Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

«Озық ойлы оқушы» атты сайысы (сыныптан тыс шара)
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласындағы
№1 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Какенова Орынгүл Нүсіпқызы

8 сынып оқушылары арасында өтілген «Озық ойлы оқушы» атты сайысы
Озық ойлы оқушы
Жаңа заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды, сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп, оқушы санасында жете қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға болады. Осы орайда әріптестеріме 8 сынып оқушылары арасында өтілген *Озық ойлы оқушы* атты сайыстың қысқаша жоспарын ұсынып отырмын. Сайыстың мақсаты 8 сынып оқушылары арасынан химия ғылымына қызығатын талапты, талантты оқушыны анықтау, ойлау қабілетін шешендік өнерін дамыту, ұшқыр ой мен тапқырлыққа баулу.
Қазылар алқасы анықталған соң байқауға алдын-ала өткізілген тест бойынша жоғары ұпай жинаған 5 оқушы қатысты.
Байқау мынадай турдан тұрады.
I бөлім: *Бәйге* бұл бөлімде оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1). Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады (фтор)
2). Теңіз орамжапырағы ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент (йод)
3). Қандай элементтер космоста көбірек таралған (сутек пен гелий)
4). Қандай металл адам қолында балқиды(цезий)
5). Лабароторияда оттек газын сақтайтын арнайы қалың қабырғалы ыдысты ата (газометр)
6). Қандай жай заттар қалыпты жағдайда сұйық күйінде болады (бром,сынап)
7). Қандай көк қағазды тез арада қызылға бояуға болады (лакмус қағазы-қышқыл)
II бөлім: Полиглот. Полиглот-көп тілді меңгерген ғалым.
Бұл бөлімде сұраққа жауап беріп кездесетін элементтерді қазақ , орыс, латын тілінде айту. Дұрыс жауапқа -20 ұпай . Жартылай жауапқа 10-ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1. Ауаның негізгі құрам бөлігі-(оттегі-кислород-оксигениум)
2. Сұйық металл (сынап-ртуть-гидраргерум)
3. Ақыл-ой, өмір элементі-(фосфор-фосфор-фосфорум)
4. Консерві қалбыры жасалатын металл(қалайы-олово-станум)
5. Жанғыш металды ата( магний-магний, магнезиум)
6. Металдар патшасы қай металл?( алтын-золото-аурум)
7. Күн жүйесі планетасының 92% құрайтын элементті ата. (Н-сутек, водород-гидрогениум).
III бөлім: Кім жылдам
Бұл бөлімде оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. Сұрақтар экраннан көрсетіледі.
1.Сілті ерітіндісін қышқыл ерітіндісінен қандай жолмен ажыратуға болады:
а) иісінен ә) металдарға әсерінен
б) суда ерігіштігінен в) индикаторға әсерінен
2. Химиялық және тұрмыстағы атауларына сәйкес тұздардың топтарын құраңдар:
1.K2CO3 a) мыстың негіздік карбонаты 1. марганцовка
2.NaHCO3 ә) натрий нитраты 2. сакар
3.CuSO4 б) мыс сульфаты 3. малахит
4.KMnO4 в) темір сульфаты 4. ас содасы
5.CaCO3 г) калий карбонаты 5.темір купоросы
6.Na2CO3 д) натрий гидрокарбонаты 6.тотияйын
7. NaNO3 с) калий перманганат ы 7. Бор,мәрмәр, әктас
8. (CuOH2)CO3 ж) кальций карбонаты 8. Чили селитрасы
9. FeSO4 з) натрий карбонаты 9. Кіржуғыш сода

IV. Бөлім: Ғажайып тәжірибелер
1. Шырпысыз от 3. «Алтын пышақ»
2. Жанбайтын орамал 4. Құм ішінен шығатын «Жылан»
V. Бөлім: «Жорға»
Әрбір ойыншы 1 минут ішінде неғұрлым көбірек жауап берсе, соғұрлым ұпай санын көбейте түседі.
Лездеме сұрақтар.
А-нұсқасы
1.Сүйекті қаптайтын элемент. (Кальций)
2.Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы, (ас содасы)
3. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл. (тұз қышқылы)
4. Ең алғаш сутекті ашқан ғалым? (Г.Кавендиш)
5.Кернеу қатарын ұсынған кім? (Бекетов)
6.Сутектің металдармен қосылысы қалай аталады. (гидрид)
7. Зат мөлшері немен өрнектееді? (мольмен)
8. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Э.Резерфорд)
9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
10. Қышқылды қандай индикатормен анықтауға болмайды? (фенолфталеин)

Б-нұсқасы
1.Ауаның құрамындағы ең көп элементтер (азот, оттек)
2.Ең жеңіл газ (сутек)
3. Бір заттан екі немесе бірнеше заттар алу (айырылу реакциясы)
4. Калий перманганатының тұрмыстық атауы (марганцовка)
5. Сутекті алатын қалың қабырғалы шыны аспап (Кипп аппараты)
6. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым (экология)
7. Оттекті ашқан ғалымдар (Дж.Пристли, К.Шееле)
8. Электронды беру процесі (тотығу)
9. Екі күрделі заттың арасындағы реакция (алмасу реакциясы).
10. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі (озон).
VI бөлім: «Шешендік өнер»
Бұл бөлімге ұпайлары жоғары 2 оқушы қатысады.
А. нұсқасы: Химияны не үшін оқимыз?
Б. нұсқасы: Егер мен химия зауытының директоры болсам?
Тақырыптары бойынша шешендік шеберліктерін көрсетеді, дәйекті әңгіме құрып, өз пікірін дәлелдейді.
VII. Бөлім «Көрермендер ойыны»
Бұл бөлімде көрермендерге қызықты сұрақтар беруге болады.
1. Жағылған шырпыны
а) сутек бар ыдысқа
ә)оттек бар ыдысқа
б)сутек пен оттек қоспасы бар ыдысқа жақындату бәрінен де қауіптірек.
2. Аквариумды неге қайнатылған сумен толтыруға болмайды?
3. Күнделікті өмірде хлордың қандай қосылыстарын пайдаланасыңдар?
Бұл турдан соң сөз қазылар алқасына беріліп, жеңімпаз анықталып, диплом тапсырылады.
Мұндай танымдық білім жарыстары оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, химияның күнделікті тұрмыстағы қолданыс өрісінен хабардар етеді. Сайысқа дайындалу барысына оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын кеңейте түседі.
Категория: Химия | Добавил: Гуми9659 (2014-01-27) E
Просмотров: 2704 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru