Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
«Органикалық заттар» тақырыбын қорытыныдылауға арналған сұрақтар 1-тапсырма. Берілген ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріңдер. 1.Органикалық химия. 2.Изомерия. 3. Изомерлер. 4.Гомологтар. 5.Электрон бұлттарының гибридтенуі. 6.Сигма және р-байланыстар. 7.Көмірсутектер(-ан, -ен, -ин, -диен, - арен). 8.Жалпы формуласы. 9.Радикал. 10.Полимерлену. 11.Орынбасу. 12.Қосып алу. 13.Мұнай өнімдері. 14.крекинг. 15.Отын оның түрлері. 15.Отынды тиімді жағу деген не? 2-тапсырма.Заттардың құрылысы. Көмірсутектер. 1. А.М. Бутлеров тұжырымдаған органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын айтып беріңдер. 2. Көмірсутектердің жіктелуін мысалмен түсіндіріңдер. 3. Алкандардың қандай гомологтарын білесіңдер? 4. Қанықраған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады? 5. Бутадиенді көмірсутектерге мысалдар келтіріп, қолданылатын жерлерін айтып беріңдер. ▲6. Этилен мен ацетиленнің химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық бар екнін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер. ▲7. Бензол молекуласында көміртек атомдары өзара қалай жалғасады? Басқа көмірсутектерден айырмашылығы неде? 8. Табиғи газдан қандай заттар алуға болады? Олар негізінен қайда қолданылады? 9. Мұнайдан алынатын қандай заттарды білесіңдер? 10. Қазақстанда көмір қай жерлерде өндіріледі? 3- тапсырма. ▲1. Метанның, этанның, бензолдың буларының сутекпен салыстырғандағы тығыздықтары қанша? ▲2. Көлемі (қ.ж.) 18л СН4, 3л С2Н2, 5л С3Н8 болатын газдардың қанша зат мөлшері және қандай массасы болатынын есептеңдер. ▄ 3. Құрамында 93,75% көміртек, 6,25% сутек бар белгісіз газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 4,41 болатынын ескере отырып, заттың молекулалық формуласын табыңдар. ▄ 4. Көлемі (қ.ж.) 89,6 л метанды толық ыдыратқанда неше грамм күйе алынады? ▄ 5. Көлемі 5,6 л этилен (қ.ж.) қанша грамм бромды қосып алады? *6 . Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. А, Б заттарының атын атаңдар. -H2 -H2 2Cl2 этан А Б тетрахлорэтан. ▄ 7.Массасы 3,9 г бензолды толық жағу үшін қанша көлем ауа қажет екенін есептеңдер. ▄ 8.а) бутаннан; ә) бутеннен бутадеин – 1,3-ті қалай алуға болады? Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар. ▄ 9. Өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: пропан→пропен→хлорпропан ↓ ↓ көміртек дихлорпропан (IV) оксиді *10. Берілген айналымдарға мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар: Қаныққан көмірсутек→қанықпаған көмірсутек→спирт→жай эфир. | |
Просмотров: 2136 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|