Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ө. Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Исентаева Гулбарам Искаковна химия пәнінің мұғалімі Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға элементтің периодттық кестедегі орналасу ерекшелігі туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Хлор қасиеттері жөнінде білімді қалыптастыра отырып, хлордың өмірдегі қолдану аясы , мамандықтар түрлері туралы кеңес беру. Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодттық жүйесі,хлор қасиеттері туралы слайд. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сөздік (әңгімелеу) Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. IV. Ой бекіту. V. Үйге тапсырма беру. VI. Бағалау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. 2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б). 3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру. 1. Периодттық жүйені кім ашты, қай жылы? 2. Периодттық жүйеде неше топ, неше период бар? 3. Периодттық жүйедегі химиялық элементтердің орналасу ретін атаңдар. 4. Периодттық жүйеде барлығы қанша элемент бар? ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту Химиялық элементке сипаттама беру. 1.химиялық таңбасы – CI (хлор) 2.латынша оқылуы – хлор 3.атомдық массасы Ar(CI) =35,3 4. молекулалық массасы Мr(CI2) =71 5.валенттілігі(тұрақты) – І 6. оксиді – CI2O7(VІІ) 7. электрондық құрылысы - ) ) ) 2 8 7 Хлордың қасиеті мен қолданылуына кластер құру. Сарғыш түсті,улы, өткір иісті Галоген Бос күйінде молекула түрінде жазыла Оттегімен қосылысы VІІ валентті VІІ топтың негізгі топшасында орналасқан молекулалары ковалентті полюссіз байланыс түзеді Ar(CI)= 35,5 Хлор сутек түзеді. (HCI) Ерекшелігі: 1. Атомдық массасы бөлшек санға тең Ar(CI) =35,3 2. Оттекті қосылысы VІІ валентті 3. Ұшқыш сутекті қосылыс түзеді - HCI (хлор сутек) IV. Ой бекіту (сұрақ – жауап, жаттығу орындау) 1.Хлор химиялық элементтердің қандай тобына жатады? ( галогендер) 2. Галогендер тобы қандай элементтен басталады? ( Фтор ) 3. Хлордың атомдық массасы нешеге т (35,3) 4. Хлор атомындағы нейтрон саны нешеге тең? (п-18,5 ) Есеп № 45 Мына жазу нені білдіреді? 4CI, 2CI2, 3CI2, CI7. Есеп № 46 Хлордың қосылыстарындағы тотығу дәрежесі. +1-1 +1 +1 -2 +1+3 -2 +1 +5 -2 +1 +7 -2 HCI HCIO HCIO2 HCIO3 HCIO4 V. Үйге тапсырма беру 1) тақырыпты оқу 2) химиялық элементтің ерекшелігін жаттау. VI. Бағалау. | |
Просмотров: 1727 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|