Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Каражигитова Унай Куанышовна Бөбек ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясында химия пәнінің мұғалімі Химия пәнінің оқушының тәрбиелік деңгейін дамытудағы рөлі Бізді қоршаған орта – химия әлеміне бағытталған жол. Өткен, осы және ертеңгі күндерімізге зейін қоя үңілсек, химиясыз елестетудің өзі мүмкін емес. Бұл сала бойынша қаншама еңбектер жазылды. Өткен өміріміздің тарихи мәні – үрдіспен өзгеріп, бүгінгі күнге жеткізген еңбектердің жеңісі мен жемісі. Оқушыларға бағдарламалық сабақтарды жүргізумен қатар, күнделікті қосымша мәліметтермен толықтырып, өмір сарынымен үндестіріп, тәрбиелік мәнді де сәнді пән ретінде өткізген жөн. Химия – көне ғылым. Ол туралы оқушылардың көкейлерінде көптеген сауалдар жүр. Әрине, ұстаздар оқулықтармен жұмыс жүргізгенде, кейбір мәселелер кең қамтылмай қалады. Сондықтан оқу бағдарламасынан тыс материалдарды, яғни химия ғылымының пайда болуы мен дамуы туралы қосымша мағлұматтарды дайындаған жөн. Ерте заманның өзінде де адам табиғатта кездесетін заттарды қажетіне жарата білген. Солардың қасиеттерін қолөнершілер іс жүзінде пайдаланып, пайдасы мен зиянын жаза жүріп, деректер қалдыра берген. Үнемі тәжірибелер мен ізденістер химия саласын дамыта береді. Күні бүгінге дейінгі жүйеге түсірілген химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі қаншама ғалымдар мен ғұламалар еңбектерінің жиынтығы секілді. Элемент ұғымы шамамен VI ғасырдан бұрынырақ Ежелгі Эллада елдерінде қалыптасты. ХVII ғасырда тұңғыш ғылымның дамуына А.Лавуазье мен Дж.Дальтон қазіргі заман талабына сай теориялық негізін – химиялық атомастиканы жасап кетті. Осындай қысқаша шолулармен оқушылардың білімдерін дамыта отырып, пәнге деген көзқарастарын тәрбиелеу үшін ұстаздар химия тарихын жетік біліп, әрдайым ізденіс үстінде ғылыми платформа қалыптастыруы тиіс. Өткеніне көз жібермей, ғылымның бүгінгі күйін жете түсіну және болашақтағы дамуын болжау өте қиын. Химияның даму тарихы туралы мағлұматтарды жинақтап, оқушыларға толығымен ұсыну – күрделі мәселе. Соған қарамастан, қысқаша, әрі қызғылықты етіп, баяндап жеткізуді жөн көріп отырамыз. Осындай көзқарастағы білікті ұстаздар, оқушыларға қызығушылық, тәрбиелік және үміттілік қасиеттерін оятып, өзіндік ғылым саласына үлестерін қосып, еліміздің және ғаламшарымыздың болашақ мамандары мен ғылым иелерін қалыптастыруға септігін тигізуге тырысқаны жөн. Жалпы химия терминінің қайдан пайда болғанын дәл ешкім айта да алмайды. Ескі жорамалдарға сүйенсек, гректің «хемейа» - «қара топырақты жердің елі», «хюмейа» (хюма) металл құймасы деген мағынада беретінін айта кеткен жөн. Көне заманда химияның алғашқы нұсқасын жазған Хермес деген адамның атымен де байланыстырады. Мүмкін басқа да себептері бар шығар, солай бола тұрса да, жорамал күйінде беймәлім. Химия саласындағы ғалымдар отты пайдалану үрдісінің дамуына зор үлесін қосқаны туралы бізге мәлім. Өмірдегі тұрмыстық тіршіліктің өзі де химиямен тығыз байланысты екенін оқушылар жете түсінеді. Соны түсініп қана қоймай, зейін қойып тереңірек оқыса, іс жүзінде пайдалануды игерсе және көп білген сайын өміршеңдік сұрақтар мен сауалдар көбейе түседі. Көп жағдайда кездейсоқ оқиғалар да көмектеседі. Әсіресе, әйнектің пайда болуы да қызық. Біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде ежелгі Финикия кемесі Бел өзенінің сағасына шығып қалғанда, табиғи сода кесектерін қалап ошақ жасаған. Ошақ пен құмның отқа тиген жерінде мөлдір де жылтыр шыны пайда болады екен. Металдары қорыту пештерін салып, қызуы жоғары отты пайдалануды үйрену арқылы таза металдар мен қорытпалар дайындалады. Тас дәуірінен қола дәуіріне өту кезеңі де химияның жетістігі емес пе?! Темірді суалту арқылы сапасын жақсартуды да өмір үйретті. Ежелгі Үндістанда салынған, Нью-Дели қаласының маңында орнатылған темір бағанның биіктігі 7 метр, салмағы 6 тонна. Ешқандай жігі жоқ сом бағананы таза темірден қалай құйылғаны да, бүгінгі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып қойып келеді. Кез келген темір бұйымы коррозияға ұшырап тат басады, ал бұл бағаналарға ешқандай құбылыс әсер етпегені көрінеді. Ежелден белгілі металдар қатарына алтын, күміс, темір, мыс, қалайы, қорғасын және Аристотель «сұйық күміс» деп ат қойған сынап жатады. Ежелгі Египетте, Қытайда, Үндістан мен Грецияда алтын, күміс, темір, қорғасын, мыс өнімдері кеңінен пайдаланылған. Заман талабына қарай Пифагор философиясы бойынша, жеті – қасиетті сан. Шындығында да аспанда жеті ғаламшар, жерде жеті металл, аптада жеті күн бар. Ежелгі ғұламалар мен адамдардың пайымдауынша, жер бетіндегі болып жататын барлық құбылыстар мен оқиғалар ғаламшарлар ықпалымен болады-мыс. Сол себепті алтын – күн, күміс – ай, темір – марс, сынап – меркурий, қалайы – юпитер, мыс – шолпан, қорғасын – сатурн деп белгіленген. Оқушыларға тәлім-тәрбие берудің де өзіндік әдістерін қалыптастыру саласында, тарихи маңызды мағлұматтармен жарақтандыру болашақ ғылымға және ізденістерге машықтандыру бүгінгі күннің талабынан туындайды. Өйткені күнделікті өмірде болып жатқан үрдістер ағыны – ақпараттану мен компьютер және интернетпен тығыз байланысты. Қазіргі таңда қазақша мағлұматтар мен оқушылар білімін сусындатуға аса қажет. Осы салада өз үлесімді қоссам деп дайындаған жұмысыма күміс металы туралы қысқаша мағлұматтармен толықтыру жүргізгенді де жөн көрдім. Күміс – адам баласына өте бағзы заманнан, біздің ғасырымызға дейін 2500 жыл бұрын, алтын мен мыстан кейін, пайдаланылған металдардың бірі. Күміс бос күйінде сирек кездесетіндіктен, ертеректе алтыннан 2,5 есе қымбат бағаланса, бертін келе алтынның бағасы асып түсті. Күмістің латынша атауы – Argentum (грекше: «аргирос, аргос – ақ, жылтырауық, жарқырауық» - деген сөзінен алынған). Орысша «серебро», немісше «зильбер», ағылшынша «сильвер», ежелгі үндіше «сарп», кейінірек, славянша «серп», ал латынша «аргентум» деп аталатын ақ металды орақ тәрізді айға теңеген. Оңтүстік Америкада күміс сульфиді өте көп болған. Күнделікті тұрмыста үндістер жиі пайдаланған. Испан шапқыншылығы салдарынан, үндістер ығыстырылып, өзендегі күмістің сансыз қоры испандықтардың иелігіне өтті. Сол өзенді «Күміс өзені» немесе Ла-Плата деп атаған. Испандықтардың отарынан босаған ел 1848 жылдан бастап Аргентина деп аталады. Күміс – периодтық жүйенің І тобындағы химиялық элемент, оның реттік нөмірі – 47, салыстырмалы атомдық массасы – 107,868. Күміс табиғатта таза түрінде және алтын, сынап, қорғасын, мыс қосылыстарының құрамында да кездеседі. Осы уақытқа дейін таза күмістің 13,5 тоннасы кездесіпті. Біздің ата-бабаларымыз да күміс қасықтармен тамақ ішіп, сақина және білезік пен сырғаларды көне замандардан бері пайдаланған. Яғни олар сол кезеңдерде де күмістің зор қасиетін іске жаратыпты. Заманауи технологиялық әдістермен Ұлыбританияда алғаш рет күміс жіптермен тігілген киімдер сатыла бастады. Бұл әрине, бір жағынан сәндік болса, екіншіден денсаулық пен шипалық қажеттілігінен туындаған. Тұрмыстық жағдайларда жұғатын резистентті метициллин стафилакокк (MRSA) қатерлі. MRSA бактериясы адамдардың терісінде зиянсыз тіршілік ете жүріп, иммунитеті төмен адамдарда жұқпалы тері ауруларын қоздырады. Соның салдарынан бұл өмірден бақилық болып кеткендер жиі ұшырасуда. Жаңа күмістелген киімнің матасы өзімен жанасқан бактерияларды жоя отырып, MRSA туғызатын аурулардың пайда болуына жол бермейтін көрінеді. Ал күміс ыдыста сақталған су ше? Адам ағзасының ішкі құрылысына шипа ретінде күмістелген су қолданылып жүр. Бүгінгі дені сау, көзі ашық және жан-жақты білімді шәкірттерді әзірлеу, оларға тәрбиелік адамгершілік сезімдерін қалыптастыру ұлағатты ұстаздарымыздың өзіндік үлесі тәрізді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мырзабаев А. «Элементтер – химия негізі». Алматы: «Рауан», 1990 ж.-197 бет. 2. Бірімжанов Б.А. «Химиялық элементтер тарихынан» Алматы: «Мектеп». 3. Всеобщая история химии. Становление химии как науки. «Наука», Москва. 4. Джуа М. «История химии». Москва: «Мир». 5. Нұғыманұлы И., Мулькина Р., «Химия» оқу кітабы. Алматы: «Рауан», 1997 ж. 6. Соловьев Ю.И. История химии. Развитие химии с древнейших времен до конца ХІХ века. Москва: «Просвещение». 7. Всеобщая история химии. Возникновение и развитие химии с древнейших времен до конца ХVII века. «Наука», Москва. 8. Фигуровский Н.Л. «Открытие элементов и происхождение их названий» «Наука», Москва. | |
Просмотров: 1255 | Комментарии: 6 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|