Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік Сабақты оқушылар өз белсенділіктерімен меңгереді, алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге үйренеді. Тәрбиелік: Оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру Дамытушылық: Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ой –қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге, салыстыра білуге дағдыландыру. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, өлең үзінділері, үлестірлемелер, сызбалар. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, ой түйіндеу. Сабақтың түрі: қайталау,аралас сабақ. Сабақтың дәйексөзі: «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең, ұмытасың. Ал егер түсіну үшін оқысаң, есіңе сақтайсың» Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру І топ сын есім толықтауыш қызметін атқарып тұрған 3 сөйлем жазып келу,дәлелдеу ІІ топ сын есім бастауыш қызметін атқарып тұрған 3 сөйлем жазып келу,дәлелдеу ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы (мотивация). Осы мәтіннен құрамында сын есімдері бар, 2 сөйлем жаздыру (тақтаға) Мысалы: Солардың ішінде аса көрнектісі және жиынға қадірлі, сүйіктісі – мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең маңдайлы, нұрлы жігіт. А) Бұл сын есімдердің жасалуы туралы не айтасың? Өз ойыңды тұжырымдап айт. Ә) Басқа қандай сын есімдерді білесің? Мысал келтір. Қалай жазылады? (қосарлану, қайталану арқылы жасалады, күшейткіш буындар арқылы жасалады) IV. Енді экранға назар аударайық (слайд). Не жайында мәлімет аламын деп ойлайсың? Сендердің ойларыңмен сәйкес келе ма? (Мұғалімнің қорытындылап түсіндіру) 1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы – шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т.б. 2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т.б. Тек ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады. 3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т.б. 4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал т.б. V. Психологиялық суреттеу (кейін сөз кезегін мектеп психологына береміз) Психолог Тоқтар Әубакиров туралы айтып береді. Жоба құру.Берілген уақыт ішінде екі топ тақырып бойынша жоба жасап қорғайды. VІ. «Түртіп алу» (күшейтпелі сын есімнің емлесін ұғып ал) 79-жаттығу. Күн желсіз, тып-тынық. Тайлақбайдың бет-аузы қап-қара болып түтігіп кетті. Айсыз кеш. Қоңырқай ағаш үйдің қорасында кап-қараңғы боп тұнып қалыпты. (тақтаға жазғызу) VІІ. Ойын «Бұл не?» (сөздерді жазу) 1. Жасыл, үюлі, шабылған (шөп) 2. Ұлпа, қалың, қырбақ (қар) 3. Суық, үскірік, өтімді (жел) Сын есімге қай сөз табы көмекке келді? (зат есім) VІІІ. ІХ. Толғаныс (рефлекс). «Сен қандайсың?» (бір-бірінің жақсы қылықтарын айту) Мысалы: Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды. Х. Бекіту. Семантикалық картамен жұмыс. Мысалдар Қосарлану арқылы жасалған күрделі сын есім Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есім Сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есім А Ә Б 1 Қызыл ала 2 Қара торы 3 Балалы-шағалы 4 Әп-әдемі 5 Орта бойлы 6 Жақсы-жаман 7 Кіп-кішкентай 8 Ұзын бойлы 9 Сұп-сұр 10 Қап-қара 11 Кең мандайлы 12 Ұзынды-қысқалы 13 Үлкенді-кішілі 14 Ақ сары 15 Жап-жасыл ХІІ. Үйге: «Ғажайып ғарыш» тақырыбында шырай формасына енген сын есімдерді қатыстыра отырып, эссе жазыңдар ХІІІ. Өздеріне бағалату (ойларын айту). 1. Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? 2. Кімдердің жауаптары ұнады? 3. Егер мұғалім болсан, қандай баға қояр едің? | |
Просмотров: 877 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|