Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Жұмағұл Меруерт
Асериятқызы

Қарағанды облысы Бұхаржырау ауданы Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәні мұғалімі

Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді.Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. Қазіргі кезде қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім сапасын көтеру, компьютерлендіру,интернет, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды пайдалану сияқты міндеттерді орындау көзделіп отыр. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.Химияны оқытуда мултимедиялық әдістер кеңінен қолданылады.
Химияны оқытудың ақпаратты әдістерінің ерекшеліктері.Ақпараттық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), көрсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді), және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды) әдістермен жүзеге асырылатындықтан кешенді деп атауға болады. Білім көзінің басым сипатына қарай кешенді аталған әдістер ауызша немесе көрнекі , практикалық әдістер тобына кіре алады.Сонымен қоса сабаққа керекті бейне көріністерді пайдалануға болады. Компьютер көмегімен сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізуге болады, уақытты үнемдеуге болады. Себебі сабақта пайдаланылатын барлық қажетті заттар компьютерде дайын күйінде болады. Оқыту мотивациясы мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін де компьютерлік оқу ойындарының алар орны ерекше.Оқушыны өзіндік жұмысқа бағыттай отырып, олардың танымдық белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылау мен өзіндік жұмысты орындату арқылы оқытудың сапасын жақсартып, оқуға деген қызығушылығын арттыруға да себебін тигізеді.
Химия пәні бойынша ақпараттық әдістерді пайдаланудың тиімді жақтары:
- оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеруде оқытуды жекелендіруге (дара оқыту) мүмкіндік туады;
- мультимедия құралдары оқытуды көрнекірек етеді, көрнекілік оқушыға тікелей жақын болғандықтан, оны ол қозғалтып, жақындатып-алыстатып, әртүрлі қырларымен аударып, анықтап көруіне болады, осының нәтижесінде білім беру жоғарылайды;
- мектептегі дәрісті, оның әр кезеңіне уақытты анық бөлуге байланысты тиімді өткізуге болады.Мұғалім оқу тақтасымен,бейне-көрініспен жұмыс істеуге, терминдер және олардың анықтамаларын айтуға алаңдамайды және уақыт жібермейді;
- оқушылардың дербес жұмыстары кезінде мұғалімге оқушылардың әрқайсысына жеке-жеке барып көмектесуіне мүмкіндік туады.
Ақпараттық технолгияларды пайдаланып сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған мультимедия кабинеті, электрондық оқулықтар немесе мұғалім өзі сабақты компьютерге енгізіп слаид түрінде дайындауы қажет. Ақпараттық жүйеде сабақ өткізу үшін мұғалім күнделікті өткізетін сабағына қарағанда екі есе көп дайындалуы керек. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.
Химия - экспериментті пән. Химия пәнінен жүйелі , сапалы білім қалыптастыру химиялық тәжірибесіз мүмкін емес. Сондықтан химиядағы кейбір зертхана жағдайында жүргізілуі қиын тәжірибелерді интеракивті тақтаның үлкен экранында оңай көрсетуге болады. Демонстрациялық көрсетілімдер кезіндегі ең маңызды сәттерінен түрлі - түсті маркерлермен интеракивті тақтада белгілер салуға да болады. Осылайша әр сабақтағы белгіленген материалдарды арнайы файлда сақтап, кез-келген уақытта оқушыларға керекті мөлшерде бірнеше данасын көшіріп шығару құралдарын пайдаланып таратып беруге немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Қазіргі кездегі мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануы өз педагогикалық идеяларын оқу- тәрбие үрдісінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқытудың басты міндетіне, оқушылардың ойлау стилін өзгертуге мүмкіндік беретіндей, ғылыми білімдерін қалыптастыратын дидактикалық жолдарды табу жатады.Ақпараттық технологияларды химияны оқытуда қолдану, компьютерлік технологияларды оқушыларға жаңа деңгейде білім берудің таусылмас мүмкіндіктерінде екендігі даусыз.Олар оқушылардың тұлғалық дамуы мен жек дара қабілеттерін жарыққа шығаруға жол ашады.
Категория: Химия | Добавил: 87054100500 (2014-12-01) | Автор: Химияны оқытуда ақпараттық технолог E
Просмотров: 1671 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru