Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Дженбаева Динара Берикбаевна ШҚО, Үржар ауданы, Көктал аулы. Көктал орта мектеп-бақша КММ химия пәнінің мұғалімі 8 сынып Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс Мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың негіхзгі кластары арасындағы генетикалық байланысты ашуға арналған өзгерістер орындату, есептер шығарту, тарауды қорытындылау, жинақтау. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың талдау, қорытынды жасау білім-білік дағдысын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жарыс сабақ Көрнекіліктер: плакаттар, тірек сызбалар слайд түрінде Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин ІІ.Жоспармен таныстыру- 2 мин ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау, өткенге шолу жасау- 10 мин IV. Жарыс ұйымдастыру – 20 мин V. Есеп шығару – 6 мин VI. Бекіту, бағалау – 3 мин VII. Үйге тапсырма – 2 мин І. Ұйымдастыру кезеңі- сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ІІ. Сабақтың жоспарымен таныстыру: Сынып оқушыларын 4 шағын топқа бөлу, топбасшы сайлау, топтың ұранын дайындау, бағалау парағын тарату. 1) Оксидтер тобы – 4 оқушы 2) Негіздер тобы – 4 оқушы 3) Қышқылдар тобы – 4 оқушы 4) Тұздар тобы – 4 оқушы ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Әр топ өз атаулары туралы не біледі. Сол туралы сөйлейді. (плакаттан көрсету, оған 2,5 мин уақыт беріледі) IV. Жарыс ұйымдастыру. 1) Кім жылдам? – мұнда оксидтің, негіздің, қышқылдың, тұздың формулалары жазылған карточкалар араластырылады. Топбасшылары шығып осылардың өздеріне сәйкесін бөледі. (1 мин) 2) Генетикалық байланыс (өзгеріс орындау) (5 мин). 1) Cu →CuO→CuCl2 →Cu(OH)2→CuO→Cu 2) Na→NaOH→ NaCl→Na2SO4→NaNO3→NaNO2 3) Al2→Al2O3→AlCl3→Al(OH)3→Al2O3→Al 4) Ca→CaO→CaCO3→CO2→Na2CO3→NaCl 3) Тәжірибе көрсету. (5 мин) Әр топқа өздеріне сәйкес химиялық реактив беріп оған тәжірибе жасау. Судағы ерігіштігін дәлелдеу, ерігіштік кестеден көрсетіп дәлелдеу. 4)Венн диаграммасы. (4 мин) Оксид Қышқыл Негіз Тұз 5) Химия тұрмыста, өндірісте.(5мин) Әр топ өздерінің тұрмыста, өндірісте қолданылуы туралы реферат қорғау. V. Есеп шығару. Жұмыс дәптерден есеп беру. І- топқа. Берілгені m (Cu)= 4г т/к (CuO)-? Шешуі 2Cu+O2→ 2CuO II- топқа Берілгені m (Na) = 9 г т/к m (NaOH) -? Шешуі: 2Na+2H2O→ 2NaOH+H2 III-топқа Берілгені m (P2O5)= 6 г т/к m (H3PO4) -? Шешуі: P2O5+3H2O→ 2H3PO4 IV- топқа Берілгені m (CaO)= 12г т/к m (CaCl2)-? Шешуі CaO+2HCl→ CaCl2+H2O VI. Бекіту, топбасшылары бағалау парағын толтыру, мұғалімге тапсыру. VII. Үйге тапсырма. Жұмыс дәптерден 6 тапсырманы орындау. Источник: http://раздел химии | |
Просмотров: 3369 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|