің мәніне байланысты y= a(x-m)2 функциясының орналасуы қандай болатыны туралы қорытынды жасауға болады. x 1 2 3 4 5 y 4 1 0 1 4 Осы мысалдан мынадай қорытынды шығаруға болады: y= a(x-m)2 функциясының графигі , y=ax2 функциясының графигін абсцисса осі бойымен m>0 болғанда оңға қарай немесе m<0 болғанда солға қарай |m| бірлікке жылжыту арқылы алынған парабола. • Физика пәнімен байланысты: Квадрат функция сызықтық функциядан кейінгі қарапайым және маңызды элементар функция болып табылады. Көптеген физикалық тәуелдіктер квадраттық функциямен өрнектеледі. Мысалы, v0 жылдамдықпен жоғары лақтырылған тас t уақыт өткенде жер бетінен S(t) = v0t - g/2t2 қашықтықта болады. •Геометрия пәнімен байланысты: Геометрия пәнінде дөңгелектің және шаршының ауданы квадраттық функциямен өрнектеледі. Мысалы, S = π r2, S = а2 IV. Ауызша есептер шығару: Ауызша есептер шығаруға 1балл беріледі. 1.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады? 1) у=5х2-6 , 2) у=4х2 , 3) у=7х-1 4) у=-3х2+х+7 5) у=x3+x+1 6) у=-9х2+4х 2.Сурет бойынша берілген функция мен графиктің сәйкестігін табу. Қорытынды анықтамалар құру. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау кестесінде балл белгілеу. V. Деңгейлік тапсырмаларды орындау: Сынып оқушылары интерактивті тақтада функция графигін сызып жарысады.Тақтаға тапсырманы бірінші орындаған топ мүшелері шақырылады және туға бірінші жеткен топ жеңеді. I деңгей есебін шығарған топқа 1 балл, II деңгей есебін шығарған топқа 2 балл, III деңгей есебін шығарған топқа 3 балл беріледі. Ту III деңгей y=|-х2 +3| функциясының графигін cалыңдар III деңгей y=|х2 - 4| функциясының графигін cалыңдар II деңгей y=3(х+2,5)2 функциясының графигін салыңдар II деңгей y= -2(х+1,5)2 функциясының графигін салыңдар I деңгей у=х^2-1функциясының графигін салыңдар I деңгей y=2,5+x2 функциясы ның графигін салыңдар Қорытынды анықтамалар құру. Есептерді шығарған топ оқушыларына бағалау кестесінде балл белгілеу.Туға бірінші жеткен топқа Қазақстан Республикасының туы беріледі. Аталған топ өз білімін ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап, алдағы уақытта ҚР дамуына өз үлестерін қосады деген ойдамыз. Жеке тапсырмаларды орындау: Топ жетекшілері тақтада кеспе қағаздағы функция графиктерін салады, сынып оқушылары кеспе қағаздағы тест тапсырмасын орындайды VI.Топ жетекшілеріне тапсырма: Топ жетекшілері тақтада кеспе қағаздағы функция графиктерін сызып жарысады. Дұрыс жауапқа 4 балл I топ жетекшісіне: у= 2х2-3 және у= 2х2+3 функцияларының графиктерін салу,II топ жетекшісіне: у= 3(х-1)2 және у= 3(х+1)2 функцияларының графиктерін салу VII. Тест тапсырмасы: Әр оқушы интерактивті тақтада берілген (оқушыларға кеспе тест қағазы таратылады) тест тапсырмасын орындайды. Тест тапсырмасының дұрыс жауабына 1 балл беріледі. Тест I нұсқа 1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады? А) 2х+3 В) х3 – х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -1 2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер: А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9) С) (х+1)(х+8) Д )жіктеуге болмайды. 3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған? А) қызыл В) көк С) жасыл Д) басқа 4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады? А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады. В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға жылжыту арқылы алуға болады. С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен жылжыту арқылы алуға болады. Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады. 5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта: А)1;-7/3 В) 1;7/3 С) 2;4 Д)8;1 Тест II нұсқа 1. Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады? А) 3х-5 В) х³ –2 х -17 С) х²-18х Д) 5х² -10х -7 2. х² - 9х+18 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер: А)(х+6)(х+3) В) (х+6)(х –3) С) (х-6)(х+3) Д)жіктеуге болмайды. 3.Суретте y=x²+4,5 функцияның графигі қандай түске боялған? А) қызыл В) көк С) жасыл Д) басқа 4. y=(x+4)² функцияның графигін y=x² функцияның графигінен қалай алуға болады? А) Ох осі бойымен 4 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады. В) Ох осі бойымен 4 бірлік солға жылжыту арқылы алуға болады. С) Оу осі бойымен 4 бірлік төмен жылжыту арқылы алуға болады. Д) Оу осі бойымен 4 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады. 5. y=6x²-х-1 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта: А)1;2/3 В) -1/3; 1/2 С) 2;3 Д) 9;1 Қорытынды анықтамалар құру. Тест тапсырмасын шығарған оқушыларға бағалау кестесінде балл белгілеу. VIII.Сабақты қорытындылау: Сынып оқушыларына ой қозғау сұрағы қойылады. Функцияның графиктерін түрлендірудің қажеті неде ? IX.Оқушыларды бағалау: Әр оқушының тиісті балына байланысты бағасы бағалу кестесіне қойылады, әр топтың ұпайлар жиыны айтылады. X. Үйге деңгейлік тапсырма беру: № 247, №252, №257 8 сынып оқушыларының бағалау | |
| Просмотров: 3304 | | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|