Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Металдар жөніндеі білімдерін жинақтау,қортындылау.Қосымша материалдар арқылы жаңа білім қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Оқушылардың алған теориялық Білімдерін іс жүзінде еңгізе білу,іскердігі мен дағдысын дамытуда өз бетіншежұмыс істей білуге үйрету. 3.Тарбиелік: Ізденушілік,жауапкершілікке жүйелі еңбек жасауға,экологиялық сауттылыққа,өмірден көрген деректерді дұрыс пайдалана білуге үйрету. Сабақ түрі: Семинар Сабақ әдісі :Сұрақ жауап,баяндау,іздену,талдау. Көрнекіліктер: Тірек сызбалар,сызба нұсқа,Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы. Пән аралық байланыс : биолгия,география,физика,әдебиет. Сабақ барысы I..Ұйымдастыру. ІІ Өткен тақырыптар бойынша еске түсіру ІІІ.Жаңа сабақты талдау. ІҮ.Бекіту Ү.Үйге тапсырма. ҮІ.Қортынды. Алдын ала берілген тапсырма 8 сынып бойынша периодтық жүйе,периодтық заң.9 сынып бойынша металдар тақырыбын қайталау.Металдардың қасиеттері халық шаруашылығында,медицинада,үй тұрмысында қолдануы және адам ағзасындағы атқаратын қызметі,маңызы туралы ақпарттыр жинақтау. Жалпы теориялық сұрақтарға жауап береу. 1.Элементтер сырқы белгілері мен қасиеттері бойынша қалай бөлінеді? 2.Заттың қасиеттері неге тәуелді? 3.Қазырғы уақытта неше металдар және бейметалдар белгілі? 4.Металдарға тән негізгі қасиет. 5.Негізгі жәнеқосымша топша метал атомдарықұрылысының ерекшеліктері неде? Сабақтың жоспары: 1.Металдардың периодтық жүйедегі орны. 2.Металл атомдарының электрондық құрылысының ерекшеліктері. 3.Физикалық қасиеттерію 4.Химиялық қасиеттері.(9 сызбанұсқа бойынша) 5.Табиғатта кездесуі (9 сызбанұсқа,карта қолдану арқылы) 6.Металдардың алыну жолдары 7.Адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы 8.Бекіту (тест және есеп шыгару) 9.Қортынды Жоспар бойынша оқушылар сабақ түсідіреді 1 оқушы: Периодтық жүйегезер сала отыра,оқушы бейметалдар периодтық жүйенің оң бөлігінде топтасқан. Кестедегі олардың орнын –бор, кремний, мышьяк, теллур, астат элементерінен тұратын диагональ бөліп көрсетіп тұрғанын,осы диагональдың сол жағынан төменгі орындарға алған барлық элементтер (Ве, AI, Ti, Ge т.б) екі зайлы болып келетінін айтып, металдар І- ІІІ топтың негізгі топшаларда орналасқанын көрсетті. 2 оқушы: Металлатомдарының электрондық құрылысының ерекшелігіне түсінік беріп металдар s, р және d элементтерге жататын,сыртқы энергетикалық деңгейнде өз электрондарыбар және атом радиусы үлкен болатындықтан, валенттілік электрондарын жеңіл беретіндігін мысал арқылы корсетті. Металдың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде 1ден 3ке дейін электрон болады. +12 Mg) 2e)8e)2e 1s22p63s2 +22Ti)2e )8e )10e )2e 1s 22s 22p 63s 23p 63d 24s2 Металдар периодтың басында және ортасында тұр. Сондықтан олардың атом радиустары салыстырмалы түрде үлкендеу. Атомдардың электронды беруі көп жағдайларға байланысты екенін атап өтті. Ядро ззарядына, атом радиусына,атомдардың иондау энергияларына және электрон тартқыштығына, элементтердің терісэектрлігіне. 3-оқушы. Металдардың физикалық қасиеттерін. 1.Қаттылығы бойынша 2.Балқу тепературасы бойынша. 3. Тығыздылығы бойынша бөлінетінділігіне, осы қасиеттеріне байланысты қолданылатын жерлеріне тоқтплып өтті. Мысалы: Ең жеңіл балқыйтын метал –Hg (tбал=38.9 0c), Ең қиын балқитын металл –W(tбал=3390 0c). Соған байланысты W электр шам сымын дайындау үшін қолданылады. Ең қатты метал Cr (шыны кесуде) т.б. 4. оқушы: Химиялық қастеттерін 9- сызба нұсқа бойынша. 1. Электрохимиялық қатар бойынша тотықсыздандырылғыш қасиетін өзгерту. 2. Металдардың ауадағы оттегімен әрекеттесуі: Li, K, Ca, Nа қалыпты тепературада тез тотығады. Мысалы: 4Li+О2 2 Li2 О (тез тотығады) 2Cu+O2 CuO (бояу тотығады) Au, Pt, Ag ауадағы оттек тотықпайды. 3. Сумен әрекеттесуі. ә) 2 Nа+2H2 O 2NаOH+H2 a)Zn+H2 O ZnO +H2 б) Сутегіден кейінгі орналасқан металдар судың құрамынан суреттегіні ығыстырмайды. 4. Қышқылмен әрекеттесуі. Сутегіге дейін орналасқан металдар сұйытылған қышқылдардан H2 ығыстырады, (HNO3-тен басқа) ә) 2 Nа+2HCL 2NaCL+H2 a) Cr+H2 SO4 Cr SO4 + H2O (оксид қабыршағы бұзылған соң реакция жүреді). б) Cu+2H2SO4 CuSO4+SO2+H2O в)Ag, Pt, Au+HCl+3HNO3 ериді. 5. Табиғаттағы таралуы. Жер қыртысында металдардың кездесуі әр түрлі және біздің планетамызда таралуы, алынуы, адам тіршілігіне араласуының тарихи кездері пайдалы қазбалар картасын және диаграмма, кестені пайдалана отырып түсіндірілді. Металдар табиғатта көп кездесетіндіктен де адамдар оларды күнделікті тіршілігінде көп пайдаланған. Тіпті тірі организмде ең кем дегенде 10 металдың болатын анықталған. Олар: темір, мыс, магний, кобальт, мырыш, марганец, молибден, натрий, калий және кальций. Осы металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы туралы оқушылар өздерінің қосымша материалдар бойынша дайындалған ақпаратары бойынша толық түсінік берді. Мысалы: гемоглобин құрамындағы темір-қан құрамындағы оттекті тасмалдайды, кофені тым көп ішпеу керек себебі: ол темір иондарының сіңіруін 40%-ға азайтады. Бұл әсіресе гемоглобині төмен адамдарға ескертетін жағдай. Темір жетіспегенде анемия ауыруы байқалады, оның алдын алу үшін ешкі сүтін ішу қажет. Ал хлорофилдің құрамындағы магний-жүрек қан тамыр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге, сүйек түзетуге қатысады. Адам күніне шамамен 400мг магний қажет етеді, сондықтан сүт тағамдарын, сұлы жармасын, таңғы асқа «Геркулестен» жасалған тағамдарды жеу керектіген айтып, жасуша құрамындағы элементтер, % бойынша көрсетілген кесте, құрлымдық формулаларды көрсету арқылы ұстаз толықтырулар жүргізеді. 8. Деңгейлік тест 2-нұсқада берілді. (жауабы тақтаға ілінеді, оқушылар бірін-бірі тексереді.) 9. Сабақты өз туған өлкесін жанындай сүйген ғұлама ғылым Сәтбаев Қаныш Имантайұлының «Туған жердің қаратасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» - деген ұлағатты сөзімен аяқталды. Сәуле Тоқтарқызы Нукушева, Химия пәнәнің мұғалімі. «Көкжайық орта мектебі» КММ Көкпекті ауданы. | |
Просмотров: 2171 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|