Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Оқушыға ғылыми жұмыс жетекшілігінің ерекшеліктері
Оқушыға ғылыми жұмыс жетекшілігінің ерекшеліктері

Салтанат Сейтжановна Досмагамбетова

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп интернатының химия пәнінің мұғалімі

Еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі экономиканың, оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнер-білімнің, т.б. салалардың өсіп- өркендеуіне жол ашты. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күні өзекті мәселесі. Қашанда болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер салу, дарындыларды тани білу қоғам дамуына, келешек өмірге дарынды балалардың қоғамға тигізер пайдасын білу қажетті.
Көптеген танымал ғалымдардың пікірінше дарынды балаларды тәрбиелеудегі таптырмайтын құралдардың бірі – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру. Бұл аталған шараны кешенді әрі жүйелі түрде орындағанда әр оқушының бойындағы дарындылық қабілеттерінің айқын көрінісін көруге және оны дағдылауға мүмкіндік туады. Шығармашылық қабілеттің оқушы бойында қалыптасуы оның сана-сезімін дамытады, толғандырады, шабыт береді.
Жалпы дарындылықты зерттеу - әлемдік деңгейде көптеген ғалымдардың күн тәртібінен түспеген мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың басында Г. Айзенк, М. Карне, Р.С. Немов, М.Б. Теплов сияқты белгілі психологтар бастаған зерттеулерді бүгінде Қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ү.Б. Жексенбаева, Ә.О. Алмабаев т.б. жалғастыруда. Психолог Ә. Алдамұратов «Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айырықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі», деген анықтама берген.
Қазақстанда дарынды балалардың қабілетін дамыту бағытында әр-түрлі сайыстар болады. Дарындылардың көбінесе байқаулардан, олимпиадалардан табылатыны көпшілікке белгілі және есімізде. Сайыстардың ішінде ерекшеленетін Республикалық ғылыми жобалар сайысы.
Ғылыми жоба жазу да бүгінгі таңда еліміздің болашаққа зор үміт артуынан туындайды. Қазір мектеп оқушыларына ғылыми жоба жазуға жетекшілік ету, кеңес беру жұмыстары қалай атқарылуда, тақырып таңдауда т.б. қандай қиындықтар туындауда деген мәселелерді талқылау міндет болды.
Жаратылыстану бағытына байланысты ғылыми жұмыстар жазуда мектеп оқушыларына көбінесе ауқымды тақырып, тәжірибе арқылы дәлелі жоқ берілгендіктен қиындықтарға кездесіп жатады. Күрделі тақырыпта жазылған ғылыми жұмыс оқушы үшін өте күрделі, докторлық диссертация тақырыбы сияқты. Оқушы мен жетекшісі ғылыми жоба жазар алдында тақырып таңдау жұмыстарын атқаруы тиіс. Бұрын зерттелеген, ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделенген тақырыпты алудың қанша қажеттігі бар.
Егер тақырыпты оқушы өзі таңдаса:онда тақырып өзіңе қызық болғаны абзал, тақырып алдағы уақыттағы оқуға немесе жұмыстарға тиімді, яғни "пайдалы" болғаны жөн, тақырып бұрынғы жазылған немесе оқыған тақырыптармен байланысты болғаны жұмысты жеңілдетеді, тақырыбың келісімді болу керек (жалғасы төменде).
Тақырыптың былай алғанда үш түрі болады:
- "ғылыми" тақырып, бұл - тек шынайы ғылыми зерттеу арқылы (мыс. эксперимент) ғана қозғалатын тақырып;
- "ғасыр" тақырыбы - мұндай тақырыптар қатарына философиялық сұрақтар немесе эволюция жөніндегі тақырыптар және бір белгілі теорияға құралған тақырыптар жатады;
- "сән" тақырып - аты айтып тұрғандай, бұл өзекті оқиғаға не жаңалыққа байланысты тақырып.
Әр тақырып түрінің жақсы не жаман жақтары бар. Мысалы, "сән" тақырып тек жаңа пайда болған нәрсе туралы болса, оның болашақта қалай дамитынын айту қиынға түседі, оны тек болжауға болады. Немесе өзекті мәселе жөнінде көптеген пікірлер айтылып, сол пікірлердің арасында жоғалып, тақырып ашылмай да қалады. Тақырып неғұрлым нақты болса, соғұрлым оңай жазылады.
Сондықтан оқушының жас ерекшелігіне сәйкес, оқушыны қызықтыратын тақырыптар алынуы тиіс. Өмірмен байланысқан, күнделікті тұрмыста нәтижесін қолданатын және шынайлыққа негізделген тәжірибе арқылы дәлелденген. Сондықтан химия пәнінен алынған тақырып «Тамақ өнімдерінің экспресс анализі» болып табылды.
