Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ДАРАЛАП – САРАЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ Геложутдинова Ж.З. Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 мектеп Андатпа Мақалада оқушыға білім берудегі өзін-өзі жетілдіру аспектісінде дифференциалды оқыту қарастырылады.Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жағдайында бұл мәселе ерекше өзекті болып табылады. Аннотация В статье рассматривается образовательная практика дифференцированного обучения школьников в аспекте их саморазвития. В условиях внедрения новых информационных технологий эта проблема приобретает особую актуальность. Annotation The article views an educational pupils’ classified teaching practice in an aspect of their self-development. This problem became especially important in the conditions of introducing new informational technologies. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ол қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқу керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жағдайы әрбір жеке қызығушылықтарымен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Қазір Республикадағы оқу орындары педагогикалық ұжымдар ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты (елуден астам педагогикалық технология қолданып жүр) әрбір мұғалім өзінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша сабақ беруіне мүмкіндік алған.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қолдану қажет. Себебі, бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Дүние жүзінде оқушыға білім берудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушы мен салыстырылмайды. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығушылығы мен қажеттігін көтермелеу құралына айналады. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Ол үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Оқушылардың білім – білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибеме енгіземін. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға берілетін көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қолданылады: 1. деңгейлеп саралау 2. бағдарлық саралау Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Оқушылардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Деңгейлеп оқытудың мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар. Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай : а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы; б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: - жеке құрылымдарға бағдар беру; - білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? — деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады. Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген: 1) Танымдық деңгей. Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты. 2) Алгоритмдік деңгей – мүнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады. Оқушыны даралап, әрі саралап оқыту - оқушының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері негізінде оқыту үрдісі барысында өз мүмкіндігіне сай мәселелерді шешуге, дұрыс қорытындылар жасауға мүмкіндік туады. білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді. Егер саралау даралау технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.Әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады. Менің педагогикалық мақсатым: 1. Оқудың мазмұнын және сапасын жетілдіру; 2. Әр күнгі сабағыма «Оқыту технологиясын» кең пайдалану; 3. Сынып ұжымы мен оқушының шығармашылықтарын арттыру мақсатында жұмыс істеу. Бұл әдістің тиімділігі: 1. сыныптағы барлық оқушы бірдей жұмыс жасайды; 2. бос отырытын оқушы болмайды; 3. есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгереді; 4. әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруды үйренеді; 5. сыныпты ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Саралай -даралай технологиясын пайдалана отырып, жұмыс жасаған уақыт ішінде байқалған оңды өзгерістерді мына диаграмма арқылы көруге болады. Мен 2010-2011 оқу жылында алған 8 сынып оқушылары 3 жыл көлемінде мынандай нәтижеге қол жеткізді: 35 %-дан-40 %-ға; 45%- 48 %; 50- 52%-ға. Менің тәжірибемдегі саралай-даралай технологиясын пайдаланған сабақтарды дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, білім сапасының өскендігін байқауға болады. Саралай даралай технологиясын химия сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жетті.Жалпы осы технологияның жетістіктері мынандай болып табылады: 1. - оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; 2. - оқушының ынталандыруға; 3. - оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына; 4. - оқушының өз білімін өз бағалай білуіне; 5. - баға әділдігіне; Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қаблеттілігін қажет етеді. Қорытындылай келгенде, бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлеп саралау технологиясы, оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін арттырады. Список использованной литературы «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру » Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл «Химия. Биология. География » журналы №5, 2003 жыл «Молодому учителю » М.,1965 | |
Просмотров: 3765 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|