Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
ШҚО Ұржар ауданы «Жаңа тілек» ауылы Әуезов атындағы орта метебінің Химия пәні мұғалімі Ахметова Светлана Усеновна Сабақтың тақырыбы: Темірдің қасиеттері. Ағзаның тіршілік әрекетіндегі кейбір металдардың рөлі. Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға темірдің қасиеттері, тотығу-тотықсыздану химиялық реакция теңдеулерін жазу дағдыларын қалыптастыру және ағзадағы кейбір металдардың физиологиялық рөлі туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға ағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: химиялық элементтер-тіршілік құдіреті деген ұғымды қалыптастыра отырып, химия пәніне қызығушылықты ояту. Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Слайдтар, кестелер, реактивтер Пайдаланған жаңа технология: СТО Стратегиялары: Топта жұмыс, Топтастыру, ВЕНН диаграммасы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру: 1749 жылы Енисейден онша қашық емес жерден сібір ұстасы үлкен таза темір кесегін тапқан екен. Ол дүние жүзіне әйгілі болып, даусыз тұңғыш МЕТЕОРИТ деп аталыпты Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде темірдің орны, атом құрылысы: Темір Д.и. Менделеевтің периодттық жүйесінде: СЕГІЗІНШІ ТОП, ҚОСЫМША ТОПШАДА, ТӨРТІНШІ ҮЛКЕН ПЕРИОДТТА ОРНАЛАСҚАН № 26 Fе 2е- 8е- 14- 2е- 1s2 2s2 2p6 3s23p63d6 4s2 Темір атомындағы сыртқы энергетикалық деңгейінде ЕКІ электрон болатыны сызбанұсқадан көрініп тұр, сондықтан темір көптеген қосылыстарда (ІІ) валентті және тотығу дәрежесі +2. Мәселен, соңғы энергетикалық деңгейдің АЛДЫНДАҒЫ АЯҚТАЛМАҒАН деңгейде сыртқы деңгейіндегі ЕКІ электроннан басқа, тағы бір электрон реакцияға жиі өатысады. Сол кезде темір (ІІІ) валентті және тотығу дәреесі -3 болады. Темірдің физикалық қасиеттері Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі маталдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазған: «адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді. Орташа есеппен адам денесі: 33кг оттек, дененің 2/3 бөлігін құрайды 9 кг көміртек, дененің 18%, 1/5 бөлігін құрайды 5кг сутек, дененің 10 % құрайды 1,5 кг азот, дененің 3% құрайды. 800г кальций, дененің 1,6% құрайды. 500 г фосфор, дененің 1 % құрайды 180г калий, дененің 0,35 % құрайды. 130г күкірт, дененің 0,25 % құрайды. 80г натрий, дененің 0,15 % құрайды 25 г магний, дененің 0,15 % құрайды 4г темір, дененің 0,008% құрайды. 0,02г йодтан дененің 0,00004% құрайды (барлығы 13 элемент) құрып, нәтижесінде тірі ағзаны толтырады. Сурет бойынша сөйлеу: Ағзадағы «Өмір метелдары» олар 10 маталл: Са,К,Na, Mg, Fe, Zn, CU, Mn, MO, Co Егер адам салмағы 70 кг болса: Са-1700г, К-25г, Na-70г, Mg-42г, Ғе-5г, Zn-3г, CU-0,2г. Mn MO Co бірге есептегенде -0,12 г болды. Орыс ғалымы В.И. Вернадский 60 жыл бқрын: Адам ағзасында 24 элемент бар екенін айтқан. Тісте 43 элемент міндетті түрде болады Ал тістің қызыл иегінде 25 элемент бар Темірдің биологиялық рөлі Темір тірі ағзада темір ионы түрінде болады. Үлкен адамның денесінде 4-5г, оның 65% - қанның гемоглобинінде. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу органын оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды.темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызмет етуіне, қан түзілу үрдісіне және ағзадағы зат алмасу үрдісі жүру үшін қажет. Темір атмосфералық азоттың фиксациясы кезінде және өсімдіктердегі фотосинтезде жүретін реакцияларға қатысады. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық пайда болып, ағзаның қалыпты өмір сүру бұзылады. Радиация әсерінен гемоглобин синтезделмесе, адам ақ қан ауруына шалдығады. Медицинада темірдің дәрілік препараттары, изотоптары Ғе52, Ғе55, Ғе59 зерттеу кезінде индикатор ретінде, қан ауруларын анықтауға қолданылады. Ағзаның «өмір метелдары» 10 элементтен тұрады Олар К,Na, Mg, Fe, Zn, CU, Mn, MO, Co-яғни, темір қанда, етте бар. Кофені тым көп ішпеу керек, себебң ол темір иондарының сіңіруін 40 % азайтады. Бұны әсіресе қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмықты жеткілікті мөлшерде қолдану қажет. Темір тапшылығын болдырмау үшін адам не қабылдауы тиіс? Ағзада темір жеткіліксіз болғанда өмірге келетін ұрпақ сапалы болмайды. Сондықтан да болашақ аналар жән барлығымыз ағзада темірдің мөлшерін жеткілікті етуге әрекет еткеніміз жөн. Ана бала ағзасында темірдің жетіспеу белгілерін білуі тиіс. Темір жетіспегендегі белгілер: Сөйтіп, ағзаның темір қажеттілігін қанағаттандыру үшін мынаны ескеруіміз керек: -Табиғи тазартылмаған өнімдерді қабылдау -Темірі мол өнімдерді ұнату. -С В9В12 дәрумендерде ескеу. Олар темірдің сінімділігін жеңілдетеді. Темірі мол тағамдар: ІV. Бекіту: Карточка №1 1. Егер іс-жүзіндегі шығымы 90%болса алюминотермия әдісін пайдалана отырып 127 грамм Ғе2О3-тен неше грамм таза темір алуға болады. Химиялық реакция теңдеуін жаз Карточка №2 2. Пириттен таза темір алу реакциясын жаза отырып әр бір атомның тотығу дәрежесін қойып, электорндардың өту прцестерін көрсет. 3. Компьютермен жұмыс: Топтастыру: темірдің физиологиялық рөлі ВЕНН диаграмма: Адам ағзасында жіне жер қыртысындағы химиялық элементтер мөлшері. Синквейн жазу: Темір Бөлісіп жазған әңгіме, автор орындағы стратегиялар Интерактивті тақтамен жұмыс: Карточка №1, Карточка №2 6. Үй тапсырмаcы: $ 40, 136 беттегі №8-10 есептер | |
Просмотров: 4961 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|