Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

«Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер»
Бөбек ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Химия пәнінен өзін-өзі танумен интеграцияланған ашық сабақ
Мерзімі: 26.01.2015 ж.
№37 сабақ
Мұғалім: Каражигитова Унай Куанышовна
Сынып: 8 «А»
Оқушы саны: 11
Сабақтың тақырыбы:
«Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер»

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай).
Сабақтың мақсаты: реакцияның жылу эффектісімен оқушыларды таныстыру, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру, жаңа ұғым «термохимиялық теңдеу» туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.
Сабақтың білімділік мақсаты: «Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Есептер шығару. Термохимиялық теңдеулер бойынша химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептеу» тақырыбы бойынша алған білімдерін толықтырып, танымдық ой-өрістерін кеңейту. Химия пәніне деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, сабақ үстінде өздерін еркін ұстап, ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. (Амандасу).
Сынып оқушыларын түгендеу.
(2 минут)
Бүгінгі сабағымызды әдеттегідей тыныштық сәтімен бастаймыз.
Тыныштық сәті. (Баяу ән орындалып тұрады)
Тыныс алуға зейін қою
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуанышты қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде, өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Қане, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Қолдарыңызды тізеге қоюға болады.
Дем ал, шығар (жаймен 9-10 рет қайталау)
Рахмет, балалар. Жаймен көздеріңізді ашуға болады.
(3-4 минут)
Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін мектебіміздің ұстаздары қонаққа келіп отыр. Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, мәліметтер, басқа да құралдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген сабақты фронтальды (жазбаша) тексеру, яғни 10 сұрақтан құралған тест алу арқылы жүргіземін.
Сонымен, жауаптарын тексеру үшін дәптерін көршісіне беріп, дұрыс жауап арқылы тексереді. Топ басшысы бағалау парағына түртіп алып отырады.
Тест (жауабы)
1. В
2. А
3. С
4. С
5. Е
6. А
7. В
8. С
9. Е
10. Д
(2 минут) Тест
1. Оттегі табиғатта жай зат болып қанша күйде кездеседі?
А. 1
В. 2
С. 3
Д. 4
Е. 5
2. Бір элементтің бірнеше жай зат күйінде болу құбылысы қалай аталады?
А. Аллотропия
В. Жану
С. Гидролиз
Д. Булану
Е. Сулану
3. Озонды ең алғаш рет 1785 жылы голландия физигі және ботанигі қай ғалым ашқан?
А. Д.И.Менделеев
В. Джон Пристли
С. Мартин Ван Марум
Д. Николай Коперник
Е. Антуан Лоран Лавуазье
4. Озонның химиялық формуласы:
А. О
В. О2
С. О3
Д. О4
Е. О5
5. Оттегінің аллотропиялық
түр өзгерісі қалай аталады?
А. Зат
В. Элемент
С. Молекула
Д. Атом
Е. Озон
6. «Озон» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
А. Аңқығыш
В. Ұшқыш
С. Жанғыш
Д. Өртенгіш
Е. Сіңгіш
7. Табиғатта найзағай жарқылдаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзілетін оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі қалай аталады?
А. Балон
В. Озон
С. Оттегі
Д.Кемпірқосақ
Е. Реакция теңдеуі
8. Атмосфераның көгілдір түске боялуы неге байланысты?
А. Фреонға
В. Қалдыққа
С. Озонға
Д. Газдарға
Е. Суға
9. Қандай озонды улы, микроорганизмдерді өлтіруде, суды және ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда қолданады?
А. Қалдық
В. Сулы
С. Лас
Д. Қолданылған
Е. Таза
10. Озонды зертханада қандай құралда алуға болады?
А. Колба
В. Микроскоп
С. Спиртшам
Д. Озонатор
Е. Термостат
ІІІ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Түйенің жүгін жеңілдетейік» ойынын 2 топқа бөліп ойнатамыз (2-3 минут). Түйенің жүгіндегі асықтар нөмірмен көрсетілген. Әр асық 1 тапсырмадан тұрады. Сол жүктегі тапсырмалар.
1.Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі қалай аталады?
2. Озонның формуласы.
3.Озонды зертханада қандай құралмен алады?
4. «Озон» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
5. Оттегінің латынша атауы.
ІV. Дәйексөз.
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».
(Абай)
Оқушыларға қайталатып, осы дәйексөзді қалай түсінетіндерін талқылау (1-2 минут). Осы дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талқылап, мән-мағынасын ашу.
V. Жаңа сабақ.
«Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Есептер шығару. Термохимиялық теңдеулер бойынша химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептеу».
Өткен сабақта оттегінің және озонның табиғатта таралуы және қолдануы туралы өткен болатынбыз. Сонымен қатар, реакцияның типтерімен де танысқанбыз. Бүгінгі жаңа сабақта экзотермиялық және эндотермиялық реакция теңдеулерімен танысамыз.Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық реакция деп аталады. «Экзо» гректің «сыртқа» деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан,сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді.Реакция аяғына дейін жету үшін үнемі қыздыруды қажет ететін реакциялар бар.
Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық реакция деп аталады. «Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді. Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады. Жылу мөлшері Джоуль (Дж) немесе килоджоуль (кДж)арқылы белгіленіп, калориметрмен өлшенеді.(физика курсынан білеміз). Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды Q («ку») әрпімен белгілеп реакция теңдеуін былай өрнектейміз.
С+О2→ СО2+Q (жылу бөліну)
S+О2→SО2+Q(жылу бөліну)
N2+О2→ 2NО-Q (жылу сіңірілу)
2НgO→ 2Hg-Q (жылу сіңірілу)
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С+О2→ СО2+402,24 кДж
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады.Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңірілді. Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды.
Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді:
1) әрекетесуші заттардың табиғатына;
2) температураға;
3) реагенттердің мөлшеріне;
4) реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне байланысты болады;
Жаңа сабақтың барысын талдау (15 минут). Презентациядағы слайдтарды қолдану арқылы жаңа материалды түсіндіру.
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Алған білімдерін бекіту үшін оқушылардан «Жылу эффекті» атты бүгінгі тақырыпқа байланысты құрастырылған сөзжұмбақты топқа бөлініп, әр топтың оқушылары біріге отырып шешуін сұраймын (2-4 минут).
Сабақты бекіту.
«Жылу эффекті» сөзжұмбағы.
Сұрақтары:
1. Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері қалай аталады?
2. Жылу бөліну арқылы жүретін химиялық реакция:
3. Жылу мөлшері қандай құралмен өлшенеді?
4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі.
5. Грек тілінен аударғанда «ішкі» деген мағынаны білдіретін сөз:
6. Қандай ұғым температураға да тәуелді?
7. Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы төменде көрсетілген бірнеше неге тәуелді?
1) әрекетесуші заттардың табиғатына;
2) температураға;
3) реагенттердің мөлшеріне;
4) реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне байланысты болады;
8. Термохимияның негізін қалаушы, орыс академигі:
9. Жылу мөлшері Джоуль (Дж) немесе қандай өлшем бірлік арқылы белгіленеді?
10. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар қалай аталады?
11. Эндотермиялық реакцияда жылу не істеу арқылы жүреді?
VІІ. Қорытынды жасау. Бағалау (1-2 минут).
VІІІ. Үй тапсырмасын беру. «Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Есептер шығару. Термохимиялық теңдеулер бойынша химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептеу».
Оқып, түсінігін айтуға дайындалып келу.
ІХ. Топпен ән айту. «Атамекен».
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен (1-2 минут).
Х. Соңғы тыныштық сәті.
Осы алған білімдеріңізді миымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық (1-2минут) .
Категория: Химия | Добавил: Унай (2015-03-09) | Автор: Каражигитова Унай Куанышовна
Просмотров: 3865 | Теги: химия, ашық сабақ | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru