Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Әліппе- білім бастауы
Мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Дамытушылық мақсаты: Ата –аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
3. Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы ағартушылар Абай, Ыбырай портреттері, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.
Мұғалім:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман – есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Әліппе- білім бастауы!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын! Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 «Б» сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
(музыка ойналып, түлкі ортаға шығады оның артынан қасқыр келеді)
Түлкі: Мынау неткен ғажап жер, қандай әдемі балалар? Мұнда не істеп жүрсіңдер? Біздің орманға ұқсамайтын қандай жер?
Балалар: (иықтарын көтеріп білмейміз дейді)
Түлкі: Оу, сендер түк білмейді екенсіңдер, әлгі қасекең қайда екен содан сұрайын, Қасеке ағасы...
Қасқыр: (музыка) Кім мені ұйқымнан оятқан, сонша неге айғайладың, (түлкі бұраңдап жанына барады) Сен екенсің ғой.
Түлкі: Ағасы қасеке мен ғой !
Қасқыр: Болсаң қайтейін бұнда неге келдің, даусың неткен заржақ еді!
Түлкі: Ағасы, сен әуелі қай жерде екенімізді айтшы, әйтпесе мына бүлдіршіндер ештеңе айтпайды.
Қасқыр: Оу, неткен тамаша, неткен әдемі жер, сен қуланып тұрып балаларды қорқытып алған жоқсың ба?
Түлкі: Жоқ қасеке өллақи- бүллақи менің жазығым жоқ.
Қасқыр: Әй, түлкі болды енді, мынандай жылы жерден бізді қумай тұрғанда ана жаққа барып аңдиық, балалар тегін жиналып тұрған жоқ, кәне жылдамдатып кетейік. (түлкі мен қасқыр бұрышқа кетіп қалады.)
Мұғалім: Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
1оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әлімппемен қоштасу тойымызға
2 оқушы: Шашу,шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық. (шашу шашылады)
Мұғалім:
- Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз ?
Оқушылар: Білім ордасы - мектепке келеміз.
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?
3 оқушы: Мектеп кеме, білім теңіз.
4 оқушы: Мектеп - білім ордасы.
Хормен: Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: «Мектебім»
(ән шырқалып біткенен кейін қасқыр мен түлкі шығады)
Қасқыр: Әй түлкі мектеп деген сөзді жиі естуші едім осы екен ғой.Түлкіжан сенің оқығың келе ме?
Түлкі: Қойшы, оқып қиналатын мені сонша ақымақ қой дейсің бе?
Қасқыр: Ал менің мына балаларға қарап оқығым келіп кетті, жарайды тағыда ойланып көрейін.
Түлкі: Ойланатын несі бар одан да тағы бақылайық , жүр - жүр қалған бір шыршамызды сатайық, одан да жаңа жылға ақша табайық (екеуі тағы да тұрған жерлеріне барады)
Мұғалім:
- Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Іші толған әріпке,
Бар білімнің бастауы
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті Әліппе, әліппе, әліппе!
Мұғалім: - Олай болса бәріміге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
(әліппе ортаға шығады)
Әліппе:
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане ортаға салайық!
Мұғалім:
Әліппе, бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан кұрмет тағына жайғасыңыз.
- Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету - біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән - күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
- Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып беріңдерші?
5 оқушы: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді, жаңылтпаш айтуды, жұмбақ жасыруды, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез - келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.
6 оқушы: Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.
7оқушы: Кел,балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей – ақ табылар.
8 оқушы: Абай - қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.
9 оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Әліппе: (балаларға бұрылып). Дұрыс – ақ! Екі тоқсан артта қалды.
Шәкірттерімнің алған білімдерін сынап көретін де уақыт жетті. Кәне, ықылас қоя тыңдаңдар.
Нені үйрендік?
-Арнұр: 42 әріпті, оқуды, қатесіз жазуды.
- Әлибек: нүкте, үтір, жақшаны білдік, азат жолмен шекараны білдік.
- Дарын: 10-дейін санауды, есеп шығаруды.
- Дильназ: бас әріптен бастап сөйлем жаздық, нүкте қойып аяқтадық.
Біз нені ажырата білеміз?
- Батыр: жақсылық пен жамандықты.
- Жалғас: ақ пен қараны.
- Санира: арамдық пен адалдықты.
Біз нені сүйеміз?
- Алдияр: Отанды.
-Бекарыс: ата-ананы.
- Адал: халқымызды.
Біз кім боламыз?
Ұлдар: адал азамат.
Қыздар: ақылды ару.
Хормен: оқымысты ғалым.
-Ясин: және Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын.
Хормен: елін сүйген ер «боламыз»!
Ән: «Өз елім»
10 оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
11 оқушы: Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен.
12 оқушы: Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін
13 оқушы: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс
Ән: «Мектеп бізді шақырады»
14 оқушы: Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болған кітаптың
Басы болған әліппем
15 оқушы: Әліппе - білім анасы
Әліппе – кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған
Адамның барма баласы?
16 оқушы: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
17 оқушы: Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп - көп рахмет!
18 оқушы: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кергенім.
Ән: «Әліппе!»