Тақырыптың тым ауқымды болуы да жұмыстың мақсат-міндеттерін шешуде қиындық туғызады, ой шашыраңқылығына апарады. Әрине тамақ өнімдері көп болғандықтан, сауалнама арқылы көп үнататын тағамдарды аңықтап, оның ішінде көп таңдауға ие болған тұшпара, чипсы және шоколад алыңды. Мақсат – міндетіміз де:
1. Адамның күнделікті рационына енетін тамақтар: сүт, ет өнімдері, көкөністер, шұжық өнімдері, жасанды сусында және тағы басқалар қолданғанда денсаулыққа қатер келтірмеу;
2. Құрамында болатын зиянды заттарды танып білу, құрамын оқуды үйрену;
3. Экспресс – сараптамадан өткізудің қарапайым жолдарын анықтау;
4. Оларды оқушылар арасында насихаттау, қолдануды үйрету боп келеді.
Ғылыми жұмыстың міндеттерінің санына қарай тараулар саны дәл сондай болу керек екендігін ескерем, көп оқушылар өздеріне міндеттерін оншақты қылып, тараулар саны 3-4 болады. Бұл бір қателіктің бірі болып саналады.
Тақырып таңдалынды. Ендігі жұмыс ғылыми әдебиеттерді іріктеу, жоспар құру. Жоспар құруда да кемшіліктер кездеседі. Мысалы жоғарыдағы тақырыптардың бірін алатын болсақ, оқушылардың көпшілігі бірінші бөлімде химия секция болғандықтан химия ғылымының негізі туралы жазып, оған екі-үш бетті арнайды. Сондықтан бұрын зерттелеген, көпшілік қауымға жақсы таныс ғылыми заңдылықтарға ұзағынан тоқталу артықтық. Бірден алынған тақырыпқа байланысты ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, алынған мақсатты шешкен дұрыс. Сондықтан бірінші бөлімде «Сондай дәмді қауіпті тамақ. Қалай тамақтанамыз? Адам неге тамақтанады?» деп алынды.
Ғылыми жобаларда міндетті түрде ғылыми өзектілігі, ғылыми жаңалығы, ғылыми нысаны және мақсат-міндеттері белгіленуі тиіс. Ол алдымен оқушыға өзектілік дегенің не екенің түсіндіру керек. «Мұндай тақырып қарастырылды ма, химияда маңызы бар ма?» деген сұрақтарға жауап беріп алу керек. Мысалы: алынған тақырып өмірмен байланысқан, күнделікті өмірде қарапайым үйде қолданатын реактивтер арқылы тамақ өнімдерін сараптамадан өткізіп, бастапқы табиғи немесе жасаңды тағамдарды ажырату болды.
Ғылыми жобаларда көрнекіліктер пайдаланады. Көрнекліктерді таңдаған кезде де қателіктер кездесіп жатады. Көрнекілік - бұл жұмыстағы ең маңызды, мазмұнды мәселелерді көрсететін құрал. Көрнекілік тақырыптағы қандай да бір нақты ойды білдіру қажет. Ғылымилығы жұмыстың диаграмма, сауалнамалар арқылы, кестелер, дәлелдейтін фотосуреттер арқылы көзге көрінеді.
Жұмыстың соңында міндетті пайдаланған әдебиеттер тізімі болады. Пайдаланған әдебиеттер осы жұмысқа қатысты мәселелер бұған дейін де қарастырылғандығын көрсету мақсатын көздейді. Пайдаланған әдебиеттер тізімін рәсімдеген кезде де қателер кездеседі. Авторефераттардың, диссертациялардың атаулары, авторларын рәсімдеуде қиындықтар болады. Нақты беттер, сілтемелер көрсетілмейді. Мұндай қателіктерді әрдайым ескеріп, ғылыми жоба нәтижиелі болу үшін болдырмау қажет.
Кейде ғылыми жобаларда [46], [95] – деген әдебиет көрсеткіштері беріледі. Ал жұмыс соңында оқушы пайдаланған 10 ғылыми әдебиеттер ұсынылған. Демек, бұл көрсеткіш оқушының дайын дипломдық, магистрлік диссертациядан көшіргендігінен туған кемшілік. Ғылыми еңбектерде сілтеме жасаған өте орынды. Бірақ тұтас көшіріп алу бұл оқушыға қандай тәрбие береді. Ғылыми жоба бірнеше ғалымдар еңбегінің көшірмесі деген көзқарас қалыптасуы мүмкін деген сөз.
Қорытылай келсе,оқушыны қызықтыра отырып зерттеу жұмысын бірге талқылап, үнемі кеңес беру-ғылыми жобаның маңызын арттырады, демекпіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Козин Н. Товароведение пищевых жиров, молока и молочных продуктов. — М.: Экономика, 1968.
2. http://www.happydoctor.ru/obzor-pressy/aromatizatory Блог врача скорой помощи.
Категория: Химия | Добавил: bajanaul (2016-04-11) | Автор: Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна E
Просмотров: 1649 | Комментарии: 1 | Теги: ғылыми жұмыс ерекшеліктері | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 1:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru