Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Барлық мүмкіндіктер жасөспірімдердің бойында
«Барлық мүмкіндіктер жасөспірімдердің бойында»
Баланың жан дүниесі сиқырлы дүние, ал оның қабілетін танып, талантының ашылуына қамқорлық көрсету, ең алдымен ұстаз парызы.
Оқушы жеке тұлға, қайталанбас даралық қасиеттер жиынтығы. Жеке тұлға сөйлеу мен іс әрекет қабілеттіктердің арқасында танылады.
Қабілеттілік оқушының жеке психологиялық ерекшелігі, адамдардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, іс әрекетке бейімділік негізінде қаланатын бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін іс әрекет табыстылығын айқындайтын дара психологиялық ерекшелік, адам бойындағы жақсы қасиеттер жиынтығы. Соған орай ол әр адамда әр қилы болады. Мұны оқу үрдісінде көріп байқап жүрміз.
Кейбір оқушының ойлау жүйесі, зерделеу деңгейі, кейбір іс әрекет тәсілдері мен әдістерін жылдам, терең, әрі берік қабылдауы соны тез игеру жолындағы ептілігі мен табандылығы өзге құрбыларынан жоғары тұратыны шындық. Бірақ сол оқушының барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Өйткені, белгілі бір пәнге ғана бейім оқушының ми қабатында «доминантты ошағы» деп аталатын кеңістік болады, яғни оқушы өзі ерекше қадір тұтатын, қастерлейтін пәніне ғана қабілет қарымы ашылып бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де өзге пәндерге келгенде әлгіндей белсенділігі тежеліп қалады. Әйтсе де баланың ішкі жан дүниесін, физиологиясын, психологиясын жетік білетін, ұстаздар мұны айна қатесіз дәл ажырата алады. Сондықтан да оқушы бір пәннен ерекше қабілеті болса, басқа пән иелері сол қабілетті өз пәндерінен таба білуі қажет. Яғни, қабілет жақсы қасиеттер жиынтығы болғандықтан қабілетті бала жерде қалмайды.
Қайсібір ұстаз болсын өзінің бүкіл оқу тәрбие жұмысын оқушылардың әлгіндей психологиялық ерекшеліктерімен, заңдылықтарымен үйлестіре сабақтастыра атқаруы тиіс. Қабілеттіліктің қалыптасуына адамның өз ұстазының тәртібі, алған бағыты әсер етеді. Қабілет өз кезегінде қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сол алған білімді шығармашылықпен жұмыс жасауға пайдалануы, яғни оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп әрі қарай өз бойындағы қабілетті дамыту мен қатар шығармашылық қабілетті дамыта бастайды. Ал, қабілеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың болуы тиіс. Талап, құлшыныс болмаған жерде қабілет те дами алмайды. Талап қоюшы, қозғаушы, бағыт бағдар беруші ұстаз болғандықтан оқушының оқу қабілетінің, шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасайтын бірден бір себепші адам - ұстаз.
Қабілетті балаларды оқыту тенденциялары:
- білім беруді саралау;
- мемлекеттік стандартты басшылыққа ала отырып, оқушының жеке қабілетіне сәйкес оқытуды саралау;
- деңгейлік тапсырма арқылы дамыта оқыту;
- бағдарлама талабына сәйкес келмейтін үрдіспен оқыту.
Себебі орта дәрежедегі тапсырмалар мен стандартты білім нормативі, құрбы- құрдастарының іс қимылы, қабілет деңгейі жоғары баланы қызықтырмайды, әлі жалықтырып жібереді. Сондықтан да әр оқушыға өз қабілетіне қарай тапсырманы күрделендіріп беру қажет. Ұстаздар мынаны есте сақтауы тиіс: үнемі бір сарынды сабақ сызбасын сақтау оқушы белсенділігін жойып, ойлау қабілетін төмендетеді; әр сабақта баланы таңқалдыра білу керек.
Ұстаз оқушы үшін барлық туындайтын сұраққа қандай да болмасын жауап тауып беруі қажет. Оқушы тарапынан берілген сұрақты жауапсыз қалдыруға болмайды. Мұғалім әр уақытта қандай да болмасын проблемалық жағдайларға дайын болуы қажет.
Баланың ақыл - ойы биіктеген сайын шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек.
Дамып тұрған баланың ойлау қабілетін, қызығуын жойып, жоғалтып алмау үшін бір сарынды сабақ өтілмеуі тиіс. Баланың бойынан ашылмай жатқан көптеген ғажап қайталанбас жаңалықтарды табу және де соған баланы өзінің нендей нәрсеге қабілеті жоғары екеніне көзін жеткізу ұстаз міндеті.
Шәкірт ұстаз үшін алыстан жанған үміт оты болса, ұстаз - өз шәкірті үшін келешек бағдаршам.
Демек, біз ұстаздар сол ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде аша білуіміз, дұрыс жолға бағыттай білуіміз керек. Қорыта айтқанда, бұл жұмыс бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, сезімталдықты талап етеді.
Категория: Химия | Добавил: Байжуманова (2014-01-22) | Автор: Барлық мүмкіндіктер жасөспірімдерді
Просмотров: 1013 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru