Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚОСУ МЕН АЗАЙТУҒА АРНАЛҒАН ҚАЙТАЛАУ ЕСЕПТЕРІ А.О.Байтенова
ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚОСУ МЕН АЗАЙТУҒА АРНАЛҒАН ҚАЙТАЛАУ ЕСЕПТЕРІ
А.О.Байтенова
Іле ауданы Чапаев ауылы № 10 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты – жан – жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан – жақты тараған кезеңі.
Математика – жеке тұлғаның ақыл – ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану ауадай қажет.
Математикадан тиянақты білім беру, оқушылардың логикасы мықты, өздеріне сенімді, сабырлы болуына ықпал жасайды. Қызығы да, қиындығы да мол пәнді игерту үшін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу қажет екенін түсіндім. Осы мақсатпен өз тәжірибемдегі төмендегі әдіс – тәсілдерді сабақ өткізу барысында жиі пайдаландым.
Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Математикалық есеп дегеніміз- математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс- тәсілдер негізінде оқушылардың ой мен практикалық іс- әрекетті талап ететін және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация. Ойын есептері де ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация, ой мен практикалық іс- әрекеттерді талап етеді және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды қолдана білуге дағдыландырады. Есепті шешу де ойын есепті шешумен бірдей. Мұнда қажетті логикалық ой тұжырымдауды математикалық түрлендірулерді, есептеулерді және салуларды толықтай жүргізу қорытындысында оның сұрағына жауап береміз. Тек қана, ойын есептерінде мұның барлығы ойын барысында жүзеге асырылады және бұл ойындарды мұғалім өз қалауынша өзгерте беруі мүмкін. Осыған байланысты төмендегі 5 сыныпта өтілген математика сабағының үлгісін ұсынып отырмын:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер, оларды қосу және азайту, тақырыптары бойынша алынған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке, халқымыздың салт дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Типі: Пысықтау сабағы.
Түрі: Қайталау-ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, флипчаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сынып пен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Бүгінгі көңіл-күйлерің қандай ? Оқушылар өз көңіл-күйлерін тамаша, жақсы, жабырқау смайликтер арқылы көрсетеді. Психологиялық тренинг. Әр қатардағы оқушылар бір- біріне сәттілік тілеп, жақсы көретіндерін айтады.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда туған жер туралы мақал шығады. Үйге мына тапсырмалар берілген.
0,75+4,75= 4,75 ( Туған)
0,778+6,44= 7,218 ( жердей)
1,928 - 0,324 = 1,604 ( жер)
9,7 – 0,724 = 8,976 ( болмас)
3,75 + 1 = 4,75 (Туған)
17,75 + 4,7 = 22,45 (елдей)
179,92 – 73,69 = 106,23 ( ел)
69,97 – 25,927 = 44,043 ( болмас)
Оқушылардың үй тапсырмасының толық, дұрыс орындалғаны тексеріледі. Оқушылар туған жер туралы өз ойларын айтып өтеді.
Бүгінгі күнді дәптерлерімізге жазып қоямыз.
Құрметті оқушылар, біз бүгін сендермен атамыз бен апамызға жайлауға қонаққа барамыз. Тақтаға ата мен апаның суреті ілінеді.Қазақы жайлаудағы ата мен апаның қазақ үйінің көрінісі ілініп тұрады.Жайлауға жету үшін , атамыз бен апамызға өзіміздің жеткен жетістіктерімізді көрсету үшін алдымызда кедергілер болады. Сол кедергілерден біз үш топқа бөлініп, тапсырмалар орындау арқылы өтеміз. Оқушылардың білімін төмендегідей кесте көмегімен анықтаймыз.
Топтар 1 тапс 2 тапс 3 тапс 4 тапс 5 тапс 6 тапс 7 тапс 8 тапс 9 тапс Барлығы
1 топ
2 топ
3 топ

«5» тік баға «4» тік баға «3» тік баға
1.Жайлауға баратын көлікті таңдайық. Әр қатар өздері таңдаған көліктегі тапсырманы орындайды.
Қайталау сұрақтары: ( ауызша )
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз
1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз ?
2. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
3. Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?
Сұрақтарға берген жауабына қарай өздеріне өздері баға береді де бағалау кестесіне бағалары қойылады.
2. Жайлауға жетіп, ата - апамызбен амандасып (қазақтар қалай амандасатыны туралы сұрақ қойылып кетеді) болғасын апамыз бізге сүт, қымыз, шұбат береді. Әр қатар өзінің қалаған сусынын ішеді. Бірақ бұл сусындарды ішу үшін, қай жануардан алынатынын тауып, сол жердегі тапсырманы орындау керек.


123,76+ 54,097 = 177,857 765,09+ 234,542 =999,632 453,8 +0,64= 454,44
Бұл тапсырмада да есептің дұрыстығына қарай бағалаймыз.

з
3. Сусын ішіп әлденіп алғасын атамыз бен апамызға малдарды суаруға, жем шөп беруге көмектесеміз.


93 – 7,63= 85,37 24,7- 0,947= 23,753 14,7- 1,723= 12,977
Тапсырма орындалуына, ережелердің сақталуына байланысты бағаланады.
4. Малды жайғастыруға көмектескесін біраз ойын ойнауға болады. Барлығымыз бірігіп «Ханталапай» ойынын ойнаймыз.
10 асық тігіліп, қай қатардың оқушысы мерген болса, сол сақамен ұрып түсіреді. Тігілген асықтардан қайсысына тисе, сол асықтағы нөмірге сәйкес үлестірме қағаздағы тапсырманы орындайды. Қай қатардың оқушылары мерген, сол қатардың оқушылары көбірек тапсырма орындайды.
• 45,3- 8,07 = 37,23
• 32,09 – 24,3 = 7,79
• 65 – 49,65 = 15,35
• 72 – 24,45 = 47,55
• 0,755 + 3,02 = 3,775
• 43 + 82,68 = 125,68
• 21,7 + 0,613 = 22,313
• Салыстыр 5,23 ٭ 5,24
• Салыстыр 7,308 ٭ 7,312
• Салыстыр 83,05 ٭ 84,1
Есептердің қатесі тексеріліп, бағаланады.
5. Математикалық домино ойыны.
10,7 +1,7=12,4+9=21,4- 3,7=17,7+3,147=20,847-13,4=7,447

13,7+14,5=28,2+9,003=37,203-1,7=35,503-10,49=25,013+0,017=25,03
19,74+3,7= 23.44-3=20.44+3.17=23.61+147.65=171.26-69.13=102.13

6. Сабақты қорыту.
Ойын ойнап, ата мен апамызға көмектесіп болғасын, біраз отырып демаламыз. Бүгінгі өткен бір күнімізді қорытындылайық. Біз бүгін не істедік? Қандай жақсылық жасадық? Қандай көмек көрсеттік? Қандай есептер шығардық? Қай тақырыпқа қайталау жасадық?
1. Ондық бөлшек деп қандай сандарды атайды?
2. Ондық таңба деп нені айтады?
3. Ондық бөлшектер қалай қосылады, азайтылады?
4. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
5. Ондық бөлшектер қалай салыстырылады ?
Атамыз бен апамыз балалардың жауабына риза болып өз батасын береді.
Оқуға алғыр бол,
Ойлауға даңғыл бол.
Өмірде әділ бол,
Ашуда сабыр бол.
Ісіңде шебер бол,
Ақылға кемел бол.
Қиынға батыл бол,
Еңбекте батыр бол.
Уәдеңе берік бол,
Ауылға көрік бол.

7. Қорытынды. Жинаған бағаларын қою. Ерекше атсалысқан оқушыларды атап өту.
8. Үйге тапсырма № 1025 есеп. Үйге берілген тапсырмадан сұрақтар бар ма? Психологиялық машық.. Әр топ бір- біріне бір ауыз сөзбен жақсы тілектерін айтып, өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетіп, сабақты аяқтаймыз.
Категория: Математика | Добавил: Жадо (2013-03-11) | Автор: Айгуль E
Просмотров: 2843 | Теги: Байтенова | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2026-05-21, 6:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [872]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс педагогика стихи пушкин МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru