Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Тұздар гидролизі
9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. рН туралы түсінік (сутектік көрсеткіште). №1 көрсетілім (тұздардың суда еруі және рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау;). №2 зертханалық жұмыс (Тұздар гидролизі). (1 сағат).
Сілтеме: Оқулық 9 сынып «Химия» Алматы «Мектеп» 2013.
Жалпы мақсаты: Тұздардың гидролизі туралы түсініп, әр түрлі тұздар ерітінділерінің ортасын анықтау.
Міндеттері: 1.Заттардың суда еруі тек физикалық процесс қана емес, еріген заттың сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі туралы ұғымдарын тереңдету;
2.Тұздар гидролизінің теңдеулерін құру дағдысын қалыптастыру;
3.Әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білуге үйрену.
Оқу нәтижесі: Оқушылар өз бетінше ізденуге, өз ойын ашық айтуға және еркін пікір алмасуға үйренеді.
Түйінді идеялар: Бейтарап ерітінді. Сілтілік ерітінді. Қышқылдық ерітінді. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар Ас тұзы (қатты); мыс (ІІ) сульфаты (қатты); натрий хлориді, натрий карбонаты, алюминий сульфаты ерітінділері; су; қызыл және көк лакмус қағаздары; сынауықтар; тамызғыштар.
Тапсырма көздері: 1. Сынауықтағы ас тұзының судағы ерітіндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар: NaСІ + Н2О =
2. Енді мыс (ІІ) сульфатының тұздағы ерітндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар СuSO4 + Н2О =
3. Берілген екі тұздың судағы ерітіндісінде қандай айырмашылық бар? Тақырыпты ашу.
Жұптық жұмыс.
Жаттығулар: Деңгейлік тапсырмалар, №2 зертханалық жұмыс тапсырмалары. Топтық жұмыс
Сергіту сәті: Топқа бөлу арқылы сергіту. Топтық жұмыс.
Оқуға арналған тапсырмалар: §12 оқу, 56-57 беттердегі №1-7 тапсырмалар.
Сабақ жүрісі І. Амандасып, сынып реттілігін тексеру.

ІІ.Өткенді қайталау сұрақтары:
1. Қандай иондар катиондар деп, қандай иондар аниондар деп аталады? («+», «-»)
2. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады? (Н+ , а) + лакмус = ерітінді қызарады; ә) + металл = Н2↑).
3. Ерітіндіде гидроксид аниондарының бар екенін қалай анықтайды? (ОН- , + фенолфталеин = таңқурай түсті).

ІІІ. Тапсырма. Тақырыпты ашу. Жұптық жұмыс. Көрсетілім көрсетіледі, соған қарап оқушылар жұмысты қорытындылап, жауап береді.
1. Сынауықтағы ас тұзының судағы ерітіндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар: NaСІ + Н2О =
2. Енді мыс (ІІ) сульфатының тұздағы ерітндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар СuSO4 + Н2О =
3. Берілген екі тұздың судағы ерітіндісінде қандай айырмашылық бар?

ІV. Сыныпты 3 топқа бөлу. (Формулалары келтірілген заттар арқылы кластарға жіктеледі). 1-қосымша.
1-топ: «Қышқылдар»
2-топ: «Негіздер»
3-топ: «Тұздар»

V. Әр топ алдарына таратылған жоспарға қарап отырып, «Тұздар гидролизі» туралы түсінік береді. 2-қосымша.

VІ. Тақырыпты қорытындылау үшін көрсетілім көрсетіледі:
№1 көрсетілім «Тұздардың суда еруі және рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау»

VІІ. Топқа бөліну арқылу сергіту (өз қалаулары бойынша 5 топқа топтасады).

VІІІ.Топтық жұмыс деңгейлік тапсырмалар және №2 зертханалық жұмыс тапсырмалары 3-қосымша

Бағалау. (критериалды, яғни жалпы сабақ барысы бойынша және орындаған зертханалық жүмыстары бойынша бағалану). 4-қосымша.

Үйге тапсырма.

Рефлексия.

1-қосымша.
СаСІ2
HF NaCI HBr Na2CO3
НNO3
KNO3 H2SO4
AgNO3 KOH

CuSO4 LiOH CaSO4
Ba(OH)2
НСІ
Fe(OH)3 Н2СО3
АІСІ3 H3PO4 НІ

2-қосымша. «Тұздар гидролизі» тақырыбына жоспар:
1. Бейтарап ерітінді.
2. Сілтілік ерітінді.
3. Қышқылдық ерітінді.
4. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы.
5. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы.
6. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар.
7. Сутектік көрсеткіш.
8. Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы.
3-қосымша.
А-деңгейлік тапсырма.
Төменде келтірілген топтардың қайсысында барлық тұздар түгелімен гидролизге ұшырайды?
1) Na2SO4, KCI, Fe(NO3)2;
2) AI2(SO4)3, NaCI, Zn(NO3)2;
3) K2S, Mg(NO3)2, CaCI2;
4) Na2CO3, AICI3, K3PO4;
В-деңгейлік тапсырма.
Мына тұздардың:
А) натрий сульфиді (Na2S);
Ә) калий силикаты (К2SіО3);
Б) темір (ІІ) хлориді (ҒеСІ2)
Гидролиздену реакцияларының бірінші сатысын жазып, ерітіндінің ортасын анықтаңдар.

С-деңгейлік тапсырма.
№2-зертханалық жұмыс «Тұздар гидролизі»
Тәжірибенің орындалуы. Сынауықтарға 1 мл-ден тұз ерітінділерін: натрий хлоридін, натрий карбонатын және алюминий хлоридін құйыңдар. Әрбір ерітіндіден тамызғанда лакмус қағаздарының түсі қалай өзгеретінін бақылаңдар. Тұз ерітінділерінің ортасын анықтаңдар. Жүретін тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін жазыңдар. Бақылау нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Тұз ерітіндісі Лакмус қағазы Тұз ерітінділерінің ортасы Жүретін тұздар гидролизінің реакция теңдеулері
NaCI ерітіндісі
Na2CO3 ерітіндісі
АІСІ3 ерітіндісі
Категория: Химия | Добавил: Санжар (2014-01-24) | Автор: Сексенбиева Зинат Канатовна E
Просмотров: 6920 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru