Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Какенова Орынгүл Нүсіпқызы Қазіргі заман талабына сай мектепте сабақ үрдісінде дәстүрлі әдістердің орнына жаңа технологияларды енгізе отырып, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. . Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, сабақта жаңа технологияларды қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақты өткізу әдісі дұрыс таңдалған болса, оқушы оқу материалын толық меңгереді. Өткен тақырыптарды қорытындылап, оқушылар білімін тиянақтауда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы зор. Осы орайда, әріптестеріме 9 сыныпта өткізілген «Металдар» тарауын қайталау сабағын ұсынып отырмын. Сабақтың тақырыбы: «Металдар» тарауын қайталау Сабақтың мақсаты: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін қорыту, бір жүйеге келтіру және білім деңгейін тексеру, жан-жақты ойлауға, ұйымшылдыққа баулу. а) металдар, олардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері, бір-бірінен ерекшелігі, өмір мен тұрмыстағы техникадағы қолданылуы жөніндегі оқушылар білімін жинақтап тұжырымдау. ә) жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беріп, біліктілігін қалыптастыру, өздік және топпен жұмыс істеуге үйрету. Тәрбиелік: а) оқушыларды үздіксіз білім алуға үйрете отырып, ізденісін дамыту және кәсіптік бағдар беру. ә) тапқырлыққа баулу, елін, жерін сүйіп, мақтаныш тұтуға үйрету. Танымдық: а) металдарды қасиеттері бойынша ажырата білу,тірек-сызба нұсқамен жұмыс істей білуге баулу. Дамытушылық: химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жаза білу, қорытынды жасау біліктерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: қорытынды, жүйелеу сабағы. Әдісі: топтық, жекелей, фронтальды тексеру (химиялық диктант) Көрнектілігі: тірек сызбалар мен тапсырмалар , таблица «Металдар», металдың түрлері, химиялық реактивтер, ыдыстар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Елестету. Құрметті оқушылар! «Металдар» университетіне қош келдіңіздер! Біздің университеттің есігі химия пәнінің қыр-сырын танып ұғынам деушілерге әрдайым ашық. Металдар университеті Химия Физика Тарих Химиялық Биология технология Біздің университеттен алған білімдерің бойынша металдардың қасиеттері, олардың алынуы мен қолданылуының білгірі атанасыңдар. Сабақтың мақсаты мен тақырыбы слайд арқылы көрсетіледі. 1. Ой қозғау Химиялық диктант слайд3 1.Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйедегі металдардың пайыздық мөлшері: А) 90 Ә)80 Б)50 2.Сілтілік металдар. А) Li. Na.K.Rb.Cs.Fr. Ә) Li.Na.Ca.Mb.Al. Б) Na. K.Fr.Au.Al. 3. Жеңіл балқитын металдар: А) күміс, сынап, мыс Ә) сынап, цезий, галлий Б) сынап, қорғасын, алтын 4.Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл: А) Ti Ә) V Б) W 5. Негізгі топшаның металдары: А) s.d элементтер Ә) p.d. элементтер Б) s.p. элементтер 6. Электр тогын ең күшті өткізетін металдар: А)күміс, мыс, алюминий Ә) мыс, титан, алюминий Б) күміс, алтын, хром 7. Тез магниттелуге бейім және магниттік қасиетін жоюға бейім металл: А) Марганец Ә) Мыс Б) Темір 8.Электрондық формула мына элементтің қайсысына сәйкес келеді: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2 А)Fr Ә) Ca Б)K 9. Ең қатты металл: А) Хром Ә) Кальций Б) титан 10.Металдарға қандай байланыс тән. А) атомдық Ә) Металдық Б) иондық Дұрыс жауаптары: 1.Ә 6.А 2.А 7.Б 3.Ә 8.Ә 4.Б 9.А 5.Б 10.Ә Диктантты «көршіге сену» сену әдісін пайдалана отырып, оқушылар бірін-бірі тексереді. Сабақта әр факультет бойынша оқушылар тарихшы, биолог, географ, металлург, зергер, химик, эколог болып металдар қасиеті туралы өз жұмыстарын қорғайды. Тарихшы: Қазақстан территориясын мекендеген ертедегі ата-бабаларымыз тіршілік барысында кен іздеп тауып, одан тұрмыстық құрал-жабдықтар жасаған. Әр түрлі бұйымдар жасау кезінде химия ғылымының әдіс-тәсілдерін меңгерген, 1970 жылы Есіктегі табылған «Алтын адам», Мырзашоқыдан табылған таутеке, киіктің қола мүсіндері ,Жетісудан табылған мыс қазандар т.б. бұйымдар табылды. Бұл археологиялық ескерткіштер қазақ халқынының өте ертеден-ақ металдарды өндіре өңдей білгенін дәлелдейді. Географ: Қазақстан металл қоры мен оны өндіру жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы орында жер қойнауында Д.И.Менделлеев кестесінде көрсетілген металдардың барлығы дерлік кездеседі. Сирек кездесетін металдар қорыту молдығымен ерекшеленеді. Олар Қазақстанның Орталық бөлігі мен кенді Алтайда өндіріледі. Геолог: Жезқазғаннан ең алғаш осы өңірде ғана кездесетін бірнеше элементі бар джезказганит минералы табылды. Металл кендерінің молдығына байланысты Қазақстанды «інжу-маржан» деп атап кеткен. Адамның қолымен істейтін жұмыстарды қазір машиналар істейді. Олардың бәрі негізінен металдарды пайдаланудың нәтижесінде жүзеге асты. Биофизик: медицинада тірі ағзалар өмір сүруі үшін 10 металдың маңызы зор. Олар: мыс, темір, мырыш, кальций, натрий, магний, кобальт, молибден. Бұларды өмір металдары деп те атайды. Әсіресе темір мен мыстың орны ерекше.Е гер темір жетіспесе адам қан аздық ауруына шалдығады. Әсіресе осы аурумен балалар көп ауырады. Қан аздық ауруына шалдыққан адамға жеміс-жидек, бақша дақылдарын көбірек пааайдалану қажет. Темір оның тұздары алмада, картопта , асқабақта, пияз, сарымсақ, жүзім, қарақатта болады. Алхимик: Алхимиктер металдар жаратылысын аспан денелерімен байланыстырған. Олар: алтын-күн, күміс-ай, мыс-шолпан, темір-марс, қорғасын-сатурн, қалайы-юпитер, сынап-меркурий таңбасымен белгілеген. Түркістандағы тайқазан 7 металдан жасалған, оның құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір, қорғасын, қалайы бар. Ерте заманнан ата-бабаларымыз күн жүйесінің орталық жұлдызын Темірқазық деп атаған. Жердің ядросын темірден тұрады деген болжам бар. Химик. Металдардың сыртқы қабатында 1-3 электрондар болады. Сондықтан металдар химиялық реакцияларда электрондарын біршама оңай беріп тотығады да, тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Бос күйіндегі металдардың электрохимиялық кернеу қатарында тотықсыздандырғыш қасиеті артады. Метллург: Металдарды бөліп алудың қазіргі заманғы әдістері: пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық, электрометаллургиялық әдістеріне жеке-жеке тоқталып, теңдеулер арқылы көрсетеді: 1. Fe2O3+3CO=2Fe+3CO2 2 Fe2O3+3C=4Fe+3CO2 2. Cr2O3+2Al=2Cr+Al2O3 3. WO3+3H2=W+3H2O 4. 2NaCl 2Na+Cl2 Химик металдардың химиялық қасиеттерін жазып отырады, көмекшісі реакцияны демонстрациялық түрде жасайды. Қосылу реакциялары (бейметалдармен) 1. 2Cu+O2=2CuO 2. 2Al+3S=Al2 S3 3. 2Na+Cl2=2NaCl 4. 3Ca+N2=Ca3N2 5. 4Al+3C=Al4C3 6. 2Na+H2=2NaH Орын басу реакциялары (күрделі заттармен) 1. 2Li+2H2O=2LiOH+H2 2. Zn+2HCl=ZnCl2+H2 3. Fe+CuSO4=FeSO4+Cu Проблемалық ізденіс Fe, Fe, Cu, Al иондарын анықтау. FeCl3+3NaOH=Fe(OH)3 +3NaCl FeSO4+2NaOH=Fe(OH)2 +Na2SO4 AlCl3+3NaOH=Al(OH)3 +3NaCl Әр факультеттің үздіктеріне мантия бас киім кигізіледі. 4.Өзіңді тексер. Деңгейлік тапсырмалар: I деңгей Төмендегі пікірлердің қайсысы металдарға тән. 1) Металдар атомдарының сыртқы қабатында 1-3 электрондар болады. 2) Металдар тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. 3) Металдарға жылу және электрөткізгіштік қасиеттер тән. 4) Металдарға металдық кристалдық тор тән. 5) Металдар оттекпен әрекеттескенде электрондарды қосып алады. 6) Магний мен берилий сілтілік жер металдарға жатады. 7) Металдар мыс, алтын, күміс сумен қыздырғанда да әрекеттеспейді. 8) Металдар мыс, алтын, күміс сумен қыздырғанда да әрекеттеседі. II деңгей тапсырмалары. 1.Қандай қатарда металдардың тотықтырғыш қасиеті артады. А)Al,Mg,Na В) K,Mn,Rb Б)Sr,Ca,Mg Г) Cs,Ba,Al 2. Карбонатты кермектілік мына тұздардан болады. A) NaHCO3 Ә)Ca(HCO)2 Б)Mg(NO)2 В)KNO3 3.Кальций мен магнийдің тотығу дәрежелері: А)+2 Ә)+3 Б)+1 4. 4Al+3O2=2Al2O3 реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al2O3 3түзіледі. А)0,5 моль Ә)2 моль Б)1 моль 5. Тұздарының ерітінділерінен қандай металдар мыспен ығыстырылады: А)Fe Ә)Zn Б)Sn В) Ag 6. Жер қыртысында ең көп таралған металл: А)Fe Ә)Ca Б)Sn В) Al III деңгей. 1) Массасы 15,2 г хром (III) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 9 г хром түзілген. Хромның теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымын (%) көрсетіңдер. 2) Құрылыста қолданылатын қоңыр бояу-темір жосасын (Fe2O3) темір (III) гидроксидінен алады. Массасы 5г темір (III) оксидін алу үшін темір (III) гидроксидінің қандай масссасын қыздыру қажет болатынын есепте 3) Ca CaCl2 Ca(OH)2 CaCO3 Ca(HCO3)2 6.Сергіту сәті. Сыныптан 1 оқушы шығып аудиторияда отырған кез-келген апайға металдардың қасиеттерін қатыстыра отырып портретін жасайды. Алтыннан ардақты апай! Күміс қоңыраудай сңғырлаған даусыңыз, қорғасындай салмақты мінезіңіз, темірдей тегеурінді болат сымдай тартылған бойыңыз, мәрмәр жүзіңіз, меруерт тісіңіз, шырақтай жанған екі көзіңіз кімді де болса тәнті етпей қоймайды екен. Оған қоса, жез таңдай сөзшендігіңіз, никельдей тот баспайтын ойыңыз, қоладан құйғандай мүсініңіз тағы бар. Осы айтылған портретті шәкірттік риясыз көңілден шыққан сөз деп қабыл алыңыз. 7.Ой түйін. Ұстаз сөзі: -Балалар, XXI ғасырдың құрыш болаттай шымыр, тепсе темір үзетіндей мықты, шойындай мызғымастабанды, күмістей бағалы ұланы болыңдар. Әрдайым білімнің өрелі биігінен көрініп, саф алтындай жарқырай беріңдер! Сабақ қорытындыланып, оқушылар білімі бағаланды. Сабақт ұйымшылдықпен аяқталды. | |
Просмотров: 3675 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|