Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

«Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау»
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Бөбек ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Мерзімі: 16.02.2015 ж.
№43 сабақ
Мұғалім: Каражигитова Унай Куанышовна
Сынып: 8 «А»
Оқушы саны: 11
Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау»
Химия, химия!
Пайда менен зиянды,
Бірдей ғып тұрсың жымия! (Дәйексөз)
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға «тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу-тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон-баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.Жаңа ұғымдарға тоқталу. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту. Химия пәніне деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, сабақ үстінде өздерін еркін ұстап, ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы (Ашық сабақ)
Сабақтың әдісі: сөзжұмбақ, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. (Амандасу). Сынып оқушыларын түгендеу (2 минут).
Бүгінгі сабағымызды әдеттегідей тыныштық сәтімен бастаймыз.
Тыныштық сәті (Баяу ән орындалып тұрады).
Тыныс алуға зейін қою
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуанышты қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде, өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Қане, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Қолдарыңызды тізеге қоюға болады.
Дем ал, шығар (жаймен 9-10 рет қайталау)
Рахмет, балалар. Жаймен көздеріңізді ашуға болады (3-4 минут).
Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін мектебіміздің ұстаздары қонаққа келіп отыр. Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, мәліметтер, басқа да құралдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тақырып бойынша «Сутегі» сөзжұмбағын оқушыларға шештіру (2-4 минут).
ІІІ. Шығармашылық жұмыс.
«Адасқан элементтерді табу» ойынын ұйымдастыру және ойнату (2-4 минут).
ІV. Дәйексөз.
Химия, химия!
Пайда менен зиянды,
Бірдей ғып тұрсың жымия!
Оқушыларға қайталатып, осы дәйексөзді қалай түсінетіндерін талқылау (1-2 минут).
V. Жаңа сабақ.
«Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау».
Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.
Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.
Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.
Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.
Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1.
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.
Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:
Na0-ē=Na+
I—ē=I0
N-3-5 ē=N+2
Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:
Cr+6+3ē=r+3,
S0+2ē=S-2,
Mn+7+5 ē=Mn+2,
Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион.
Тотықтырғыш Тотықсыздандырғыш
+nē – nē
тотығу дәрежесі төмендейді тотығу дәрежесі артады, тотықсызданады тотығады. Презентациядағы слайдтарды қолдану арқылы жаңа материалды түсіндіру.
(15-20 минут).
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Алған білімдерін бекіту үшін оқушылардан бүгінгі тақырыпқа байланысты құрастырылған химиялық диктантты
орындатамын.
Химиялық диктант
Жауабы:
1. Тотығу-тотықсыздану
2. оң
3. оң, теріс
4. сутекпен, бейметалдармен
5. нөлге
(1-3 минут) Қорытындылай келе, бүгінгі сабақты бекітейік:
Химиялық диктант
1. ____________ процесі ең кеңінен тараған және теориямен практикада маңызды рөл атқаратын реакция болып табылады.
2. Барлық күрделі қосылыстағы металдар тек қана __ тотығу дәрежесін көрсетеді.
3. Бейметалдар __және ____ тотығу дәрежесін көрсете алады.
4. Бейметалдар ______және _________ қосылыстарында үнемі теріс мәнге ие.
5. Металдардың ең кіші тотығу дәрежесі ______тең болады.
VІІ. Қорытынды жасау. Бағалау (1-2 минут).
Сонымен, оқушылар!!!
Химия ғылымына сенбеген адам шындықтың не екенін білмейді.
(Нақыл сөз)
VІІІ. Үй тапсырмасын беру. «Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау» тақырыбын
оқып, түсінігін айтуға дайындалып келу.
ІХ. Топпен ән айту. «Өз елім»
1. Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан,
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан.
Қайырмасы:
Өз елім менің!
Өзегім менің!
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп сенің,
Соғады мәңгі жүрегім!
Түлегі сендер,
Тілегі сендер,
Тірегі сендер бұл елдің!
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер бұл елдің!
(1-2 минут).
Х. Соңғы тыныштық сәті.
Осы алған білімдеріңізді миымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық (1-2минут).
Категория: Химия | Добавил: Унай (2015-03-09) | Автор: Каражигитова Унай Куанышовна
Просмотров: 3118 | Комментарии: 1 | Теги: химия, ашық сабақ | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:40 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru