Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы танымдық тапсырмалар Химияны дамыта оқыту – қазіргі оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселенің бірі.Оның орталық бөлігі проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқытудың негізгі қызметі – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мұғалім оқушыларға проблемалық сұрақтар бере отырып, оны шешудің жолдарын өз беттерімен іздеуге ықпал етеді. Оқушылар алған білімдеріне сүйене отырып, ойланып жауап беруге талпынады, пәнге деген қызығушылығы артады. Өз сабақтарымда логикалық ойлауға арналған тапсырмаларды жиі қолданамын. Әрине, ол үшін қосымша әдебиеттерді, ғылми көпшілікке арналған еңбектерді қарап, көп іздену қажет. Сол тапсырмалардың кейбіреуін назарларыңызға ұсынып отырмын. I. «Оттек. Жану». 8 сынып 1. Ылғал, дымқыл дәндерді үлкен етіп үйіп сақтауға болмайды. Себебі көмірленуі немесе өздігінен жануы мүмкін. Неге олай болатынын түсіндір. Жауабы: Баяу тотығу жүреді. Дән оттекпен тыныс алып, жылу бөлінеді. Көп мөлшерде үйіліп жатқан дәннен бөлінетін жылудан көмірленіп, өздігінен жана бастайды. Сондықтан астықтың орнын ауыстырып отыру керек. 2. Саяхатқа шыққанда сол жерден кетерде от жаққан жерді топырақпен жауып кетеміз. Неге? Жауабы: Топырақ оттектің келуіне кедергі келтіреді де өрт шығу қауіпінен сақтайды. 3. Оқушы «Фосфор жанғанда ауамен әрекеттесті» дегенде қандай қате жіберді. Жауабы: Фосфор жанғанда ауамен емес, оның құрамындағы оттекпен әрекеттеседі. 4. Ішінде жанып тұрған скипидары бар табақшаны суық суы бар ыдысқа салғанда, скипидардың жануы тоқтайды. Неге? Жауабы: Себебі скипидар жану температурасынан төмен температурада салқындайды. 5. Заттардың ауада жануы оттектегі жануға қарағанда баяу жүреді. Неліктен? Жауабы: Ауаның1 /5 бөлігін оттек алады. Сонымен бірге жануды қолдамайтын газдар да бар 6. Лондон қаласының көшесінде ғалым – химиктің ескерткіші бар. Оның қолында Күн сәулесін шоғырландыратын лупа бейнеленген. Ескерткіш қандай еңбегі үшін, кімге арналған? Жауабы: Оттекті ашқаны үшін ағылшын ғалымы Д.Пристлиге арналған. II.Экологиялықмазмұндағы есептер. 10 сынып. 1. Араның аталығы таңертеңгі ұшу кезінде өсімдіктерде, қонған заттардың бетінде иісі бар зат тамшыларын қалдырады. Ол өз тобындағы басқа аралардың қоректі тез табуына көмектеседі. Бұл қандай зат? Жауабы: Заттың формуласы – С15Н26О. Фарнезол деп аталады. 2. Қалампыр гүлінің иісі эвгенол және құрамы С7Н14О болатын затпен тығыз байланысты. Бұл зат күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспейді, ал катализдік гидрлеу нәтижесінде гептанол- 2 түзеді. Заттың құрылысын анықта. Жауабы: Метилпентилкетон 3. Орман сары құмырсқаларында қорқыныш феромоны, сонымен бірге қорғаныш қаруы болатын қышқыл болады. Қыздырғанда ыдырайды, « күміс айна» реакциясы жүреді. Бұл қандай зат? Жауабы: Құмырсқа қышқылы III.Органикалық химия бойынша танымдық тапсырмалар. 10 – 11 сынып 1. Синтетикалық полимерлерді Жердің «өлмейтін тұрғындары» деп атайды. Неге? Жауабы: Зат айналымына қатыспайды. Себебі оларға сай редуценттер табылған жоқ. 2. Ағаштан жасалған сызғыш, пластмасса үшбұрыш, жүн, қағаз берілген. Ортақ қасиеттері қандай? Жауабы: Барлық денелер жоғары молекулалы қосылыстардан тұрады. Пластмасса – синтетикалық полимер, қалғаны – табиғи полимер. 3. Дәрігер науқасқа ине салар алдында теріні этил спиртіне батырылған мақтамен сүртеді. Неге? Жауабы: Этил спирті – антисептик. Терінің бетіндегі микроағзаларды өлтіріп, зарарсыздандырылады. 4. Кенеттен аквариумға фенол кристалы түсіп, оның ішіндегі балықтар өліп қалды. Неге? Жауабы: Фенол улы. Ол суда еріген оттекпен тез әрекеттесіп, балықтың тыныс алуына қажетті оттек мөлшері таусылды. 5. Ең майлы сүт дельфиндікі (40%) Неліктен? Жауабы: Сүттің құрамындағы майлар - баласына қажетті энергия көзі. Ретсіз қоректендіру, баласының тез өсуі , белсенділігі жоғары болғандықтан сыртқа көп мөлшерде жылу бөледі. 6. Түйенің өркешіндегі майдың атқаратын қызметі қандай? Жауабы: Түйе өркешіндегі май энергия көзі емес, су көзі болып табылады. Демек, танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылықпен іздену қабілеттері артады. Дайын күйде берілген білімнен гөрі өз бетімен ізденіп алған білім оқушының есінде ұзақ сақталып, өз – өзіне деген сенімділікті дамытуға ықпал етеді. Мукатова Дамет Мукаметхановна , химия,биология пәні мұғалімі,№21 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы,ШҚО | |
Просмотров: 1135 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|