Мұғалім:
- Балалар, біз қазір «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз, мен сендердің білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер. Қасқыр мен түлкі не айтар екен.
Қасқыр: Бәрің білімді екенсіңдер. Мен сендерге ризамын, бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты, балалар сендер би билей аласыңдар ма? Осы жерде қыз балалар аз секілді, маңайым толған ұл балалар сендердің қолдарыңнан не келеді, кәне олай болса тамаша бір би билейік.
Би: «Мықтылар»
Мұғалім:
- Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік.
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Түлкі: Неге олай дейсің, жаман баға емес жақсы баға!
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Түлкі: Сен тіптен қателестің, екі дегенің тамаша баға.
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Түлкі: Оу, бәріңе не болған қателесіп, орта емес толық баға!
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
Түлкі: Жақсы баға? Оны кім айтты шатасып тұрсың, ол мүлдем жаман баға!
Қасқыр: Сен ала аяқ тағы не арамдық ойлап тұрсың! Балалар түлкінің сөзіне құлақ аспаңдар, ол сол бағаны өзі де білмейді, себебі мектепте оқымаған .
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Қасқыр: Бәрекелді естуімше төрт пен бес жақсы баға солай ғой балалар.
(Балалар: Әрине)
Мұғалім:
- Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?
- Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық .
- Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
- Әрине ол, 5 пен 4. Ендеше ол бағалармен дос болайық.
«2» мен «5» туралы не айтасыңдар?
Хормен: Екіге көз жасыңды төккенше,
Беске теріңді төк.
Ойын: «5 пен 2».
Қасқыр: Көрдің бе түлкі, балалар бағаның қайсысы жақсы екенін көрсетті.
Түлкі: Иә, енді есімде сақтаймын, сендер дұрыс айтыпсыңдар жақсы баға 4 пен 5 екен.
Көрініс «Дәптер мен әліппе»
Мұғалім:
- Балалар біз білімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек?
Хормен: Қош бол,Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе! Сізге мың алғыс.
Балалар бас иіп, қоштасады.
Әліппе:
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер – білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
- Балалар сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар!
Мұғалім:
- Балалар сендер «Әліппені» бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
(Ортаға ана тілі шығады)
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ана тілі: Балалар бұдан бұлай менен білім аласыңдар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Мен сендердің әліппеден алған білімдеріңді тексеріп көрейін.
Ана тілі:
1. Төтеп беріп сынға
Қайыспаған ауырға
Адал болып досына
Бас имеген жауына
- Елдің атын кім дейміз?
Хормен: (Қазақ елі)
Даласы бар жер ұйық
Бұл қай ел?
Хормен: (Қазақстан)
2. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
3. Осы елдің астанасы қай қала (Астана)
4. Астананың символы не? (Бәйтерек)
5. Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97)
6. Биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсанда қандай күнді атап өттік? (Тұңғыш президент)
7. Отан дегеніміз не?
Ән: «Отан»
Ана тілі: Балалар сендер жақсы білім алыпсыңдар. Сендер көп нерсені біліпсіңдер.
Мұның бәрін кім үйретті?
Балалар хормен:
Мектеп!
Мұғалім!
Әліппе!
Ата – ана!
Алғашқы ұстаз, ерекше дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әр кез суреттерді парақтап
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Ән: «Мұғалім ол біздің»
Ана тілі: Барлық, барлық балаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді, шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
13 оқушы Ана тілін білменген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген .
Халқын сүйіп жарытпас.
14 оқушы: Ана тілі ұраным,
Ана тілі - құралым.
Ана тілі болмаса ,
Мықты болмас тұрағым.
15 оқушы: Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
Ана тілі: Өте жақсы балалар! Тәртіп пен білім егіз, тәртіп болмаған жерде ешқандай білім болмайды. Сондықтанда ең алдымен тәртіпті болуларың керек.
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз!
Ойын: «Ана мен бала» (үш бала партада отырады, анасы баласына басына тарелкаға су құйып баласына дейін жеткізу керек)
Би: «Самба» (оқушылар сахнаға шығады).
- Түрлі сайыстардың жеңімпазы
- Білім биігіне шығатын
- Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтере
- Адал
- Еңбекқор
- Парасатты
- Азамат болып өсуге
Хормен: ант етеміз.
Мұғалім: Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! (куәлік тарату)
Балалар бүгінгі ертеңгілігіміздің сәнін кіргізген қасқыр мен түлкіге үлкен алғысымызды білдіреміз!
Қасқыр: Түлкіжан біздің де көңіліміз көтеріліп қалды, балалар сендерге де көп рахмет келесі кездескенше сау болыңдар!
Түлкі: Сау болыңдар балалар!
Балалар: Сау болыңдар!
Мұғалім: Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
Сөз кезегі ата-аналарға беріледі. (Оқушыларға сыйлықтар тарату.)
Бүгінгі біздің «Әліппе – білім бастауы!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!

ШҚО, Курчатов қаласы,
«Курчатов қаласының №1жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Құдайбергенова Гүлмаржан Бақытбергеновна
Категория: Математика | Добавил: kgulmarzhan75 (2013-02-24) | Автор: Кудайбергенова Гульмаржан E
Просмотров: 1565 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 2:35 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru