Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
ШҚО, Семей қаласы, Шүлбі кенті. Шүлбі орта мектеп-кешені Химия пәнінің мұғалімі: Тлеубердина Меруерт Муратбековна Сынып: 9 Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы Мақсаты: Қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, аталуын, қышқылдардың құрамы мен алу жолдары, қасиеттері және қолданылуы туралы түсінік беру Міндеттері: Білімділігі: Қышқылдардың құрамын қарастыра отырып, оның қасиеттерін ЭДТ тұрғысынан анықтау. Қасиеттерін қарастыра отырып, қоданылуын болжау Дамытушылық: Салыстыру, болжау арқылы логикалық ойлау және абстрактілі ойлау қаблеттерін дамыту. Реакция теңдеу құру дағдыларын қалыптастыру Тәрбиелілік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ой еңбегіне баулу, шығармашылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы. Технология: Дамыта оқыту технологиясы Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, логикалық – шығармашылық жұмыстар Сабақтың көрнекілігі: ерігіштік кестесі, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, химиялық реактивтер, электронды оқулық, виртуалды зертхана Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Б) Сабақтың жоспарымен таныстыру. ІІ. Өткенді қайталау Оксид дегеніміз не? Оксидтердің жіктелуі Венн диаграммасын толтыру ІІІ. Жаңа тақырып: Күнделікті өмірде қолданып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Мысалы: лимонға қышқыл дәмді – лимон қышқылы, ал алмаға – алма қышқылы, ашыған сүтке — сүт қышқылы береді. Қышқылдар дегеніміз – металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутектің бір немесе бірнеше атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқылдардың жалпы формуласы НnА, А – қышқыл қалдығы. Қышқылдар ( электролиттік диссоциация көзқарасы тұрғысынан) электролиттер, судағы ерітіндіде сутек катионына ( Н+ ) және қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады. Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттер. ( Демонстрациялық жұмыс). Қышқылдардың жіктелуі: Органикалық (Сірке қышқылы, лимон қышқылы, алма қышқылы, құмырсқа қышқылы); Бейорганикалық (Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышықлы т.б.). Сұрақ: Екі қатарға топтасқан қышқылдардың айырмашылығы неде? НСl, HBr, H2S HNO3, H2 SO4 , H3 PO4 Жауап: Қышқыл құрамында оттектің болу немесе болмауына байланысты: оттекті және оттексіз қышқылдар. Сұрақ: Қышқылдар қандай ерекшелігіне байланысты топтастырылды? Жауап: Қышқыл құрамындағы сутектің санына қарай: бірнегізді, екінегізді және үшнегізді болып жіктеледі. Алынуы Қышқылдарды көп жағдайда қышқылдық оксидтерге су қосып немесе алмасу реакциясы көмегімен және тікелей жай заттардан синтездеу арқылы алады. 1. Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады: SO3 +H2O = H2SO4 P2O5 +3H2O=2H3PO4 2. Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады: H2 + Cl2 =2HCl H2 + S = H2S 3. Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарынa концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады: Na2SiО3 + 2HCl = H2SiO3 ↓ + 2NaCl Физикалық қасиеттері: Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық және қатты күйде болады. Көптеген қышқылдар суда жақсы ериді, тек кремний қышқылы ерімейді. Қышқыл әсерінен күлгін лакмустың түсі қызарады, ал метилоранж қызғылт түске боялады. Қауіпсіздік ережесі: Күйдіргіш зат! Теріні және ағаштан, былғарыдан жасалған заттарды күйдіреді. Егер қышқыл ерітіндісі қолыңызға тамып кетсе, дереу қатты ағынды суға жуып, сосын жарақаттанған жерді 2%- дық ас сода ерітіндісімен сүртіңіз. Күкірт қышқылын суда еріткенде сақ болу керек, ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін, демек суды қышқылға құюға болмайды. Химиялық қасиеттері: 1. