Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Семей қаласының «№30 ЖОББМ» КММ-нің химия-биология пәндерінің мұғалімі Кажекенова Эльмира Асимхановна Сыныбы: 10 «Ә» Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кремний және оның қосылыстары туралы толық мағлұмат беріп, білімдерін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың жан – жақты ойлауын, түйсігін, сөйлеу қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тіршілік тынысымен байланыстыра отырып, әсемдікті сүюге, табиғат сыйын бағалауға және өздігінен ізденуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа ақпарат беру. Сабақтың түрі: Аралас. Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Өткен тақырыпты қайталау 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 4. Жаңа сабақты бекіту 5. Қорытынды 6. Үйге тапсырма Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 2. Өткен тақырыпты қайталау: 1. Көміртектің электрондық формуласы. (1s22s22p2) 2.Көміртектің қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (Алмаз, графит,карбин) 3. Көміртектің валенттік электрондар саны нешеге тең? (4) 4. Көміртектің кристалдық торы қандай? (Атомдық) 5. Адсорбция дегеніміз не? (Өз бетінде газ және басқа еріген заттарды сіңіру құбылысы) 6. Алмаз токты қалай өткізеді? (Токты өткізбейді, ол оқшауланған) 7. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай? (Тетраэдр пішіндес) 8. Графиттен алмаз алуға бола ма? (Жоғары температурамен қысымда жасанды алуға болады) 9. Көміртектің металмен қосылысы қалай аталады? (Карбид) 10. Көміртек сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді? (Тотықтыртырғыш) 11. Көміртектің адсорбциялық қасиетінің адам ағзасына қандай әсері бар? (Адам ағзасын улы газбен еріген заттардан тазартады) 3. Жаңа сабақты түсіндіру: Периодтық жүйедегі орны. Кремний периодтық жүйеде ІІІ период ІVА топшада орналасқан р-элементі. 1s22s22p63s23p2 Табиғатта таралуы: Ол жер қыртысының 27,6% - н құрайды. Табиғи кремнийдің едәуір бөлігі құм немесе кварц түрінде кездесетін кремнезем деп аталатын кремний (ІV) оксиді болып табылады. Өте таза кристалл күйдегі кремний оксиді тау хрусталі деп аталатын минерал түрінде кездеседі. Алынуы: Өнеркәсіпте кремнийдің электр пештерінде SiО2 кокспен тотықсыздандырып алады: SiО2+С→Si+СО↑ Зертханада тотықтырғыштар ретінде Mg және Al қолданады: SiО2 + 2Mg→ Si + 2MgО 3 SiО2 + 4Al → 3Si + 2Al2О3 Таза кремнийді тертрахлоридін мырыш буымен тотықсыздандырып алады: SiСl4 + 2Zn → Si + 2ZnCl2 Физикалық қасиеттері: Кристалдық кремний – болаттай жылтыры бар, қара сұр түсті зат. Кремнийдің құрылымы алмаз құрылымына ұқсас. Кремнийді жартылай өткізгіш ретінде қолданады. Химиялық қасиеттері: Кремний кәдімгі жағдайда едәуір енжер. Ол тікелей тек фтромен әрекетеседі: Si + 2Ғ2→ SiҒ4 кремний фториді Қышқылдар кремнийге әсер етпейді(НҒ + НNO3 қоспасы ғана) 3Si + 4HNO3 + 18HF → 3H2SiF6 + 4NO + 8H2O Сілтілік металдардың гидроксидтерінде еріп, силикат және сутек түзеді: Si + 2NaOH + 2H2O→Na2SiO3 + H2↑ Жоғары температурада электр пешінде құм мен кокс қоспасынан кремний карбиді SiС карборунд алынады: SiО2 + 2С → SiС + СО2 Кремний карбидінен қайрайтын тастар және өңдейтін дөңгелектер жасайды. Металдардың кремниймен қосылысы силицидтер деп аталады: Si + 2Mg → Mg2Si Mg2Si + 4НСl → 2MgCl2 + SiH4↑ силан Силан – жағымсыз иісі бар улы газ, ауада өздігінен тұтанады: SiH4 + О2→ SiО2 + 2Н2О Ұсақталған кремнийді оттекте қыздырғанда SiО2 түзеді: Si + О2→ SiО2 Жоғары температурада кремний көптеген металдарды олардың оксидтерінен тотықсыздандырады. Кремний (ІV) оксиді қатты, қиын балқитын зат. Табиғатта екі түрі кең таралған: кристалдық кремнезем және аморфтық кремнезем. Кремний (ІV) оксиді қышқылдық оксидтергі жатады. Ол тек балқытқыш қышқылмен әрекеттеседі: SiО2 + 4HF → SiF4↑ + 2Н2О Кремний (ІV) оксиді суда ерімейді және онымен әрекеттеспейді. Сондықтан кремний қышқылы калий немесе натрий силикатының ерітіндісіне қышқылмен әсер етіп, жанама жолмен алады: Na2SiO3 + 2HCl → H2SiO3↓+ 2NaCl 2Na+ + SiO32- + 2H+ + 2Cl-→ H2SiO3↓+ 2Na+ + 2Cl- 2H+ + SiO32-→ H2SiO3↓ қоймалжың масса және каллоидтық ерітінді түрінде алынады. H2SiO3 қыздырғанда жеңіл ыдырайды: H2SiO3→ SiО2 + Н2О H2SiO3 – метакремний қышқылы H4SiO4 – ортокремний қышқылы H2Si2O5 – диметакремний қышқылы Метакремний қышқылы көмір қышқылынан әлсіз: Na2SiO3 + Н2О + СО2→ Na2СO3 + H2SiO3↓ Қолданылуы: 1. Күн батареясы, фотоэлементтер 2. Электроника 3. Қыш бұйымдар алу 4. Терезе шынысы 5. Жартылай өткізгіш және электронды техника 6. Отқа және қышқылға төзімді болат алу 7. Оптикалық өнеркәсіпте 8. Қыш материалдардан оқшаулағыш жасау 4. Жаңа сабақты бекіту: Тақырып соңындағы №3,4 есептер: №3 Si + О2→ SiО2 SiО2 + 2С → Si + 2СО↑ Si + 2NaOH + H2O → Na2SiO3 +2H2↑ Si + Mg → Mg2Si Mg2Si + 4HCl→ 2MgCl + SiH4↑ SiH4 + O2 → SiО2 +2H2O SiО2 + CaO→ CaSiO3 №4 Берілгені: m(шыны)=100кг т/к: m(Na2CO3)=? m(CaCO3)=? m(SiО2)=? Шешуі: Na2CO3 + CaCO3 +6 SiО2→ Na2O•СаО•6 SiО2 + 2СО2↑ | |
Просмотров: 3362 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|