Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
«ЗЕРДЕЛІЛЕР» МЕН «ЗЕЙІНДІЛЕР» І кезең.Сәлемдесу а) таныстыру; ә) команда эмблемасы; б) ұран; в) қарсыластарына сәлем; ІІ кезең. «Қалауың білсін» (таңдалып алынған тапсырма) ІІІ кезең. «Қателеспе» (формула біліктілігін тексеру) ІV кезең «Қапы қалма» (топтарға есеп тапсырылады) V кезең «Капитандар сайысы» VІ кезең «Үй тапсырмасы» Жүргізуші: Уа, халайық! Бәріне бірдей жар салайық. Химия тілін үйренем деушілерге, Химия тілін білмек ойлы балаларға Химия құмарлығын арттыруға, талпынушыларға Бүгін болатын кешімізді арнаймыз. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тексермедім Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымаызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулермен мұндасып қалу үшін өткізгіелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі «Зерделілер мен Зейінділер» атты сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз. І топ оқушылары ІІ топ оқушылары Жүргізуші: Шеберлікті, білімді Сараптап сіздер көріңіздер Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! Сайысымызды әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі : Бөкейханұлы Ержан ағайларыңыз. Мектебіміздің биология пәні мұғалімі: Талғатқызы Гүлмира апайларыңыз. Бірінші сайыс: «Сәлемдесу» әр топ өздерінің атымен, ұрандарымен,қарсыластарына сәлем жолдайды. Екінші сайыс: «Қалауын білсін!» әр топ бір- бір қатысушыны ортаға шақырамыз, ұсынған ұяшықтардың біреуін таңдайды. 1- ұяшық сұрақтары. 1. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті (аллотропия) 2. Индекс, коэфициент дегеніміз не? ( индекс- атом саны, коэфициент- молекула саны) 3. Ас содасының формуласы ( натрий гидрокарбонаты) 4. Оттектің сұйылту температурасы қандай? ( сұйық (О2) - - 183 0С) 5. Жер бетіндегі тіршілік атрабы (Биосфера) 6. Д.И.Менделеев ескерткіші қай қалаларда қойылған (Тобольск, Мәскеу, Ленинград) 7. 61 жас неше мүшел (5 мүшел) 8. Ауада алма неліктен сарғаяды? ( темір (+2 ионы) темір (+3 ионына) айналады? 9. Крахмалы көп өнім? (күріш) 10. Металдардың кернеу қатарын жасаған кім? (Бекетов) 2-ұяшық сұрақтары 1. Гидрлену реакциясы дегеніміз не? (сутектің қосылу реакциясы) 2.Ломаносов «корпускула» деп нені атаған? (Млоекула) 3. Бактероцидтік қасиеті бар қай металл? (күміс) 4. Судың агрегаттық күйлерін ата? (мұз, сұйық, бу) 5. Түйе неге айлап су ішпейді? (гидролиз процесі нәтижесінде бөлінген суды жаратады.) 6. Сутекті ашқан ғалым? (Г.Кавендиш) 7. 70-80 жас аралығын қалай атаған? (қария, қарт, ақасақал) 8.Патша сұйығы деген не? (1 көлем азот қышқылы мен 3 көлем тұз қышқылы қоспасы) 9. Индекс нені көрсетеді? (атом саны) 10. Х.Колумб Американы қай жылы ашьы? (1492) 10.Қайсысы артық 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір (бірдей) 3-ұяшық сұрақтары. 1. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі. (молекула) 2. Фосфор деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы) 3. Теңіз капустасы – ламинария қандай элементке бай?(йод) 4. Иммунитет дегеніміз не? (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қаситеі.) 5. Қай бұлшық ет өте күшті? (Ауыз бұлшықеті) 6. Жердің терең қабатындағы балқыған зат? (магма) 7. «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы.(Ф.Энгельс) 8. Тұздар мен су арасындағы реакция ? (гидролиз) 9. Алғашқы орыс профессоры, химик? (М.В. Ломоносов) 10.Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций) 4-ұяшық сұрақтары. 1. Судың қатты күйі? (мұз, ) 2. Батыс Қазақстан облысындағы ең ұлы өзен? (Жайық) 3. Дүниедегі ең үлкен жеміс? (асқабақ) 4. Күнге ең таяу айналатын планета? (Меркурий) 5. Денесінде қышқылы бар жәндік? (құмырсқа) 6. Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде орналасқан? (Африка) 7. Оттекті ашқан ғалымдар? (Ағылшын ғалымы Пристли, швед ғалымы Шееле) 8. Күннің көзі жылына неш рет шығады? (365) 9. Милиионда неш ноль бар? (6) 10. Инертті газдар? (5) ІІІ кезең. «Қателеспе» Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Химия ырыс бұлағы, Шалқыған байлық, мол дәулет Аялап күтіп тұр алда, Болашағымыз – нұр дәулет. Бұл сайыста тез арада формулаларды қателеспей табу керек (Топпен жұмыс) 1. Салыстырмалы атомдық массса 2. Зат мөлшер (моль саны) 3. Авогадро саны. 4. Газ тәрізді заттардың көлемі. 5. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі. ІҮ Кезең. «Қапы қалма» Есеп ,есеп есеп- ай Есеп білмес есек- ай Есеп білмес баланы Еркелетпес ешкім – ай. Топтарға есептер тапсырылады. Есептерді шығаруға 10 минут уақыт беріледі.Есептер шығарылғанша жанкүйерлер сайысы өткізіледі. Жанкүйерлермен жарыс. 1-топ: «Г» әрпімен басталатын химиялық сөздерді атаңыздар. (газ, галоген, гидрокарбонат, гидроксид, гомолог, гидратация,глюкоза, графит, галий, германй, гелий) «К» әрпімен басталатын химиялық сөздерді атаңыздар. (карбонат, кристаллогидрат, көмірсулар, күкірт сутек, крахмал, каучук, көміртек, күкірт,криптон, ксенон, күміс, калий, калций, кобальт,кремний) 2- топ: «М» әрпімен басталатын химиялық сөздерді атаңыздар. (мұнай, метилоранж, молекула, мыс, мырыш, марганец, метан, мұз, майлар, металл, молибден,мейтнерий) «Б» әрпімен басталатын химиялық сөздерді атаңыздар (бейметалл, бейтараптану, бром, барий, бор,балқу,байланысу,берилий,белсендірілген көмір, болат, бертолле тұзы,) Ү кезең. «Капитандар сайысы» Қай команданың капитаны көрсетілген өзгерістерді тез жүзеге асырады. Тапсырма: N2 ---NO ----NO2 --- HNO 3 «Үй тапсырмасы» Капитандар жазған кезде топ мүшелерін зейін мен зерделіліктерін тексеру тапсырма берілді. Үй тапсырмасы сөзжұбақ құрастырып келу. Тапсырмаларыңызды келесі топтарға береміз. 2030- дың барысымыз, Болашаққа бастайды әр ісіміз, Егемен елімізді көркейтетін, Білім шыңына шығу – парызымыз, дей отырып, бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті.. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. | |
Просмотров: 914 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|