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады). Қышқылдардың диссоциациясы: HCl -> H++Cl- HNO3 -> H++NO3- Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады. Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады. H2SO4 H++HSO4- HSO4- H++SO42- ------------------------------- H2SO4 2H++SO42- Суда ерігенде немесе балқығанда электролиттердің иондарға ыдырауын диссоциациялану үрдісі деп атайды. Электролиттердің судағы ерітіндісінің электр тогын өзкізуі электролиттік диссоциациялану теориясымен түсіндіріледі. Электролиттердің судағы ерітінділерінің қасиеттер алғаш түсіндірген швед ғалымы Сванте Аррениус болды (1887 ж.). Электр тоғының әсерінен оң зарядты бөлшектер (катиондар) катодқа, ал теріс зарядты иондар (аниондар) анодқа тартылады. Диссоциация - қайтымды процесс. Қайтымдылық белгісі ерітіндідегі иондарға ыдырау процесі мен иондардың қайта қосылу процестерінің үздіксіз жүріп жататындығын көрсетеді, себебі, ерітіндіде иондар ретсіз қозғалыста болады, оң және теріс зарядталған иондар соқтығысып, өзара тартылып қайта қосылулары мүмкін. Диссоциациялану үрдісін сандық жағынан сипаттауға болады. Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α ) көрсетеді, α – ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайыздық мөлшермен (0 - 100%) беруге болады. α = (dдиссоциацияланған молекулалар саныy)/(dерітіндідегі жалпы молекулаларсаныx) * 100% α > 30 % - күшті, 3 % < α < 30 % - орташа күшті, α < 3 % - әлсіз. Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай қышқылдар үшке жіктеледі: Күшті қышқылдар: HNO3 , H2SO4, HCl . Орташа күшті қышқылдар: H3PO4, H2SO3 , HNO2 Әлсіз қышқылдар: H2CO3, H2S, H3PO3. Суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды. 2. Қышқылдардың индикаторларға әсері қышқыл + лакмус → қызыл қышқыл + метилоранж → қызғылт қышқыл + фенолфталейн → түссіз (Зертханалық тәжірибе №1) Индикаторлардың пайда болу тарихына тоқталып кетсек, XVII ғасырда неміс химигі И.П. Глаубер (1604 – 1670) тұз қышқылы мен азот қышқылын өздерінің тұздарынан алып, қышқылдарды көп мөлшерде өндіруге жол ашты. Ағылшын химигі Р.Бойль (1627 – 1691) Глауберден сатып алған тұз қышқылының ерітіндісін кездейсоқ көкшіл күлгін гүлге төгіп алып, оның бірден ашық қызыл түске боялғанын байқаған. Осыдан барып ерітіндіде қышқылдың бар екендігін көрсететін индикаторларды (лакмус, фенолфталейн, метилоранж, т.б.) ашты. 3. Қышқылдардлың металдармен әрекеттесуі Электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқылдармен әрекеттескенде, сутек газын бөліп шығарады.Орыс ғалымы Н.Н. Бекетов жасаған металдардың кернеу қатары тәжірибе нәтижесінде дәлелденген. Қышқыл ерітіндісінен сутекті қандай металдар ығыстыратынын білу үшін бұл қатарға бейметалл сутек те енгізілген. Кернеу қатарында сутектің сол жағында орналасқан металдар сутекті сұйытылған қышқылдардан (азот қышқылынан басқа) ығыстырып шығарады. Сутектен кейін орналасқан металдар оны сұйытылған қышқылдардан ығыстырып шығара алмайды. Li, Rb, K, Ba, Sr, Ca, Na, Mg, Al, Mn, Zn, Cr, Fe, Cd, Co, Ni, Sn, Pb, H, Sb, Bi, Cu, Hg, Ag, Pd, Pt, Au 2HCl + Zn Zn Cl2 + H2¬ ↑ Cu + HCl ≠ (Зертханалық жұмыс №2) Жалпы қышқылдарды металдарға қатысына байланысты екі топқа бөлуге болады: 1) металдармен әрекеттескенде сутек катиондары (H+) – тотықтырғыш болатын қышқылдар: HCl, HBr, HI, H2S, H3PO4 , H2SO4 (сұйық). Бұл қышқылдар кернеу қатарында сутекке шейін орналасқан металдармен әрекеттесіп, сутегіні ығыстырады. 2) қышқыл түзуші элемент атомдары тотықтырғыш болатындар: HNO3 – кез келген концентрациясы, H2SO4 концентрлісі. Бұл қышқылдар кез келген металдармен, бейметалдармен ( P , S, C ) және тотықсыздандырғыш қышқылдарменде әрекеттеседі. Мұндай реакциялар жүрген кезде сутегі еш уақытта бөлінбейді. +5 +2 3 Cu + 8HNO3(с) = 3 Cu (NO3) 2 + 2NO↑ + 4H2O +5 +4 Cu + 4HNO3(к) = Cu (NO3) 2+ 2NO2↑ + 2H2O 4. Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі H2SO4 + CaO CaSO4 + H2O Тапсырма: Теңдеуді аяқтаңыздар: HCl + Fe2O3 → HCl + СаО → 5. Қышқылдардың негіздермен әрекеттесуі (Зертханалық тәжірибе №3) HCl + NaOH = NaCl + H2O 6. Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі HСl + Na2CO3 → H2SO4 + BaCl2 → Шарты: реакция нәтижесінде газ↑, тұнба↓ және су түзіледі. Электролиттердің судағы ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді. Мұндай реакциялар иондық реакциялар деп аталады. H2SO4 + BaCl2 → BaSO4↓ +2HCl Күкірт қышқылы - ерімтал қышқыл, барий хлориді – ерімтал тұз, яғни күшті электролиттер. Олай болса, ерітіндіде олар толығымен иондарға диссоциацияланады. Оларды араластырғанға дейін ерітінділерде H+ , SO42- және Ba2+ , Cl- иондары бөлек-бөлек жүріп, ретсіз қозғалып, соқтығысып, нәтижесінде қарама-қарсы иондар бірігеді. Олай болса, қай иондар соқтығысқанда тұнба түзіледі? Оны білу үшін ерігіштік кестесін пайдаланайық. (Зертханалық жұмыс ) H2SO4 + Na2CO3 → Na2SO4+H2O + CO2↑ Күкірт қышқылының ерітіндісіне көмір қышқылының тұзы – натрий карбонатының ерітіндісін құямыз. Иондар алмасулары нәтижесінде жаңа тұз натрий сульфаты Na2SO4 мен көмір қышқылы H2CO3 түзіледі, өте тұрақсыз қосылыс болғандықтан, түзілген бойда көміртек (IV) оксиді мен суға ыдырайды. (Зертханалық жұмыс) Білім бекіту тапсырмалары: А) Дұрыс жауапты таңдаңыздар ( тапсырмалар слайд әзірлемесінде көрсетілген) Б) Күкірт қышқылының ерітіндісі төменде берілген қосылыстардың қайсысымен әрекеттеседі? Деңгейлік тапсырмалар ( қалау өз еріктеріңізде) 1 деңгей. Массасы 4 г мыс оксиді азот қышқылымен әрекеттескенде қандай тұз қанша массада түзіледі? 2 деңгей. Көлемі 40 мл 0,35М күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау үшін массалық үлесі 9,3 % (тығыздығы 1,05 г/мл) ерітіндісінің қандай көлемі қажет? 3 деңгей. Массасы 2,33 г темір және мырыш қоспасын қышқыл ерітіндісінде еріткенде көлемі 896мл (қ.ж) сутек бөлінді. Қоспадағы әр металдың массасын анықтаңыздар. Рефлексия “Басталған ойды аяқта ...” 1) Қышқылдар дегеніміз... 2) Құрамында оттектің болу немесе болмауына байланысты қышқылдар ... 3) Құрамындағы сутектің санына қарай қышқылдар ... 4) Қышқылдар электр тогын өткізеді, олай болса олар - ... 5) Қышқылдарды индикаторлар көмегімен ... 6) Еш уақытта қышқылға су құюға ... ! Бағалау критерийлері ұсынылады. Үйге тапсырма: § 47 № 7,10,11 Эссе « Қышқылдардың маңызы » | |
Просмотров: 6318 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|