Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Темірдің қасиеті
Сабақтың тақырыбы: «Темірдің қасиеті »
Сабақтың мақсаты: «Темірді пайдалану,темірдің қасиеттерін ашу»
Сабақ түрі: дәстүрлі емес конференция сабақ
Көрнекіліктер: темір жайлы қанатты сөздер, темірден жасалған бұйымдар
Сабақ барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, Құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі конференциямыздың тақырыбы «Темірдің қасиеті». Темір адам қоғамымен мен қару жарақтан бастап бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл. Сондықтан осы темірдің шығу тарихы жөнінде не айтасыз?
Тарихшы: Темір көне замандардан белгілі (Көне Мысыр, Үндістан, Парсы елі), адам ең алғашқы пайдаланған темідің негізі метеориттік. «Темір дәуірі» біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдық басында басталған адамзат дамуының дәуірі. Темірді Сібір ұстасы Енисейден тапқан екен. Тарихи дәлелдеулер бойынша алғашқы кезде адамдар тасты балта, найза, садақ ретінде пайдаланған. Шын мәніндегі өркениет тек адамзаттың темірді игеріп, өз пайдасына жаратына байланысты өркендеген. «Жабайы адамдар іздене отырып, табиғатта таза күйінде кездесетін металдарды тауып, оларды балқытып, керекті қалып арқылы құйып, пайдаланса, таза күйінде табылған мысты қалайыға қосып, темір кенін балқыту әдісін тауып, сол темірді кенінен ажыратып алса, осының арқасында адам өркениет жолындағы күресте жеңісінің оннан тоғыз ұпайын ұтты деуге болады» деген американдық ғалым Морган Л.Г. Болат ең алғаш рет біздің заманымызға дейінгі X ғасырда Үндістанда пайда болды, ал шойын тек орта ғасырлардан бастап белгілі. Алға жылжудың бастауы металдарды игеруден, яғни темірді өз қажеттіліктеріне пайдаланудан басталғанын көреміз.
Мұғалім: Темірді зергерлік және кәсіптік бұйым ретінд қолдану жөнінде ұста не айтар екен?
Ұста: Темірді кәсіптік және зергерлік бұйым ретінде қолдануға болады. Зергерлік темірге алтын, күміс, мыс тәрізді металдарды қосып, сан түрлі тастармен безендіріп, білезік, алқа, сырға, жүзік жасайды. Тұрмыстық бұйымдар, мысалы, ер тұрман, жүген, үзеңгі жасайды. Бұйымдар жасауда нақыштау, бұдырлау, торлау, оюлау, өрім жасау игеріледі. «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай» деген мақал темірдің физикалық қасиетін көрсетеді.
Мұғалім: Темірдің тірі ағзаларға әсері қандай?
Дәрігер: Барлық ағзалар тіршілігіне маңызды элемент. Әр түрлі ақуыздардың құрамына кіреді. Ересек адамның ағзасында төрт, бес грамм темір бар. Адам ағзасында алпыс бес пайызы қанда бірнеше миллион эритроцит болады, олардың құрамына гемоглобин кіреді. Темір иондары гемоглобинді түзеді. Сонымен бірге бауырда, сүйек майында, көкбауырда жинақталады. Темір жетіспегенде өсімдіктер хлорофилл түзбейді (бұдан фотосинтез процесі бұзылады), сондықтан ауаданкөмірқышқыл газын сіңіру және оттекті шығару процесі тоқтайды, ал жануарларда және адамдарда анемия (қан азаюы) пайда болады. Темірдің ең көп мөлшері итмұрын тұнбасында, орамжапырақта, алмада, қара шиеде, сиыр етінде, малдың бауырында болады.
Мұғалім: Темір элементінің қазақ халқы өміріне бұрыннан енгенін мақалдардан, өлең шумақтарынан байқауға болады, бұл туралы не айтар едіңіз?
Әдебиетші: «Көптің аузы-темір талқы», «Темірші – көміршіге үйір», «Темірді қызған кезде соқ», «Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады», «Алмас пышақ қап түбінде жатпас», «Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық», «Болат бүгілмес-морт сынар», «Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме». «Болған іске болаттай берік бол» сияқты мақалдардан көруге болады. Сонымен қатар қазақ жырларынан мысал келтірсем,
«Қылышпен өлтірсем, қиқаладың дерсің сен.
Найзаменен өлтірсем, миқаладың дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем, қатты кеттім дерсің сен.
Мылтықпенен өлтірсем, жазым қылдың дерсің сен», деп Қобыланды батыр жырында пайдаланылған қару жарақтың темірден жасалғанын көрсетеді.
Мұғалім: Темірдің адам өміріне ықпалы жөнінде айтсаңыз.
Металлург: Темірге зар болған қазақ халқы әлемге әйгілі темір қорларын ашып, Қарағанды металлургия комбинаты сияқты темір өңдеу алабын құрды. Бүгінгі таңда Қарағанды металлургия комбинаты бес миллион тоннадан артық болат өндіреді. Елімізде алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, алюминий, темір сияқты металдар өндіру жөнінен әлемге беделді аймақ болғанын білеміз.
Мұғалім:
Жер әлемге кең таралған темір де,
Өндірістің тұлғасы боп көрінеді.
Қара металл патшасы боп танылып,
Иесі өте үлкен сенімнің.
Қарапайым үйдегі тұрмыстарда,
Дамып жатқан ең алып құрылыстарда,
Темірді білмес адамның жоқ баласы,
Темір қатыспас жоқ техника саласы.
Тарихының тамыры тереңде жатыр,
Египет пен Индиядан келе жатыр.
Шойын, болат, прокат құймаларын
Замананың дамуын демеп жатыр.
Конференция соңында мұғалім қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларға аталарымыз қастерлеген темірдің қасиетін қадірлеуге, үнемділікке үйретуге шақырады.
Категория: Химия | Добавил: Байжуманова (2014-01-22) | Автор: Темірдің қасиеті
Просмотров: 1718 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru